Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 Қазан 2019

АУЫЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ИГІ ДӘСТҮРІ

Адам өмірінде мұғалімнің орны ерекше, олар есейіп кетсе алғашқы ұстаздарын әрдайым естеріне алып пір тұтады. Оларға ұстаз есімі күн іспеттес үнемі жарқырап тұрады.
Самар ауылдық округінің меценаттары өз міндеттері мен мақсаттарын жеке тұлға ретінде құруда, адамды адам етіп тәрбиелеуде, баға жетпес еңбегі үшін ұстаздарға алғыс айтуды өздерінің парызы деп санайды. Сол себепті олар бесінші жыл қатарынан Самар ауылдық округінде еңбек еткен ардагер ұстаздары үшін дәстүрлі демалыс кешін өткізеді.
Мерекеге сай безендірілген «Нұрлан» дәмханасының жарық әрі кең залында ең ізгілікті мамандық өкілдері жиналды. Бұл таңқаларлық кездесу Самар ауылы мектебінің бастауында тұрған, тағдыры оның тарихымен тығыз байланысты, аты алтын әріптермен тек аудан ғана емес, бүкіл елдің тарихына жазылған адамдарды жинады. Нағыз пікірлестер және нағыз жастар командасы!
Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин, ұстаздың қиын еңбегі туралы айта келіп, жылы лебізін білдірді.

Read more

ДӘРЕЖЕСІ БИІК, ҰЛАҒАТТЫ МЕРЕКЕ

«Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын - мұғалімдікі», - деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгінде елімізде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін, беделін көтеру, оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында толымды да жүйелі істер жүзеге асып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Жыл сайын сары жапырақ - алтын күзде келетін Мұғалімдер күні барша педагогтардың айтулы төл мерекесі. Бұл күн ұстаз атаулы үшін тынымсыз еңбек пен қайнар білімнің бастауына бағыт сілтер мерейлі шақтың алтын қақпасындай әсер қалдыратыны сөзсіз.
Шат-шадыман көңіл күймен аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде ұстаздарды ұлықтауға арналып ұйымдастырылған салтанатты кешке ауданның көптеген ұстаздары жиналды.
Сондай-ақ, салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев, аудандық маслихат хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов, аудандағы барлық орта білім беру ордалары мен балабақшаларының басшылары мен мұғалімдері, бірқатар бөлім, мекеме басшылары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз