Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Қыстың қамын жазда ойла» дегенді басты назарда ұстайтын көкпектілік шаруалар шөп шабу науқанын бастап та кетті. Осыған орай, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мерей Смағұловпен бірге шабындық басындағы шаруашылықты аралап қайттық.
Біздің сапарымыз Көкпекті ауылдық округіне қарасты «Қайрат» шаруа қожалығынан басталды. Отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған қожалық басшысы Жақсылық Букубаев 2014 жылы «Қайрат» шаруақожалығы болып құрылған. Бүгінде шаруашылықты кеңейтуді, мал басын арттыруды жоспарлаған шаруагер қыстың қамына кіріскен. Шапқан шөптерін жинап, қыстақ орындарына тасып алу қамында жүрген отбасылық кәсіп иелерінің ауызбіршілігі байқалады. Олай деуге шабындық басындағы әкелі-балалы адамдардың тынымсыз еңбегі дәлел. Таңмен таласа тұрып, ерте еңбекке араласқан олардың бірі тракторға жайғасып шөп шауып жүрсе, енді бірі шабылған шөптен орама дайындау үстінде. Қожалық жетекшісінің айтуынша қазір шабындық басында үш адам үш трактормен жұмыс жасауда. Дайын бауланған шөпті «КАМАЗ» техникасы тасып жатыр.


- Шілденің 19 күні шабындыққа шалғы түсірдік. Былтырғы жылы осы 30 га шабындық жерден 45 дана бауланған шөп алдық. Биыл бұйырса мөлшермен 100 орамдай алуды жоспарлап отырмыз. Бір буылған шөпте орташа шамамен 250-280 келідей шөп болады. Қазір қожалыққа қарасты «9 км» жерін шабудамыз. Шөптің түсімі былтырғы жылмен салыстырғанда жаман емес. Бұл шабындықты ауа-райы қолайлы болса, 3-4 күн аралығында аяқтап, шабындық көлемі 100 га болатын «Арал төбе» деп аталатын шабындыққа шығамыз. – деді шаруа қожалығының болашақ иесі Қайрат Букубаев. Шабындық жерлерінен мол өнім алуды көздеген бұл қожалық өздерінен артылған шөпті сатылымға шығаруды да жоспарлап отыр.
Жол үстіндегі әңгімесінде бөлім басшысы Мерей Нығметжанұлы қыстамаға дайындық барысын баяндап берді.
- Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ауыл шаруашылығы малдарын толыққанды азықпен қамтамасыз ету және мал қыстауын ойдағыдай өткізу үшін 56 113 бас ІҚМ, 48232 бас ҰММ, 18379 бас жылқы мал басына келесідей көлемде жем-шөп дайындау қажет:
- шөп - 110 мың тонна;
- пішендеме (сенаж) - 7 мың тонна;
- сүрлем (силос) - 22 мың тонна;
- құнарлы жем (конц. корма) - 4 мың тонна;
- сабан - 6 мың тонна.
Мал азығын дайындауды қамтамасыз ету үшін ауданда 9 мал азығын жинайтын комбайн және өздігінен жүретін шөп шабатын машина, 426 тіркемелі шөп шабатын машина мен 78 прессподборщик бар. Аудандағы техника паркі қажетті азық мөлшерін дайындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте шабындық маусымының ұзақтығы жылына 2,5-3 айды, ал, мал қыстау кезеңі ауылдық округтардың географиялық орналасуына байланысты 5-7 айды құрайды.
Аудан бойынша ағымдағы жылғы 20 шілдеге 22,0 мың тонна шөп (20%) дайындалды. Қатты жемшөптерді дайындау 15 қыркүйектен кешіктірмей, ал сүрлем мен жемшөп салуды 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ауылдық округтерге алдағы 2022-2023 жылдардағы қыстауға (резервтің 5%-ын ескере отырып) 60,6 мың шартты қыстайтын мал басы үшін 110,0 мың тонна шөп дайындау қажет.
Шөптің негізгі көлемі табиғи шабындықтар мен жайылымдарда дайындалады. Ауданда 37,3 мың га бекітілген шабындық алқаптарда, 6 мың га шабылатын жайылымдарда, және 4,7 мың га біржылдық және көпжылдық егілген алқаптарда жиналады.
Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, 2022-2023 жылғы қыстау кезеңінде мал басы жеткілікті мөлшерде азықпен қамтамасыз етіледі деп айтуға болады. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бақылауда болады, - деді бөлімі басшысы.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз