Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ руханиятының шыңы ұлы ақын - Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңестігінде» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы аясында өткен облыстың «Абай оқулары-2015» байқауына Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы Қасенов Ілияс қатысып, жүлделі 3 орын иеленіп оралды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Қуандықов талапты оқушы Ілиясқа оқуға түсуге жеңілдік сертификатын табыстады.

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте дарынды оқушыларды облыстық, республикалық сайыстарға дайындау үрдісі жақсы жолға қойылған. Осы орайда оқу ісінің меңгерушісі Габдулина Бақытжамал Жексенбайқызының басшылығымен жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Б.Жексенбайқызы шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерге үнемі әдістемелік көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырады. 

Осындай тынымсыз еңбектің арқасында биылғы оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері мектебіміздің абыройын асқақтатуда. Соның бір дәлелі шәкіртіміз Ілияс Қасеновтың қол жеткізген жеңісі. Ілияс 6-шы сыныптан бастап Абай Құнанбаевтің өлеңдерін жаттаған, көңіліне тоқыған. Қазіргі уақытта талапты оқушы Абай атамыздың 120 өлеңін, 1 поэмасын жатқа біледі .
Сайыста Венгриядан, Қытайдан келген қонақтар төрелік етті. Дарынды оқушы Ілиясты «Қазақстан Өскемен»телеарнасынан көрсетті. «Дидар» газетінің тілшілері сұхбат алды.


Қасиетті қазақ топырағында туып-өскен, ұлылардың ұлысы, данышпан ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында мектебіміздегі әдебиет-шілердің атқарған жұмыстары нәтижесі осылайша көрініс табуда. Байқаудан жүлделі оралған жас әдебиетші өзінің жүрекжарды сезімін былай жеткізді: «Бұл жеңіс мен үшін керемет қуаныш, баға жетпес байлық еді. Ұлы ақынның өнегелі өмірі, өсиет еткен ойлары жүрегімді нұрлы сезімге бөлеп, бала қиялымды қиырға талпындырып, күш-жігер берді. Қазақ ақынының күллі адамзатқа ортақ ойшыл екенін түсініп, оның өз бабам екенін шексіз мақтаныш етемін. Мен шын мәнінде бақыттымын!» - деді.
Сөйтіп, ұлы бабамыздың ғажайып әрі көркем, күн шуақты, даналыққа толы өлеңдері оқырман шәкірттерін кемеңгерлік кемесіне отырғызып, адамгершілдік парасат мұхитына жүздірді .
Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау біздің парызымыз.

Л.Сәрсенбаева,
Ж.Шайжүнісов орта мектебінің мұғалімі

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз