Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ветеринария, мал дәрігерлік қызмет мал шаруашылығында маңызды орын алады. Өйткені, саланың дамуы осы қызмет түрімен тікелей байланысты. Бұл сала Елбасының тұрақты назарында, қамқорлығында. Қала мен ауылды асыраушы болып табылатын саланы мемлекет тарапынан қолдау тиісті дәрежеде жүзеге асырылып отыр.
Сондықтан да, Шұғылбай ауылдық округінде биылғы жылы ветеринарлық алдын-алу жұмыстар әдеттегіден ерте басталды. Округтің бас мал дәрігері Қайырлы Қалдыбаев бұл салады сонау 1982 жылдан үздіксіз қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Оның жанындағы фельдшер Ербол Қалбағаев және санитарлар Ержан Қалдыбаев пен Нұржан Рақымжанов да өз жұмыстарына өте жауапты жұмысшылар. Бүгінгі күнге жеке шаруашылықтардың ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының барлығынан қан алынып болды. Шаруа қожалықтарын сәуір айының ортасына дейін толық тексеру жоспарлануда.


Округтегі ауыл шаруашылық мал-дарының аман болуы көп жағдайда мал иелерінің оны күтіп ұстауы, дер кезінде екпелерін ектіріп отыруы, шеттен тексерусіз мал кіргізбеуіне байланысты. Сондықтан, тұрғындардың мал мен ит ұстаудың барлық ережелерін орындауы міндет.

Д.Мұсағазин,
жастар саясаты маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз