Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Таяуда Қ.Раев атындағы Көкпекті балалар үйінің кітапханасында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Қ.Мәлікаждар, Жастар орталығының директоры А.Рахимбаев, аудан орталығындағы білім ордаларының тарих пәнінің мұғалімдері Р.Сүбебаев, жас тарихшы Ж.Нұрмұханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілі, балалар үйі кітапханасының меңгерушісі Д.Әбілмәжінованың қатысуымен тарих сағаты өткізілді. Аталмыш шараны жастайынан жалпы адамзат тарихы мен өз еліміздің тарихына зер сала қызығушылықпен қарап, оны оқып, үйреніп, зерттеуді сүйікті ісіне айналдырған тәжірибелі педагог, балалар үйінің директоры Қалыбай Алтынбаев жүргізді.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай байтақ елімізде кең көлемдегі шаралар өткізіліп, еліміздің тарихының түгенделіп жатқанына қуанышты екенін жеткізе келе, кіріспе сөзінде: «Қазақ хандығы географиялық жағынан Ұлы дала өркениетінің ата мекенінде қалыптасқан мемлекет. Өркениеттік тұрғыдан ол Мұсылман әлемінің түркілік дүниесіне жатады. Хандық Қасым, Есім және Тәуке хандар заманында өзінің кемеліне жетті. Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда жетекшілік ететін рөлде болды. Қазақ хандығы Орта Азияны ойрат Одағы тайпаларының басқыншылық әрекеттерінен әрдайым қорғап тұрды», - деді Қалыбай Қалиханұлы.


Қазақстан тарихына арналған пән оқулықтары әлі күнге бір жүйеге келтірілмегені және тарихқа байланысты басқа да мәселелер төңірегінде мектеп ұстаздары өз ойларын ортаға салса, Қ.Мәлікаждар туған өлке тарихын оқып, үйрену арқылы өскелең ұрпақтың ата мекеніне деген сүйіспеншілігінің артатынын тілге тиек ете отыра, аудан аумағындағы тарихи ескерткіштерді зерттеу мен қорғау туралы пікірін айтып өтті.
Белгілі бір заңдылықтар арқылы дамыған, оқиғаларға бай тарихымызды зерделеп, кейінгі ұрпаққа толыққанды әрі түсінікті етіп жеткізу және бір жүйеге келтіруді көздеген тарих сағатында қатысушылардың ұсыныстарымен тарихшылар клубын құруға келісім жасалды. Осыған орай, келесі отырысқа әркім арнайы тақырыптар мен жоспарларын ала келу және қатысушылар шеңберін кеңейтіп, бұл игілікті іске тарихқа қызығатын оқушылар мен басқа да сала мамандарын тарту керектігі де айтылды. Аталмыш клубты құрудағы мақсат - еліміздің тарихының кейбір мәселелерінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, өлкетану компоненттерін зерттеу. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына елінің, жерінің, туған ауданының тарихына деген қызығушылығын арттыру, сол арқылы қазақстандық патриотизм мен рухани қазынаны нығайту болып табылады.
Келесі жиындарда тарихқа деген көзқарасы қалыптасқан, өзіндік айтары бар, ақ пен қараның ара-жігін ажырата алатын азаматтармен орталарыңыз толсын демекпіз. Іске сәт!
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз