Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шілде 2022

28 Шілде 2022

КЕН ОРНЫ ҚАНАТЫН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

Көкпекті ауылынан 25 шақырымда орналасқан «Толағай- Кен» ЖШС аудан бюджетіне қомақты салық төлеп отырған іргелі кәсіпорын. 2015 жылғы 2 наурыздан бастап бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру өнеркәсібін пайдалануға берілгенін біреу білсе, біреу білмес.

Ағымдағы жылдың 19 шілдесі күні аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев жұмыс сапарымен аталмыш кен орнының базасына барып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Аудан басшысы бастаған жұмыс тобы құрамында Көкпекті ауылдық округі әкімінің м.а Серік Байсеңгіров, қаржы бөлімінің басшысы Әзілхан Құспеков, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Макенов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев және БАҚ өкілдері болды.

Read more

26 Шілде 2022

ӨҢІРДЕ ШӨП ШАБУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

«Қыстың қамын жазда ойла» дегенді басты назарда ұстайтын көкпектілік шаруалар шөп шабу науқанын бастап та кетті. Осыған орай, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мерей Смағұловпен бірге шабындық басындағы шаруашылықты аралап қайттық.
Біздің сапарымыз Көкпекті ауылдық округіне қарасты «Қайрат» шаруа қожалығынан басталды. Отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған қожалық басшысы Жақсылық Букубаев 2014 жылы «Қайрат» шаруақожалығы болып құрылған. Бүгінде шаруашылықты кеңейтуді, мал басын арттыруды жоспарлаған шаруагер қыстың қамына кіріскен. Шапқан шөптерін жинап, қыстақ орындарына тасып алу қамында жүрген отбасылық кәсіп иелерінің ауызбіршілігі байқалады. Олай деуге шабындық басындағы әкелі-балалы адамдардың тынымсыз еңбегі дәлел. Таңмен таласа тұрып, ерте еңбекке араласқан олардың бірі тракторға жайғасып шөп шауып жүрсе, енді бірі шабылған шөптен орама дайындау үстінде. Қожалық жетекшісінің айтуынша қазір шабындық басында үш адам үш трактормен жұмыс жасауда. Дайын бауланған шөпті «КАМАЗ» техникасы тасып жатыр.

Read more

19 Шілде 2022

КОНСТРУКТИВНОЕ ОБСУЖДЕНИЕ СТРОИТЕЛЬСТВА ДОРОГИ КАЛБАТАУ- КОКПЕКТЫ

13 июля в Кокпектинский район с рабочим визитом прибыл вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Алмас Идрисов. Основная цель поездки – ознакомление с ходом строительства международной трассы Омск-Майкапшагай, а именно с проблемой участка Калбатау – Кокпекты.
Встреча прошла под председательством акима района Дильдабека Оразбаева с участием вице-министра, председателя правления АО «КазАвтоЖол» Мейрхата Касымбаева, заместителя председателя правления АО «КазАвтоЖол» Нуржана Жукабетова, генерального директора РМЦ «Национальный центр качества дорожных активов» Замира Сагинова, представителей подрядной организации.

Read more

18 Шілде 2022

ТАССАЙ ТҮЛЕКТЕРІ – ТУҒАН ЖЕР ТӨРІНДЕ

«Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын берік ұстанған Тассай ауылының азаматтары 25-27 маусым күндері туған ауылында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.
«Тассай түлектері – туған жер төрінде» атауымен өткен шаралардың мән-мағынасы да, мақсаты да осы бір ауыз даналық сөзге сыйып тұр. Ұлан-асыр тойға ұласқан, сәні мен салтанаты жарасқан шаралардың ұйымдастырушы – ауыл азаматтары. Бұл жерде ешкімде жеке дара бөліп, ерекше атау да артық болады. Себебі, бұл іске атсалыспаған бір де бір жан қалмады. Ауыл әкімі Ержан Мазыбаев бастап, жастар көшбасшысы Берік Байгереев қостап, ел ағасы Қатрен Байжүменов алдыңғы қатарда жүріп, ел болып еңсерген шаруа болды.
«Ауылым» деп алыс-жақыннан ағылған ағайынның қарасы да көп. Ел ордасы Астанадан, ару қала Алматыдан, Қарағанды мен Керекуден, Семей мен Өскеменнен асығып жеткен Тассай тумалары ауыл азаматтары ұйымдастырған тамаша тартуға куә болды, риза көңілмен тарқасты. Мерекелік шаралар бағдарламасында «Тассай барысы», футбол жарысы, гала концерт, ақындар айтысы бар.

Read more

ҚАЛБАТАУ-КӨКПЕКТІ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

13 шілде күні Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмас Ыдырысов келді. Негізгі себеп Омск-Майқапшағай халықаралық жолының құрылысы, нақты алғанда Қалбатау-Көкпекті аралығындағы жол мәселесі.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың мұрындық болуымен өткен кездесуге Вице-министрмен бірге «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейрхат Қасымбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жұқабетов, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК бас директоры Замир Сағынов, мердігер компания өкілдері қатысты.

Read more

12 Шілде 2022

«ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ПРОГРАММЫ ДОЛЖНЫ ЭФФЕКТИВНО ИСПОЛЬЗОВАТЬСЯ»

Глава района Дильдабек Тажибайулы начал рабочие поездки по сельским округам. 7 июля он посетил села Мелитополь, Шугылбай, Теректы.
Аким района встретился с местным населением, ознакомился с жизнью региона. Лично побывав там, пообщался с жителями, обратил внимание на уровень благосостояния граждан. В ходе визита глава района осмотрел школы и детские сады, учреждения здравоохранения и культуры, библиотеки каждого села в сельских округах.
В рамках встречи жители села Мелитополь задали интересующие их вопросы. На сегодняшний день в Мелитополе 78 жителей проживают в 22 дворах. По словам акима округа, они получают доход за счет личных подворий.

Read more

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгінгі таңда жер мәселесі – мемлекеттің, тұтас алғанда бүкіл қоғамның және жеке алғанда елдің әрбір азаматының мүдделерін қозғайтын ең өзекті және күрделі мәселенің бірі болып отыр.
Тассай ауылында аудан әкімінің тұрғындармен өткен есептік кездесуінде көтерілген мәселе бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ауылдық әкімшілікте өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, жер бөлімінің басшысы Қуат Алькенов және арызданушылар шақырылды. Жер мәселесі бойынша өтініш берген екі жақтың да азаматы қатысты. Сала мамандары өтініш иелері Заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмысын жүргізіп, жауаптарын берді. азаматтардың сұрақтары қанағаттандырылды.

Ауылдық округ ақпараты

Read more

КІТАПХАНА – ҚОҒАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІСІ

Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы оқырманның сұраған кітабын тауып беруші ғана емес, көптеген маңызды жұмыстардың көшбасшысына айналды. Бүгінгі заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жеткізуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы, түрлі ісшаралар мен әдеби кештерді ұйымдастырушы, Қазақстанда ресми түрде бекітілген атаулы күндер мен белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерей тойларына арналып тақырыптық көрмелер ұйымдастырушы, әр оқырманның талап-тілегіне сай бағыт-бағдар беруші, кітап пен кітапхананы, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы да кітапханашылар.

Read more

«МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУ КЕРЕК»

Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлын ауылдағы І.Жансүгіров атындағы орта мектепке жиналған Шұғылбай жұртшылығы қарсы алды. Ауылдағы бой көтеріп жатқан клуб үйі әрі қатымхананың құрылыс барысымен танысты. Білім ордасында өткен кездесуде ауылдың үлкендері, шаруа қожалық иелері, тұрғындардың ой-пікірлерін де тыңдады. Тұрғындар бірқатар қордаланған мәселелерді көтерді. Соның бірін ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмір Рақымжанов ата қойды.
-Ауылымыз берекелі, тұрмысымыз жақсы тек осы ордалы білім ошағы мектебіміздің шатырын ауыстыруды шешіп берсеңіз - деп өтінішін білдірді. Ауылға таза ауыз су тарту күн тәртібінен түспейтін мәселелер қатарында. Округ әкімінің мәлімдеуінше 2019 жылы 485 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттамасы жасалған. Сараптамадан өткен. Өкінішке орай конкурсқа берілмеген. Осы мәселе бойынша аудан басшысы орынбасары Жаслан Майкеневке тиісті орындарға хабарласып, биылдан қалтырмай ауыз су мәселесін шешуді тапсырды. Кездесу барысында тұрғындар интернет мәселесін де қозғады. Сондай-ақ мектептің қысқы уақыттағы жай-күйі, жылу беру жүйесі де айтылды. 1991 жылы салынып, пайдануға берілген ғимараттың жылыту жүйесі де уақыт өте келе ескірген, қыста ғимаратта суық. Биылғы жылы ғимараттың жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражат қарастырылған. Ол жұмыстар тамыз айында жүргізілетін болады. Ауылдағы әйелдер кеңесінің төрайымы, зейнеткер мұғалім Гүлнар Құнязова көптің көмегімен салынып жатқан қатымхана еденіне төсейтін кафельге аудандық бюджеттен қаржылай көмек көрсетуді сұрады. Сондай-ақ аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, жаңадан кәсіп көзін ашу бойынша ауыл шаруашылығына несие алудың жай жапсарын түсіндіретін мамандардың келетінін жеткізді. Жаңадан сайланған аудан әкімінің қызметіне ауыл ақсақалы Өмір ата сәттілік тілеп, батасын берді.

Read more

ШАҒЫН АУЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЗӘРУ

Аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы ауылдық округтерге жұмыс сапарын бастады. 7 шілде күнгі алғашқы жұмыс сапарында Мелитополь, Шұғылбай, Теректі ауылдарына барды. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ауыл халқымен кездесіп, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш ауылдарды аралап, тұрғындармен тілдесіп, халықтың жай-күйіне көңіл аударды. Сапар барысында аудан басшысы ауылдық округтердегі әрбір ауылдың мектептері мен балабақшаларын, денсаулық сақтау орындарын, мәдени ошақтарын, кітапханаларын аралап, тұрғындармен пікірлесті. Кездесу барысында Мелитополь ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Бүгінде Мелитополь ауылында 78 тұрғын, түтінін түтетіп отырған 22 аула бар. Округ әкімінің айтуынша ауыл тұрғындары қолында бар төрт түлік малдарын кәдеге жаратып, алақандай аулаларынан табыс тауып отыр.
Шағын ауылдың шешілмей келе жатқан мәселесі медициналық пункттің болмауы және медициналық қызметкердің жоқтығы. Алақандай ауылдың алатау-дай азаматы Жәлел Байназаровтай ағамыз өз қаражатына ауылдастарына медпунктің ғимаратын сатып алып берген. Болашақта ғимараттың жөндеу жұмыстарына да демеушілік көрсетінін айтты. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев медициналық қызметке зәру шағын ауылдың тұрғындарына қажетті штат бірлігін қарастырып, шешуді орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Әсем Рахимбаеваға жүктеді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз