Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Алтын күз» - берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі. Күз мезгілінде сары алтындай күйге енетін табиғат көркіне көз тоймайды. Уылжып піскен жеміс-жидектер әр үйдің дастарханын молшылыққа кенелтеді.
Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла» балабақшасында байлықтың символы күз мерекесіне арналған «Ғажайып күз» атты мере-келік ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікті балабақша тәрбиешілері жоғары деңгейде жауапкершілікпен жүргізді. Бұл күні балдырғандардың керемет өнерлері, тамаша билері, әсем әндері күз ғажайыбын әрлендіре түсті.


Аталмыш мерекеге «Ромашка», «Қошақан», «Балдәурен» және кішкентайлар тобы «Солнышко» да үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті. Кішкентай бүлдіршіндердің өнеріне ата-аналар қауымы тәнті болды. Олар жүздері бал-бұл жанған балғындардың қуанышына ортақтасып қана қоймай, өздері де бір сәт балалық шаққа саяхат жасап келгендей әсер алды. Сондай-ақ, отбасында орысша тәрбиеленетін бөбектердің мемлекеттік тілде еркін сөйлегенін, балабақшадан алған білімінің жемісін көрген ата-аналар қуанышында шек болмады.
Осылайша, әр баланың бойындағы өнерін ашып көрсетуге ықпал еткен балабақша ұжымы және тәрбиешілері Ә.Төребаева, Д.Әбенова, Д.Жусанбаева, Г.Калиева, Ж.Айтжанова, А.Әкежанова, Г.Жұманова, А.Оразаева, А.Әмірғалина, Ф.Әкежановалардың еңбектеріі зор екенін атап өткен орынды. Ертеңгілік соңында аталмыш балабақшаның меңгерушісі Сәуле Бай-тілеуқызы құттықтау сөз сөйлеп жылы лебізін білдірді.
Шындығында, ауданымыздағы «Шуақты шұ-ғыла» балабақшасы қашанда жақсы істердің жаршысы болып, өзгелерге үлгі көрсетіп жүргені баршаға аян. Сайып келгенде, мұның бәрі ұжым ішіндегі береке-бірлік пен қызметкерлер біліктілігінің арқасы екені сөзсіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз