Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

30 наурыз күні аудан әкімі Раджан Сейтқанов Сарыбел, Новостройка, Палатцы, Подгорное, Қаракөл, Миролюбовка және Раздольное ауылдарының тұрғындарымен есеп беру кездесулерін жалғастырды. Жиын басында ауылдық округ әкімдері халықпен өткен кездесулерде қойылған міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.


САРЫБЕЛ
Сарыбел ауылдық округінің әкімі А.Жапарқұлов өз сөзінде сәуір айында ауылдық округке учаскелік полиция инспекторы келетінін, оған тұрғын үй берілгенін айтты. Күзде су мұнарасы қайта жаңғыртылып, іргетасы қалпына келтірілген, алдағы уақытта 1 шақырым жолға асфальт төселеді. Жаз кезеңде ауылға кіре берістегі жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Сарыбелдіктердің басты мәселесі - таза ауыз су. Кей күндері 2 су мұнарасы да істен шығып қалады. Құмды аймақта құбыр жарылған жерлерді анықтау қиындық туғызады. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу биыл да жалғасын табады. Бұл сұраққа аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы да тоқталып, шалғайдағы ауылдарға көңіл бөлініп, мүмкіндігінше өзекті мәселелердің шешілуіне қаржы қарастыру маңыздылығын айтты.

НОВОСТРОЙКА
Новостройка ауылының тұрғындары ең өзекті мәселе – ұялы телефон байланысы мен интернеттің жоқтығын айтты. Ауыл тұрғындары «Қазақтелеком» АҚ ұсынған интернет жүйесіне қосылған. Қызметтері үшін ай сайын тұрақты түрде төлем жасап отыр. Бірақ ол іс жүзінде жұмыс істемейді.
Осы мәселе бойынша тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдаған аудан әкімі ауыл азаматтарына өзінің және «Қазақтелеком» АҚ басшысының атына қызмет сапасының төмендігі туралы жазбаша арыз беруін сұрады. Осыған байланысты карантин уақытында балалардың сабақты онлайн оқу мүмкіндіктері болмады.
Он жылдан астам уақыттан бері "Пристань" аумағының тұрғындары қатты жел мен қарлы боран кезінде электр қуатының жиі үзілуі, кабельдің үзілуі және желідегі жоғары кернеу салдарынан аса қауіпті жағдайда өмір сүруде.
Сонымен қатар, көптеген ағаш бағаналары шіріп кеткен, оған көтерілу қауіпті. Оларды ауыстыру қажеттілігі туындап отыр.
Бұл мәселе туралы көршілерінің өтінішімен арнайы рұқсат қағазы болмаса да, мүмкіндігінше олқылықтарды жоюға тырысатын зейнеттегі электрик Н.Көккөзов айтып берді.
Аталған мәселенің негізгі қиындығы - Пристань аумағының электр желілері "ШҚ Аймақтық энергетикалық компаниясының" теңгерімінде емес. Ол жақында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімінің балансына берілді. Құжаттама дайындалуда, заңды құжаттар рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
- "ШҚ Аймақтық энергетикалық компаниясы" қызмет көрсетуден бас тартқан. Ал жағалаудағы үйлердің иелері электр қуатын алу үшін тірек бағаналарға қосылады. Электр желілерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін, ең алдымен, шіріген бағаналарды ауыстырып, жарамдысын қалдыру туралы шешім қабылдау қажет, деген Раджан Қайрқанұлы бұл мәселені шешуге көмектесуге уәде берді.
Сонымен қатар тұрғындарды ауыл төңірегінде демалушылардан қалатын қоқыс үйінділері алаңдатады. Ауыл таза, жинақы еді, қазір үлкен қоқыс шұңқырына айналып барады. Мұндай келеңсіз жағдайлармен тұрғындардың өздері күресуге мәжбүр. Бұл тұста бейнежазба жасау және суретке түсіру арқылы учаскелік полиция инспекторына жәберіп әкімшілік айыппұл салуға тура келеді.

ПАЛАТЦЫ
Өткен есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша Песчанка ауылында БМС (Блокты-модульді станция) мамыр айында іске қосылады. Ағымдағы жылы балалар ойын алаңы мен жасанды шағын футбол алаңын салу жоспарлануда.
Ауыл тұрғыны М. Тюлюбергеневке жер учаскесін бөлу аукцион нәтижесіне байланысты болмақ. Подгорное ауылының медицина қызметкері үшін тұрғын үйдің екі нұсқасы дайындалған және жақын арада маман ауылға келеді.
Бұл туралы Палатцы ауылдық округінің әкімі Б.Базылағзам баяндады. Тұрғындар "ДСУ-14" ЖШС жолдарды тазалауына наразылық білдірді. Былтырғы жылдары "Батракова" ШҚ жолды қардан тазалаумен айналысқан және ешқандай шағымдар болған жоқ. Аудан әкімі заң бойынша ауыл ішіндегі жолдарды тазалауға тендерді "ДСУ-14" ЖШС жеңіп алғанын, бірақ адами факторды да ескеру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары байланыстың нашарлығына, интернет желісіне, қатты жел кезінде электр қуатының жиі өшетініне шағымданды.

ПОДГОРНОЕ
Бұл күні ауылда түнде қатты бораннан кейін электр қуаты мен байланыс болмады. Подгорный тұрғындары мұндай құбылыс бұл жақта жиі болатынын атап өтті. Бұл мәселемен де айналысу керек, себебі халық қызмет ақысын уақытылы төлеп отыр.
Тұрғындар байланыс пен электр энергиясының ақысын уақытылы төлеуге түбіртектің уақытылы келмеуіне наразы.
Сол үшін зейнеткерлер көлік жалдап, төлем жасау үшін Самарға барады. Төлем жасау уақытынан кешігіп қалмасақ екен деп алаңдаулы ауыл халқы.

ҚАРАКӨЛ
Ауылдық клубта жөндеу жұмыстары жүргізілген, бірақ қазіргі уақытта кейбір кемшіліктерді жойып, құрал-жабдықтар, музыкалық аппаратура, сахналық киімдерді сатып алу қажет.
Қаракөл тұрғындары электр қуатының жиі өшуіне наразылық білдірді.
Тұрғындар көтерген бұл мәселені шешу үшін Раджан Қайырқанұлы халық болып электр қуатының жиі сөніп қалуына наразылық білдіріп, ШҚ АЭК басшылығына жазбаша түрде шағым түсіруді ұсынды.
Қыста жолдарды тазалау жұмыстары, жазда күтіп ұстау мәселесі де көтерілді.

Миролюбовка
Округ әкімі М.Дюсупов тұрғындарды атқарылған жұмыстарымен хабардар етті. Осылайша есепті жылы ауылда көшелер мен аллеяларды жарықтандыру жұмыстары жалғасын тапты. Алдағы уақытта ауылішілік жолдарды 20 млн. теңге көлемінде жөндеу, футбол алаңын жабдықтау істері қолға алынады. Есеп беру кездесуінде түскен басқа да сұрақтарға жауаптар берілді.
Аудан басшысының ауыл тұрғын-дарымен негізгі әңгімесі жүргізіліп жатқан су құбыры және негізгі трассаның бойындағы траншеяларды сапалы жабу бойынша аяқталмаған жұмыстар төңірегінде болды. Ауа райы жылынғанда су құбыры жүйелерін одан әрі қайта жаңарту жұмыстары жалғасып, толық аяқталатын болады.
Әрі қарай, бақшаларды суару үшін бас арықты тереңдету және тазарту қажет. Өткен жазда арықта су болмай, ауыл халқы картоп пен көкөністен жақсы өнім ала алмады.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, Қайыңды мен Ертіс өзендері сағасындағы судың маңында және бүкіл Бұқтырма жағалауында жағажай үйлері неге салынып жатыр? Биыл олардың саны әлі де артары сөзсіз. Бұл жерлер балықтардың уылдырық шашуына арналған емес пе? Мұның бәрі заңсыз көрінеді. Ауыл шаруашылығы бөлімі мен жер комитеті, басқа да қадағалау органдары қайда қарап отыр? Бұл сұрақтар барша жұртты толғандырады.
Аудан әкімінің айтуынша, олардың заңды қызметін тексеретін арнайы органдар бар, солар тексерумен айналысуы керек. Бірақ жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғандықтан, бұл әзірге мүмкін емес.
Раздольное
Биылғы жылы ауыл клубы жөнделіп, төбесі жабылып, сахналық киімдер сатып алынады. Тұрғындар жер қатынастары, ауыл ішіндегі жолды және кіреберістегі толық апатты жағдайға жеткен тас жолды жөндеу мәселелерін де көтерді.
Ауыл басқа да шағын ауылдар сияқты жыл сайын "қартайып келеді", шағын жинақты негізгі мектепте бала саны 20-дан аспайды. Туған ауылынан кеткісі келмейтін жастар мен орта жастағы тұрғындарға жұмыс жоқ. Мұның бәрі ауыл халқын алаңдатып отыр. Кем дегенде жеке кәсіптің қандай да бір түрін құруға, мысалы, көкөніс өсірумен айналысуға деген ұмтылыстары бар. Бұл үшін жағдай бар – жер, су және ауылда жұмыс істеуге деген ұмтылыс.
Раджан Қайырқанұлы өз ісін ашқысы келетіндерге аудандық қызмет мамандарына жүгінуді ұсынды. Ауылда жеңілдікпен микрокредит беру және кредиттеудің басқа да түрлері бойынша кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды.
Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың барлығы ескеріліп, орын-далғанға дейін бақылауда болады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз