Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Жас ұрпақтың тәрбие алуына өз үлесін қосып отырған тәрбие ошағының бірі шағын ғана Теректі ауылындағы «Еркенұр» балабақшасы. Ашылғанына бір жылға жуық уақыт болған балабақшада бүгінгі күні ауылдың 20 балапаны тәрбиеленуде.

«Еркенұр» балабақшасына кірген кезде әдемілікті сезіндік. Өйткені, ауласы жасыл желекке оранған. Ғимараттың іші таза. Ең бастысы балалардың періштедей жарқын жүзін көргенде оларға шаттық сыйлап, қамқорлық танытып жүрген тәрбиешілерге іштей риза болдық. Ал, біз ішке кіргенде ойнап отырған балалардың «Сәлеметсіз бе?!» деп шулаған балғын тілдері көңіліңе қуаныш ұялатады.

10 адам қызмет істейтін мекеменің ғимараты да ,ішкі жиһаздары да балалардың тәрбиеленуіне жайлы және жылы. Бүлдіршіндер Динара, Мария, Әсел сынды тәжірибелі тәрбиешілерден тәлім алуда. Бізді кіре берісте мейірлене қарсы алған Расима Атиманова «Еркенұрдың» бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде айтып берді. - Балалар — біздің болашағымыз. Сондықтан, балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет және баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз, - дейді тәлімгер.

Бала бақыты – ана бақыты. Сондықтан да қай ата-анаға болса да баласының тәрбиесі жақсы жерден бастау алғаны абзал. Теректідегі «Еркенұр» балабақшасы ата-аналардың талғамына да, талабына да сай десек, артық айтпағанымыз. Тазалығы сақталған, тамақтары бапталған.Ауданымызда осындай көркі көз тартатын балабақшалар көбейе берсін.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз