Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Міне, жаңа оқу жылы да басталды. Әдеттегідей тамыз, қыркүйек айлары «Мектепке жол» акциясына арналады. Бұл шарадан Көкжота орта мектебі де тыс қалған жоқ.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, біздің мектеп ұжымы қайырымдылық акциясына бар ынталарымен атсалысты. Сондай-ақ, демеушілер тарапынан көп балалы және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға қажетті киімдер мен оқу құралдары табысталды. Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасына көшті. Осы мектеп формасын алып беруге қатысқан Аққала ауылының тұрғыны Қантаева Сәуле Чайкеланқызының жомарттығын айтуға тұрарлық. Сәуле Чайкеланқызы өз тарапынан аз қамтылған және тарихи Отанына қайтып оралған қандастарымыздың балаларына арнап, 4оқушыға мектеп формасын ұсынды. Осындай игі істердің ұйытқысы бола білетін демеушілерімізге алғысымыз шексіз!

Дауыл Мақпал, Көкжота орта мектебінің аға тәлімгері

Елбасының бастамасымен  қолға алынған « мектепке жол» акциясы  оқушылардың мектепке толық баруын  қамтамасыз етудің үлгілі үрдісі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға  қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты  балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында Республика  көлемінде жүріп жатқан бұл бастама біздің Үлкенбөкен ауылында жалғасын табуда.

Үлкенбөкен мектеп директорының айтуынша өткен әкімшілік апаратында «Мектепке жол» акциясына  баса назар аударылған еді.

Бұл акция бойынша ауылымыздың бетке ұстар азаматтарының бірі жеке кәсіпкер Кенжетай Хощанов  осы аз қамтылған отбасына қол ұшын беруде.

Мектеп ұжымы да бұл акцияға бір кісідей атсалысуда. 

Баланың қуанышынан  артық не бар дейсіз? Демеуші аға, әпкелерінен сый- сыяпат алған балалардың қуанышында шек болмады. «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтын, қолынан келгенше балаларға қамқорлық көрсетуге жұмыла кірісетін азаматтардың арамыздан көптен табылуы үлкен қуаныш. Осындай қайырымдылық  шараларының басы -қасында жүретін ауылдастарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.

Біз лагерьге барамыз.

Бар дауыспен әнге салып,

Лагерь жырын айтамыз, - деген ән жолдарында айтылғандай, маусымның отызы мен  шілденің оны аралығында балаларға арналған «Балдырған» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің  үшінші маусымы да өте шықты.

Оқу жылының төрт тоқсаны бойы мектептердегі оқу еңбегімен шұғылданған, тапжылмастан партада отырып, ұстаздарының берген тәлім-тәрбиесі мен пәндердің түр-түрінен мағлұмат алып, ақыл-ойын кемелдендірген балалар үш айлық жазғы демалысты асыға күтетіні рас. Жаз бойы асыр сала ойнайтын олар үшін жаңа оқу жылына бойларына мол күш-қуат жинап, сағына күткен мектебі мен сыныптас достарымен қауышудың орны тіптен бөлек екендігі де анық.

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында балалардың жазғы демалысын қызықты да мағыналы етіп өткізу, олардың бойындағы бар өнерлерін дамыту, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнату, басқа да адамгершілік қасиеттерін шыңдау мақсатында табиғаты көркем жерлерде балғындардың  демалысына қолайлы жағдайдың бәрі жасалған.  Сондай-ақ, мектеп жанындағы балажайлар да өз жұмыстарын бірнеше ауысымда жүргізіп, оған ең алдымен көп балалы отбасылар мен толық емес және тұрмысы төмен отбасының балалары қамтылған. Лагерьге келуші балалар таңғы және түскі аспен, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Алғашқы күннен-ақ лагерь меңгерушісі мен тәрбиешілердің  және балалардың ойластыруымен топтың атын таңдап, ұранын құрастырдық.  Демалушылар лагердің ережесімен таныстырылып, он күннің ішінде жоспарға сәйкес әртүрлі  іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ,  «Лагерьдің ашылу салтанаты», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Ертегілер еліне саяхат», «Өскенде кім боламын?» шаралары, Астананың туған күніне орай сурет байқауы ұйымдастырылып, өлең оқудан сайыс және концерттік бағдарлама қойылды. Ең соңғы лагердің жабылу күнінде оқушылар«Талменка» өзенінің бойына туған жердің табиғатын тамашалауға шықты. Міне, осылайша балғындар өткізілген қызықты  іс-шараларға белсене қатысып, жақсы көңіл-күйде болып, он күннің қалай жылдам өте шыққанын да байқамай қалды.

Ж.Байжұманова, Преображенка орта мектебі

Жаңа оқу жылы қарсаңында ауданның білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі педагогикалық кеңесі өтеді. Тамыз кеңесінде Көкпекті ауданының Білім беру бөлімі басшысы Ш.Мұстафина «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттік қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты тақырыпта баяндама жасайды. Көпшілік оқырманға баяндама тезистерін ұсынамыз.  Баяндамада 2013-2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жылдарда атқарылатын жұмыстың мақсаттары мен міндеттері айтылды.

Толығырақ...

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз,-деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.

Жазғы балажай балалардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Осы мақсатта ұйымдастырылған Көкпекті орта метебіндегі «Солнышко» мектепалды лагері 2маусым күні өз есігін айқара ашты. Төрт маусымнан тұратын балажайдың алғашқы кезеңі қызыққа толы, түрлі ойындармен балаларға қуаныш сыйлады.

Маусымның әр күнінде мерекелік және балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы іс-шаралар, спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырылады. Лагерьде балалар демалысының басы-қасында жүрген мұғалімдер әр балаға ерекше ықылас бөліп, олардың сабақ барысында ашылмаған жаңа қырынан танылуына, мұғаліммен, оқушылармен достар боп сырласуына қажетті барлық жағдайды жасауға тырысып бақты. Мәселен, әр топта ойын-сауықпен қатар әр-түрлі спорттық ойындар, психологиялық тренингтер, дәрігер тарапынан медициналық таза ауада өткізілетін гимнастикалық жаттығулар,экскурсия мен серуендер үнемі өткізіліп тұрды. Ал, балалардың достық қарым-қатынасы, азаматтық сезімдерінің қалыптасуы үшін лагерьде жорықтар, көңілді кештер өткізілді. Лагерьге келген оқушылардың денсаулығынмектеп медбикесі күнделікті тексеріп,олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді.Балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмай, тағам мәзірі жіті қадағаланды.

Күндерін таңертеңгі жаттығудан бастаған балалардың демалыстарын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру бағытында жұмыс жоспары жасақталып, әр күні әр тақырыпта шаралар өткізілді. Атап айтқанда, "Көрікті менің ауылым!", "Денің сау болсын десең...", "Жаңылтпаштан жаңылмас, жұмбақ айтып жарыстырар", "Жаз аруы-2014", "Жігіт сұлтаны", " Ертегілер еліне саяхат" , "Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым" т.б танымдық сағаттарға балалардың барлығы белсене қатысты. Сайыстардан орын алған балалар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Балалар, сондай-ақ мұражайға, спорт кешеніне, саябаққа барып, әсем табиғатты тамашалады. Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз түрде өтуі мақсатында Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің әдіскері С.Тілебалдин және жол полиция қызметкері А.Зарықпаев балалармен кездесу өткізіп, қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықпен таныстырды. Кездесу барысында оқушылар ағаларының айтқан ескертулерін мұқият тыңдап, ойға түйіп алды.

Бұл лагерьде балалар демалумен қатар білім көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылыққа бейімделеді және денсаулықтарын нығайтады.

-Жыл сайын әр ауысым бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары лагерьдің белгіленген кестесіне сай демалады. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру бағытында жұмыс жоспары құрылып, шаралар өткізіледі. Балалар таза ауада шынығып қана қоймай, туған өлкеміздің ғажап табиғатымен және тамыры терең тарихына қанық болады. Олардың бойынаадамгершілік қасиеттерді сіңіру –біздің басты мақсатымыз,-дейді Көкпекті орта мектебі директорының міндетін атқарушы Шолпан Ғабдуллина.

Балалардың әр күнін көңілді өткізуге атсалысып жүрген мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасарының міндетін атқарушы, бастауыш сынып және денешынықтыру пәні мұғалімдерінің, медбикенің, дәмді ас мәзірін даярлайтын аспазшылардың еңбегі зор екендігі анық.

Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлай ашылған жазғы «Солнышко» демалыс лагерінде демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткізіп қана қоймай, белгілі бір бағытта білімдері мен қабілеттерін жетілдіріп қайтқаны сөзсіз.

Раушан Қанапиянова,

Көкпекті орта мектебінің мұғалімі

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз