Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адам өмірінде мұғалімнің орны ерекше, олар есейіп кетсе алғашқы ұстаздарын әрдайым естеріне алып пір тұтады. Оларға ұстаз есімі күн іспеттес үнемі жарқырап тұрады.
Самар ауылдық округінің меценаттары өз міндеттері мен мақсаттарын жеке тұлға ретінде құруда, адамды адам етіп тәрбиелеуде, баға жетпес еңбегі үшін ұстаздарға алғыс айтуды өздерінің парызы деп санайды. Сол себепті олар бесінші жыл қатарынан Самар ауылдық округінде еңбек еткен ардагер ұстаздары үшін дәстүрлі демалыс кешін өткізеді.
Мерекеге сай безендірілген «Нұрлан» дәмханасының жарық әрі кең залында ең ізгілікті мамандық өкілдері жиналды. Бұл таңқаларлық кездесу Самар ауылы мектебінің бастауында тұрған, тағдыры оның тарихымен тығыз байланысты, аты алтын әріптермен тек аудан ғана емес, бүкіл елдің тарихына жазылған адамдарды жинады. Нағыз пікірлестер және нағыз жастар командасы!
Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин, ұстаздың қиын еңбегі туралы айта келіп, жылы лебізін білдірді.


- Құрметті педагогикалық еңбек ардагерлері, аудан әкімінің атынан және жеке өз атымнан Мұғалімдер Күнімен, қарттар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздердің еңбектеріңіз, білімдеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Шәкірттеріңіз ақ дастарханға жинауы олардың сіздерге деген құрметтерін көрсету болып табылады. Мұндай сәтті көріп тұрғаныма өте ризамын. Самар ауылдық округінің меценаттарына аудан әкімінің және Көкпекті ауданы әкімі аппаратының атынан осы дәстүрлі іс-шара үшін және жылдан жылға жалғасын табуы үшін үлкен рахмет. Бар жақсылықты тілеймін!
Одан әрі марапаттау рәсімі өтті. Дәурен Бақытжанұлы аудан әкімінің Алғыс хаттарын ардагерлер - А.С.Мұстафина, С.М.Калихина, Л.Т.Бритоусова, В.Г.Коркишко, К.Н.Есеновқа табыс етті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатын «Дәншік» балабақшасының меңгерушісі Г.К.Шаймардановаға, Білім және ғылым министрінің атынан берілген Алғыс хатты Самар бастаушы мектептің директоры О.Н.Любашоваға, облыс әкімінің орынбасары С.Жұмаділовтың Алғыс хатын Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі М. Сәлменбаеваға, аудан әкімінің атынан берілген Алғыс хатты Пантелеймоновка негізгі мектептің директоры К.Нұриева алды, ал туристік жолдама Ж.Болғанбаев атындағы мектеп–лицейінің директоры Б.К.Бағысоваға табысталды.
Сондай-ақ, құттықтау тілектерін Б.К. Қожамбетов, С.К.Жотабаев, А.И.Федосов, мекетп директорлары, Самар ауылындағы бұрынғы «Малышок», «Березка», «Теремок» балабақшаларының тәрбиешілері, «Дәлел» ШҚ келген өкіл Л.Мамбетова, округтің әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Я.Степанова өз мұғалімдеріне шын жүректен алғыстарын білдірді.
Педагогтердің қатысуымен өткен бұл кеш барлық қонақтарға үлкен әсер туғызды. Бұл күні көптеген естелік әңгімелер айтылды, кеш қонақтары өздерін бір сәт оқушылар алдында тұрғандай сезімде болды. Александр Иванович атап өткендей, «педагогтар кездесуін дәстүрге айнвалдырып, бұл жылдан-жылға жалғаса бермек деді»
Тамаша демалыс кешінде округ мектептерінің оқушылары, «Дәншік" балабақшасының, өнер мектебінің тәрбиеленушілері, Самар Мәдениет үйінің әртістері тамаша өнер көрсетті.
Кездесу соңында Самар ауылдық округінің әкімі А.Ф.Кудербаев кеш қонақтарының құттықтау сөздеріне қосылып, шарушылық басшыларының қажырлы еңбегі, олардың әр түрлі іс-шараларды өткізуге белсенді қолдауының арқасында округ дамып, ауыл өсіп келе жатқанын атап өтті. «Нан болса – ән болады» делінген. Өз атынан алғыс ретінде округтің мерекелік бағдарламаларының жүргізушісі Л.К.Гибель, Айымгүл Ықай және «Нұрлан» дәмханасының қожайыны Ф. РакишевағаАлғыс хат тапсырды.
Педагогикалық еңбек ардагерлері үшін ұйымдастырылған тамаша демалыс кеш әрқашанда игі істердің тұрақты демеушілері болып табылатын жергілікті меценаттардың арқасында өтті. Олар: А.И.Федосов, С.К.Жотабаев, Е.К.Дюсупов, М.В.Лопаткин, Е. А.Болде, М.К.Құмаров, Е.Д.Мамбетов, Ж.Д.Мамбетов, Р.О.Раев, С.Г.Абдулов, С.Д. Баронин, А.Н.Нарожневке кеш қонақтарының алғысы шексіз.

Қанат Апсадықова

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз