Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауданының Жаңалы ауылдық кеңесіне қарасты Еспе, Аққұдық, Көкжота, Бас-таушы, Қарғалы ауылдарынан соғысқа 163 адам аттанған еді, соның елге оралғаны 60-тан сәл ғана асады. Олардың ішінде Көкжота ауылынан аттанып, аман оралғандар 30-ға жуықтайды.

 Еліне Жеңіспен оралған жауынгерлер соғыстан тұралап қалған ауылшаруашылығын, өндірісті көтеруге білек сыбана кірісті. Зейнелғазы Азанбаев, Бексолтан Қошқарұлы, Нұрсапа Нажинов, Зейнелғазы Сарбасов және басқалары  еңбек көрігін қыздыра отырып, зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. Ұрыс даласында  көрсеткен ерліктері үшін алған марапаттарының қасында еңбектегі ерліктері үшін орден, медальдар тақты. Соңдарынан қаншама жасты ертіп, оларға тәрбие берді.

Отбасын құрып, бала өсіріп, немере сүйді. Олардың ұрпақтары  әкелерін, аталарын  бүгінде мақтан тұтады. Бір өкініштісі қазіргі Бастаушы ауылдық округіне қарайтын Көкжота      ауылында атаулы мерейтойға бір де ардагер жете алмады. Бүгінгі күні олар туралы тек естеліктер айтылады. Жауынгер ұрпағының бірі Бәделғазы Сарбасов кешегі өткен ерлер туралы былай дейді:

- Біздің ауыл кезінде ардагерлер ауылы болып еді. Олардың барлығы да соғыстан оралып, еңбекке араласқанда біз әлі бала болатынбыз. Ардагерлер ешкімге міндетсінбей, кеуделерін қақпайтын қара-пайым еді. Тіпті кейбірінің соғысқа қатысқаны туралы біз кейін білдік қой. Қошқаров Бексолтан ата кіші командир, Смоленск, Одерді алуға қатысып, Берлинге дейін жеткен. Ал өмірде қарапайым еңбек адамы еді. Ол кісі ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған, ферма меңгерушісі, бригадир болып еді. Нұрсапа Нажинов Чита қаласында жауынгерлік жолын бастап, Жапон соғысында болған. Соғыс кезінде алған орден, медальдарымен қатар еселі еңбегі үшін  бейбіт күндегі марапаттары кеудесінде жар-қырап тұратын. Қарапайым механизатор үлгілі отағасы болып еді. Бүгінгі күні ұрпақтары оның жолын жалғастыруда.

 Осы Көкжота ауылының тумасы өз әкем  Зейнелғазы Сарбасов соғыста екі рет жараланып, 1945 жылдың желтоқсан айында елге оралған еді. Ол 47-ші атқыштар полкінде мергендер отрядында болған. «За отвагу», «За победу над Германией» медальдарын кереметтей қастерлейтін. Зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл атындағы кеңшарда ферма меңгерушісі болып еңбек етті.

 Кезінде көне көздерден естелік жазып алып қал-мағанымыз өкінішті дейді Бә-делғазы ағай. «Үндемес» деген бәледен қорқып қалған,олар тіпті соғыс кезіндегі уақыттан да ештеңе айтпаушы еді. «Әкем 15-16 жасында (ол кісі 1913 жылы туған) Жұбандық Болғанбаевты көріпті. «Астында қара жорға аты бар, басында құндыз бөрік, бесатар мылтықты асынып алған, ал қолында наганы болды», - дейтін. Ақмырза байдың жайлауға ере алмай қалған ақсақ-тоқсақ қойларын аш отырған кедей-кепшікке таратып бергенін де көріпті. Сонда бай оған ештеңе істей алмаған екен. «Біз қазір өзіміз де жер ортасынан асып кеттік. Кейінгі ұрпаққа аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік істерін, осы бейбіт күнді орнату үшін көрген қиыншылықтарын айтып отыру парызымыз. Солардың  үлгілі ісімен тәрбиелеуіміз керек»,-дейді Б.Сарбасов.

Бәделғазы Зейнелғазыұлы-ның өзі де запастағы байланыс бөлімінің кіші командирі, аға лейтенант. Жастарға өнегелі сөз айтып, ісімен үлгі көрсете алатын жаста. Бүгінде зейнеткер ағамыз туған ауылында тұрады. «Біз былтыр ауыл болып соғыста шейіт болған азаматтарымызға арнап ес-керткіш аштық. Болашақта ардагерлер ауылы болған Көкжотада ұрпақтарымыз үлкен, көркем ескерткіш орнатып, айналасын гүлге, жасыл желекке орап, өздерініен кейінгілерге аталары туралы естелік айтып отыртаны болады деп сенемін»,-дейді. Ұрпағының ертеңі үшін жан беріп, тер төккен есіл ерлер есімізде болуы тиіс дейді ауыл ағасы.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз