Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы ауылдық округтерге жұмыс сапарын бастады. 7 шілде күнгі алғашқы жұмыс сапарында Мелитополь, Шұғылбай, Теректі ауылдарына барды. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ауыл халқымен кездесіп, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш ауылдарды аралап, тұрғындармен тілдесіп, халықтың жай-күйіне көңіл аударды. Сапар барысында аудан басшысы ауылдық округтердегі әрбір ауылдың мектептері мен балабақшаларын, денсаулық сақтау орындарын, мәдени ошақтарын, кітапханаларын аралап, тұрғындармен пікірлесті. Кездесу барысында Мелитополь ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Бүгінде Мелитополь ауылында 78 тұрғын, түтінін түтетіп отырған 22 аула бар. Округ әкімінің айтуынша ауыл тұрғындары қолында бар төрт түлік малдарын кәдеге жаратып, алақандай аулаларынан табыс тауып отыр.
Шағын ауылдың шешілмей келе жатқан мәселесі медициналық пункттің болмауы және медициналық қызметкердің жоқтығы. Алақандай ауылдың алатау-дай азаматы Жәлел Байназаровтай ағамыз өз қаражатына ауылдастарына медпунктің ғимаратын сатып алып берген. Болашақта ғимараттың жөндеу жұмыстарына да демеушілік көрсетінін айтты. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев медициналық қызметке зәру шағын ауылдың тұрғындарына қажетті штат бірлігін қарастырып, шешуді орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Әсем Рахимбаеваға жүктеді.


Ауыл тұрғыны Әсем Вагнер көктем уақытында өзен суының көтерілуіне байланысты мектепке балаларды тасымалдауда көрші ауылмен қатынас қиын екендігін тілге тиек етті. Сол кезде қайықпен қатынайтынын жеткізе келе, аудан басшысынан жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу мәселесін шешіп беруді сұрады. Бұл сұрақ сол жерде қарастырылып, оңтайлы шешілетін болды.
Ауыл тұрғындарының тағы бір сұрағы бастауыш сыныптық мектеп ашу. Мелитопольдықтардың өтінішіне аудан басшысы бала санының аздығына байланысты мектеп ашу мүмкін еместігін түсіндіріп өтті.
Аудан басшысы Шұғылбай округіндегі іргелі шаруашылықтың бірі «Қажы-мұқанның» егістік алқабына ат басын бұрды. Шаруашылықтың бүгінде тасы өрге домалап тұр. Шаруасын жүргізіп, ауылдастарын жұмыспен қамтып отырған Жәлел Байназаровтың қожалығы 2001 жылы құрылған.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз