Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың, 23 қазан күні Көкпекті ауылындағы «Шуақты Шұғыла» балабақшасында «Абайға тағзым етейік» атты аудандық тәрбиешілер арасында сайыс өтті. Сайысқа аудандағы балабақша тәрбиешілері қатысып бақтарын сынады.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың 175 жыл мерейтойының қарсаңында Абайдың қазақ қоғамында алатын орнын ұғындыру, ақын шығармаларына сүйіс-пеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы елді рухани бірлікке шақыру. Ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір бойына жинақтаған бабамыз Абай Құнанбайұлына арналған сайыс бес бөлімнен тұрды. Атап айтсақ, I бөлім: Өзін өзі таныстыру: «Мен тәрбиешімін», II бөлім «Абай дана, Абай дара қазақта»тақырыбына эссе жазу, III бөлім: «Абайы бар елдің мерейі үстем»: Абайдың өмірі мен шығармашылығына,ескерткіштері мен мұражайына байланысты сұрақтарға жауап беру, IV бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»: ақындардың Абайға арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқу, V бөлім: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп аталды.
Сайысқа әділ бағасын беріп, қатысушы-лардың білімі мен өнерін сынайтын қазылар алқасының құрамында: Көкпекті аудандық тілдер бөлімінің маманы Жанар Сыздықова және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлшат Нұрғазқызы болды.


Шараның ашылу салтанатында сөз алған білім беру бөлімінің әдіскері Гүлшат Нұрғазықызы өзінің құттықтау тілегін білдіріп, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Сайыскерлер әр бөлім бойынша өз өнерлерін, білімдерін көрсетіп сайыс мәресіне жетіп жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлдені «Дәншік» балабақшасының тәрбиешісі Лаура Кезенбаева, І орын «Шуақты Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Гүлжанат Қалиева, ІІ орын «Еркенұр» жеке меншік балабақшасының тәрбиешісі Мадина Жұматаева, ІІІ орын «Өрнек» жеке меншік балабақшасының тәрбиешісі Асем Тұрабаева ие болды. Ал қалған қатысушылар «Көкпекті Толағайы» балабақшасының тәрбиешісі Әсел Сарманова, «Балерке» балабақшасының тәрбиешісі Назым Көпесова, «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасының тәрбиешісі Айнұр Сүлейменова, Аққала мектеп-балабақшасының тәрбиешісі Назира Абдрахманова, Абай атындағы мектеп-балабақшасының тәрбиешісі Анар Нукубаеваға алғыс хат табысталды. Сайысты қорытындылаған «Шуақты Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Жұмашева:
- Атадан қалған асыл сөздер - біздің өмір серігіміз,ақыл кеңесшіміз.Ол сөздер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Ал енді атадан қалған асыл сөздерді ұғыну үшін не істеуіміз керек? Ол үшін Абай атамыздың өсиетті сөздерін есімізге сақтайық. Иә, Абайдай данагөй ғажайып тұлғаны қадірлей алмасақ, бұл - елдігімізге сын. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем, - дей келе сайысқа қатысқан тәрбиешілерге ризашылығын білдірді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз