Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біз жеңімпаз елдің ұрпақтарымыз. Аталарымыз әлемді фашизмнен құтқарып, Германияның астанасы Берлинде күл-талқан еткен ерлердің мұрагер балаларымыз. Отанымызда Ұлы Жеңіс мерекесі 1965 жылдан бері дәстүрлі түрде аталып келеді. Біз Жеңістің сарбазынан сардарына дейін құрметтейміз. Өйткені бүгінгі Қазақстан халқы бейбітшілікті сүйетін, ынтымақты аялайтын, бірлікті қастерлейтін ел. 

Көкпекті елінің айбынындай Толағай тауы кешегі соғысқа кеткен сарбазды да көрген, қан майданнан жеңіспен қайтқан жаралы солдаттың маңдайын ерке самалымен сипаған – әкедей қамқор, паналы мекен. Міне осы құтты мекенде 95 жасқа толып жатқан Жеңіс сарбазы тұрады. Ол - Елеусіз Нұрмұханбетұлы Кинбаев.


Қар жамылған кең дала алып Толағай тауынан айдыны байтақ Бейне теңізге құлайды. Құлазыған қу медиен емес, қойнауы малға, танабы егіске толған жазира жерұйық. 1943 жылы қасапшы Нұрмұханбет ата мен үй шаруасындағы Кәжен апаның отбасынан Көкпекті әскери комиссариа-ты арқылы майданға алынған 18 жасар балаң жігіт Красноярск өлкесінде әскери дайындықтан өтіп, соғыс өнеріне машықтанады. 1938 жылы пайдалануға берілген 122 мм гаубицаның оқтаушысы болады. Әскери ұрыстардың тыныстаған кезінде девизион командирінің ординареці болады. Ординарец басты міндеті ұрыс кезінде командирдің өмірін аман-сақтау. Онан кейін мінетін атын күтіп-баптау екен.
Жауынгер атамыз қатысқан Кеңес-Жапон соғысы — 1945 жылы 9-19 тамыз аралығында Кеңес Одағы мен Моңғолия Қарулы Күштерінің Жапонияға қарсы жүргізген соғыс қимылдары. Қиыр Шығыстағы өз ықпалын күшейту үшін Кеңес үкіметі 1945 жылы 8 тамызда Жапонияға соғыс жариялады. Бұған дейінгі үш айлық тыныс алу кезінде Батыстан Қиыр Шығысқа кеңес әскерлерінің едәуір бөлігі келіп үлгерген болатын. 9 тамызға қараған түні кеңес әскерлері 4 мың шақырымдық майданда шабуылға шықты. Соғысқа Моңғолия әскерлері де араласты. КСРО-ның соғысқа кірісуінен үш күн бұрын 1945 жылы 6 тамызда АҚШ ұшақтары Жапонияның 2 қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 14 тамыз күні Жапония әскері жеңіліс тауып, самурайлар қолдаларын көтеріп Подстам декларациясын қабылдайтынын ресми түрде мәлімдеді. 19 тамызда құрлықтағы жапондық Квантун армиясы толық талқандалды. 1945 жылы 2 қыркүйекте америкалық Миссури линкорында Жапония өзінің толық жеңілгендігі туралы актіге қол қойды.
Атамыз осы соғыста зеңбірекпен снаряд атып, жапон самурайларын қайтып бас көтерместей етіп жеңіп шыққан әскермен бірге ел күзетінде 1946 жылы туған ауылына оралады. Бейбіт еңбекке араласып, мал бағады, механизатор, шопыр болады. Сынтас ауылындағы алтын қазатын кеншілер ауылына барып жүріп, волокушпен шөп жинап жүрген Сара деген бойжеткенмен танысып, үйленеді. Бүгінде 8 баласының алтауы аман-есен ел қатарлы тұрмыс кешуде. Олардан көрген немере-шөберелер аталарын аялап отыр.
«Алтай, Алмабел, қалды-ау, қайран ел. Қалба туған жер», -деп әндеткен ХХ ғасырдың сарбазы 95 жасында сол әуеніне басады. Себебі ән бейбіт күнді аңсау, ән серпілген көңілдің ажары. Ән қан майдан соғыс сүрені емес, бүгінгі бірлікті елдің берекесінің нышаны. Кеше жердің жүзін зеңбірекпен сілкінткен атамыз, бүгінде Толағай төсін әнге бөлеп қазақша сайрап, татарша жырлап, орысша «Катюшасын» асқататады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз