Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мамыр 2017

30 Мамыр 2017

МҰРАЖАЙ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Мұражай – елдің тарихын, мәдениетін және өркениетін айғақтауда маңызды рөл атқаратын тәрбиелік орын. Сондықтан да ол қоғам өмірінде ерекше орынға ие, жұртшылыққа ашық болуы керек. Материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін жинау-да және сақтауда мұражайлар аса зор ғылыми-ағартушылық және біліми-тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді. Еліміз егемендік алып, ұлттық мұражай ісі тың талаптар мен жаңа мазмұнға ие болуда.

Read more

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ БАС ҚОСҚАН КЕШ

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде, мәдениет саласына өз үлестерін қосып жүрген ауданымыздың 25 қызметкері аудан әкімінің орынбасары Е.Қалдыбаевпен дөңгелек үстелде бас қосты. Мәдениет саласының майталмандары мен өнерге жаңа толқын әкелген жастарды аудан әкімінің атынан құттықтап сыйлықтар, сонымен қатар облыстық «Туған ел – алтын бесігім» акция аясында өткен көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орын және 300 мың қаржылай сертификат алғандарымен құттықтап жылы лебізін білдірді.
Әріптес қызметкерлерін Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Саржанов, «Бос уақыт орталығының» директоры Н.Тоянкенов ауданымыздың мәдени жетістіктерін атап, толағай табыстарға жете беруге тілек білдірді. Жоспарлы ойларымен бөлісіп, әсем ән-күймен шабыттандыра мерекенің сәнін келтіріп, естелік фото суретке түсті.
Бос уақыт орталығының ақпараты

Read more

МЕДИАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

Қазіргі таңда халықтың аузынан, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен «Медиация» сөзі түспейді. Алайда, «Медиация» сөзінің мағынасын қарапайым халық толықтай түсіне бермейді. Себебі, бұл ұғым біздің қоғамға енді ғана еніп жатыр. Осы сөздің мән-мағынасын толығырақ түсіндіріп өткім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын.
Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді.

Read more

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕР

31 мамыр - ХХ ғасырдың басында талайды әуре-сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Осыған орай, жыл сайын бұл күні бүкіл ел репрессия зардабын көрген біздің отандастарымызды еске алады. Қазақстанда саяси қуғын-сүргіннің не екенін біледі: еліміз күштеп ұжымдастырудың ауыр қалын бастан өткізді, голощекиннің Ашаршылығын, сталиндік кезеңнің Үлкен террорын, жер аударылған халықтың трагедиясын, басқаша ойлайтындарды тоқырау жылдарындағы қуғындауды, 1986 жылғы желтоқсандағы қантөгіс уақиғаларын...
Голощекин Ашаршылығынан 2 миллионнан астам қазақ өлген немесе Қазақстаннан көшіп кетуге мәжбүр қылған. Оның сұм саясатынан Қазақстанда тұрған басқа этностар да жапа шеккен: орыстар, украиндықтар, өзбектер және т.б. Елдің қырылған халқының орнына, бос қалған жерлерге Украинадан, Ресейден, Волга жағалауынан немістерді, кейінірек қоныс аударған халықтарды: корейлерді, түрктерді, ингуштерді, шешендерді және басқаларды арнайы қоныс аударушыларды айдап әкелді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы ГУЛАГ-тың, (Түзету лагерьлерінің бас басқармасы), КАРЛАГ-тың (Қарағанды лагері), АЛЖИР-дың (Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь) тұтқындарымен және басқалармен толықтырылып, олардың дені Қазақстанда тұрып қалды.

Read more

СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!

Жылдағы дәстүр бойынша Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі білім ордасында «Сыңғырла, соңғы күміс қоңырау!» салтанатты жиыны өтті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп, соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Ондай білім беретін білім ордасы – мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат – әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.

Read more

ҰЛЫ ҒҰЛАМА ТҰЛҒА

«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Н.Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті

18-19 мамыр күндері Көкпекті Ауданының Құрметті Азаматы, Жапония барса, алдынан Токио мэрі шығатын, Үндістанға барса, Калькуттаның қала басшысы қарсы алатын әлемге әйгілі, дүниеге мәшһүр, атақты спортшы Мұхамедолла Ағзамов келіп кетті. Келіп қана кеткен жоқ, жергілікті ел тарихында «Ұлы ғұлама тұлға» атанып, заманында Көкпекті қаласы мешітінің имамы болған Дәуіт қазірет Ғұбайдоллаұлының жерленген жерін тауып, басына құлпытас орнатып, өнегелі іс атқарды.

Read more

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН МҮБӘРӘК БОЛСЫН!

Қымбатты жерлестер! Құрметті мұсылман бауырлар!
Баршаңызды мүбәрәк Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жыл бойына сағына күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиетті Рамазан - сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы, сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түнде тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы - Рамазан. Ораза адам жанын тазартып, жаман іс-қылықтардан сақтайды. Оразаның мақсаты - мұсылманды рухани тазартып, жанды көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіні тізгіндеу.

Read more

26 Мамыр 2017

ШКОЛЬНЫЕ ГОДЫ ПОЗАДИ

25 мая во всех школах нашей страны торжественно прозвенел последний школьный звонок. В школах села Кокпекты в этот день было не менее шумно и красочно.

Read more

ШКОЛЬНЫЕ ГОДЫ ПОЗАДИ

25 мая во всех школах нашей страны торжественно прозвенел последний школьный звонок. В школах села Кокпекты в этот день было не менее шумно и красочно.

Read more

БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА АЛҒАН КҮН

Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биылғы жылы да мамыр айының 25-і күні аудандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Көкпекті ауданындағы барлық білім беру ордаларында мектеп оқушылары сап түзеп, ұстаздар қауымы жыл қорытындысын жасап, ал түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Бұл игілікті шара Көкпекті ауылындағы білім ордалары Ж.Шайжүнісов және Көкпекті орта мектептерінде де салтанатты түрде орын алды.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз