Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дархан даласындай көңілі кең қазақ елі түрлі ұлт өкілдерін тар жол тайғақта құшағына алды, бауырына басты. Бірлік пен жарасымды тірлікті ту еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы бүгінде өзге жұртты сүйсінтіп келеді. Тіпті елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін этнос өкілдерінің де саны артқан. Бұл түрі басқа болса да, тілегі бір отандастардың қазақ халқына деген, мемлекеттік тілге деген құрметі. Олар тек қазақ тілін емес, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді де құрметтейді. 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай қазақ тілін жетік білетін, ұлттық болмысымызды бағалайтын өзге ұлт өкілін таныстыруды жөн көрдік.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды. Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды».


Қазақ тілін терең меңгерген өзге ұлт өкілдерін жолықтырғанда ішің жылитынын несіне жасырамыз. Әрі оларға деген құрмет сезімі де арта түсетіні даусыз.
Көкпекті ауданында бірнеше ұлттың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Тарихы бай аудан тұрғындары бірін-бірі жақсы таниды. Тіпті, қазақпен қыз алысып, келін түсіріп, құда-жекжат атанғандары да баршылық. Ұлтқа, нәсілге бөлінушілік дегенді мүлдем кездестірмейміз, бір-біріне ағайын-туыс секілді. Оған қоса қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеп, мақалдата сөйлегенде қайран қаласың.
Солардың бірі– Светлана Вадимқызы Чернова. Светлана 1985 жылы Шегелек ауылында дүниеге келген. Ата-анасы Вадим мен Раушан Көкпекті ауылында өнегелі отбасылардың бірі. Светлана орта мектепті бітірген, соң педагогика саласын таңдап мұғалім болады. Сонымен қатар қазақ тілінен 2000 жылы облыстық Абай оқуларына қатысып, жүлделі орынды иемденген. Қазақ тілін құрметтеп, тілге деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілі пәнінен олимпиадаға қатысуға ықпал еткен анасы Раушан.
Орыс ұлтының өкілі. Светлана қазақ тілін мектеп жасынан бері үйреніп келеді. Десе де білдім, толдым деген ойы жоқ. «Алдағы уақытта да мемлекеттік тілді жетік меңгеруге тырысамын»,- дейді ол.
– Ауылда өстім. Көршілеріміздің бәрі қазақ отбасылары болды. Жалғыз орыс отбасы біз ғана болдық. Өз елін құрметтейтін, қадірлейтін адам тілді де тез меңгереді. Ал менің қазақ тілін еркін меңгеруіме араласқан ортам көмектесті. Мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім. Және осы үйренгендерім бүгінде өз қажеттілігіме жарауда.
Сондай-ақ, Светлана қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, үш ұлдың анасы атанып отыр. Отбасында қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, отбасында ұлттық болмысты сақтауда.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз