Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

10 Наурыз 2020

АБАЙ ТОЙЫ – АДАМЗАТ ТОЙЫ

Қазақтың кемеңгер классик ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толған дүбiрлi тойына әзiрлiк басталғалы да бiраз уақыт болды. Ұлы Абайдың әлемдік деңгейде атап өтілген 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Көкпекті ауылындағы «Көкпекті-Толағайы» балабақашасында көптеген іс-шаралар өтті.
Балабақша меңгерушісі Ж.Тойымбаева және әдіскер М.Кәрімованың бекітілген жоспарына сәйкес Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында бірқатар ертеңгіліктер өтті.
Апталықтың алғашқы күні «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Әсел Сарманова «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты танымдылық кеш өткізді. Кеш барысында Әсел Тоқтаубекқызы хакім Абайдың өмірі, жайлы түсінік беріп, бейнебаян арқылы ақын шығармаларына шолу жасады.

Read more

ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ (Мерекелік кеш)

Ақпан айының 26 жұлдызында берекелі Биғаш ауылының тұрғындары Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған аудандық көркемөнерпаздар байқауына арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекелік кеш хәкім Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін СымбатӘлімбаеваның жатқа айтып беруімен бас-талды. Келесі кезекте, «Үш бәйтерек – үш алып» қазақ зиялыларына арналған өлеңдерді мәнерлеп айту өнеріне куә болдық. Халықты ерекше бір рахатқа бөлеген әдеби музыкалық композиция ауыл көркемөнерпаздарының Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындауы болды.

Read more

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ

Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген жоқ. Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, 6 қаңтар мен 29 ақпан аралығында ҚХР-мен мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері арқылы Қазақстанға 32 456 адам келген. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшиннің 25.02.2020 жылғы №9 қаулысы негізінде Көкпекті ауданының ОАА 3 санатқа бөлінген келушілердің денсаулығына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Карантиндегі адамдар Көкпекті ауданының тұрғындары арасында жоқ. Күн сайын Көкпекті ауданына Ресей Федерациясынан, Таиландтан келген азаматтардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 3 наурызындағы жағдай бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында 12 адам тұр. Барлық келгендердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, коронавирустық инфекция белгілері жоқ.

Read more

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Самар ауылдық округінде өткен Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында аудан әкімі А.С.Смаиловтың және Көкпекті ауданының құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен абаттандыру, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, үй жануарларын, иттерді, мысықтарды ұстау және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.

Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Е.К.Дюсупов толық баяндап шықты.
- Соңғы жылдары біз елді мекендерді, көшелерді, аулаларды абаттандыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізудеміз. Кез келген бастаған істе тәртіп ережелерін сақтау керек, сол бойынша абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Ауылдық жерлерде иттерді ұстау ісінде тәртіп орнату қажет, - деп атап өтті Ержан Қабдуғалиұлы. Одан әрі ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік-құқықтық бұзушылықтар туралы Кодексінің кейбір баптарымен таныстырды. Кодекстің негізгі міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қорғау болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін осы Кодекс әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалардың түрлерін және әкімшілік-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын белгілейді. Осы құқықтық актіде мал жаю, егістікті тартып алу, егістікті бұзғаны, белгіленбеген орындарда сауда жасау, түнгі уақытта жасөспірімдердің болуы, т. б. тіркеусіз тұру ережелері орын алған.

Read more

ӨЗЕКТІ САУАЛҒА - САЛМАҚТЫ ЖАУАП

Ағымдағы жылдың 2-3 наурыз күндері аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдарында кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауда аудан тұрғындары өз өтініштерімен келіп тиісті жауаптарын алды. 

2 наурыз күні Көкпекті ауылында өткен қабылдауға барлығы 4 адам жазылып, 2 адам қабылдауға кірді. Алғашқы болып, Қ.Аухадиев ауылдық округінен келген Ғалия Хайбулина немерсіне ота жасау үшін материалдық көмек сұрап келіпті. Көз жасына ерік берген азаматшаның өтінішіне аудан басшысы Заң аясында қарастырылатынын айтып өтті. Ал үлкенбөкендік Г.Кожаеваның өтініші атаулы әлеуметтік көмек алу төңірегінде болды. Ол құжаттарын рәсімдеу кезінде кеткен қателіктердің кесірінен осы уақытқа дейін тиісті жәрдемақыны ала алмай келеді. Бұл мәселені дер кезінде шешу үшін бөлім басшысы Нұрбек Сүлейменовке бірқатар тапсырма берілді.

Read more

МЕРДІГЕР МІНДЕТІН АТҚАРМАЙ ОТЫР

«Өскемен – Самар» маршруттық автобус қатынасы неге тоқтап тұр? Жолаушылар тасымалдау маршруты қашан іске қосылады? Осы және басқа да маңызды сұрақтар аудандық әкімшілікте өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Аудан әкімі Асхат Смаилов төрағалық еткен кеңестің күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауапты қызмет басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы бөлім басшысы Қайрат Жылқышев ақпарат берді. Баяндамашының сөзіне сүйенсек «Өскемен – Самар» маршруты рентабелді болмаған соң қызметін тоқтатқан екен. Бөлім басшысының бұл уәжін аудан әкімі қатаң сынға алды. – Көлік іздеген халық неге жолда тұр? Біз кім үшін жұмыс істейміз? Сендер болса рентабелді емес дейсіңдер. Сылтау іздегенді қою керек. Халық сұрап отырса тасымалдаушы мойнына алған міндеттемесін толық атқарсын, - деп қатаң талап қойды.

Read more

ЖАЛАУЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖАУЫНГЕРІ

Біз жеңімпаз елдің ұрпақтарымыз. Аталарымыз әлемді фашизмнен құтқарып, Германияның астанасы Берлинде күл-талқан еткен ерлердің мұрагер балаларымыз. Отанымызда Ұлы Жеңіс мерекесі 1965 жылдан бері дәстүрлі түрде аталып келеді. Біз Жеңістің сарбазынан сардарына дейін құрметтейміз. Өйткені бүгінгі Қазақстан халқы бейбітшілікті сүйетін, ынтымақты аялайтын, бірлікті қастерлейтін ел. 

Көкпекті елінің айбынындай Толағай тауы кешегі соғысқа кеткен сарбазды да көрген, қан майданнан жеңіспен қайтқан жаралы солдаттың маңдайын ерке самалымен сипаған – әкедей қамқор, паналы мекен. Міне осы құтты мекенде 95 жасқа толып жатқан Жеңіс сарбазы тұрады. Ол - Елеусіз Нұрмұханбетұлы Кинбаев.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз