Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 Қазан 2019

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ ЕТЕЙІК

Ағымдағы жылдың, 23 қазан күні Көкпекті ауылындағы «Шуақты Шұғыла» балабақшасында «Абайға тағзым етейік» атты аудандық тәрбиешілер арасында сайыс өтті. Сайысқа аудандағы балабақша тәрбиешілері қатысып бақтарын сынады.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың 175 жыл мерейтойының қарсаңында Абайдың қазақ қоғамында алатын орнын ұғындыру, ақын шығармаларына сүйіс-пеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы елді рухани бірлікке шақыру. Ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір бойына жинақтаған бабамыз Абай Құнанбайұлына арналған сайыс бес бөлімнен тұрды. Атап айтсақ, I бөлім: Өзін өзі таныстыру: «Мен тәрбиешімін», II бөлім «Абай дана, Абай дара қазақта»тақырыбына эссе жазу, III бөлім: «Абайы бар елдің мерейі үстем»: Абайдың өмірі мен шығармашылығына,ескерткіштері мен мұражайына байланысты сұрақтарға жауап беру, IV бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»: ақындардың Абайға арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқу, V бөлім: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп аталды.
Сайысқа әділ бағасын беріп, қатысушы-лардың білімі мен өнерін сынайтын қазылар алқасының құрамында: Көкпекті аудандық тілдер бөлімінің маманы Жанар Сыздықова және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлшат Нұрғазқызы болды.

Read more

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

17 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешу бойынша облыстық семинар өтті. Іс-шараны ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Көкпекті ауданының әкімдігі ұйымдастырды. Қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов кіріспе сөз сөйледі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Динара Жұманова МӘМ-нің дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы бюджеттің IV деңгейін енгізуді ескере отырып, Қазынашылық жүйесіндегі жұмыс пен проблемалар болды. Бұл туралы ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің мемлекеттік бюджетті атқару басқармасының басшысы Айжан Мажирова баяндады. Бюджеттің IV деңгейін енгізу жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуге, тиісті бюджеттердің жобаларын талқылауға тұрғындарды тартуға, жергілікті проблемаларды шешу процесіне белсенді қатысуға бағытталған.

Read more

КӨКПЕКТІДЕ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Көкпекті ауылында жаңа нысан елдің игілігіне берілді. Аудан орталығының Заречка аумағында орналасқан жаңа саябақ ауыл ажарын аша түсті. «ШҚО облысы бойынша 100 елді мекенді және аудан орталықтарын абаттандыру» бағдарламасының аясында жүзеге асқан нысанның салтанатты ашылу рәсімі жасалды. «Балерке» балабақшасының қасында ұзақ жыл қалың ағаш бей-берекет өсіп, көзе қораш көрініп тұрған үлкен аумақ, міне аз ғана уақыт ішінде адам танымастай жаңаша кейіпке енді. Жаяу жолдар төселіп, аумағы толық абаттандырылды. Бірнеше заманауи балалар ойын алаңдары, спорттық құрылғылар бой көтерді. Дәл ортада субұрқақ атқылайды. Сәні мен сәулеті келіскен нысан енді көкпектіліктер мен қонақтардың серуендейтін сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Жоспар бойынша болашақта бұл нысан әлемнің түрлі ағаштары жайқалып өсетін дендросаябаққа айналмақ.

Көкпекті ауданында әлеуметтік нысандар қатары артып, жоспарланған жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Заречка аумағында жаңа саябақ, көкпектіліктер үшін осы қысқа мерзімде жасалған үшінші демалыс орны болып табылады. Әдетте мұншама көп халық аудан орталығына үлкен мерекелерде ғана жиылатын. Демек, жаңа саябақтың ашылуы тұрғындар үшін ерекше оқиға болды деуге болады. Сиымдылық аясы кең, көркі көз тартатын сейіл-серуен зонасы Көкпекті ауылының Садовая көшесі бойынан орын тепкен.
Бұл жұмыстардың барлығына шамамен 58,0 млн. теңге қаржы жұмсалған екен. Демалыс орынының салтанатты ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы:
- Осыдан бірнеше жыл бұрын мұнда тек орман болса, қазір аталған жер демалыс орнына айналып отыр. Осы саябақтың ашылуын, әсіресе, балғындар асыға күткен сияқты. Себебі, демалыс аумағында спорттық және балаларға арналған алаңдар бар. Саябақты өз үйлеріңіздей көріп, тазалығын, тәртібін бір кісідей сақтасақ, оның болашағы зор болмақ. Алда көптеген жұмыстар жоспарлануда, оның бәрі жүйелі түрде уақытында орындалады. Барлық аудан тұрғындарын бүгінгі жаңа саябағымыздың ашылу салтанытымен құттықтаймын, - дей келе ел игілігі жолында атқарылар жұмыстардың толастамайтынын тілге тиек етті.

Read more

ЭТО ВАМ НЕ ШУТКИ!

КВН – не просто игра, это соревнование в остроумии. Зрителю может показаться, что шутить проще простого. Просто шутить – да, но шутить остроумно – дело нелегкое. Ведь придумать хорошую шутку неимоверно сложно. А сценарий КВН должен представлять сплошной «репризный ряд». И ситуация становится вдвойне серьезней, когда в остротах нужно соревноваться с командами-соперниками.

В октябре текущего года состоялся фестиваль «Маусымашар – 2019», организованный Союзом КВН Казахстана, филиалом КВН города Семей, а также Семейской школьной лигой. В финальной игре, где участвовали 16 команд, молодая команда «Питекантроп» из села Кокпекты завоевала титул «Маусым жаңалығы».
Руководители команды Алижан Артыкбаев и Максат Токсанов выражают искреннюю благодарность Ирине Абибуллаевой, Розе Ташубаевой, Таланту Бакытбекулы, Амангелды Салдыргазину и Дархану Дюсембаеву за их поддержку и финансовую помощь.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз