Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бірлігі берекемен астасып, ырыспен толысып жатқан ауылдың ісі қашанда оңға басары анық. Бұл сөзді назарға алған Белое ауылдық округінің әкімі Мұхтар Жанкебаев бізбен ауылдың жағымды жаңалықтары мен атқарылып жатқан игі істерімен бөлісті.

 

- Бүгінде ауылымызда егіншілік пен мал шаруашылығын кәсіп еткен 36 шаруақожалығы мен 2 ЖШС бар. Биылғы егін егу науқанын еңбеккерлеріміз сәтті аяқтады. Ауңыл иелігіндегі 12 мың га жердің 10 мыңына дәнді дақылдар мен күнбағыс егілді. Осыған орай, күзде жиын-терін көп болсын деген ниетпен тасаттық өткіздік. Тұрғындар бір дастархан басында бас қосып, ауылымыздың ырысы молынан болғай деп бір тілекке алақан жайды. Соңы сабантойға ұласқан осы шара ауылымыздың бір жағадан бас шығарып, жақсылыққа бірге қол жеткізгенді мақсат тұтқанының бір көрінісі болды, - дейді округ әкімі. «Ауыл болсаң – қауым бол» деген сөздің дұрыстығына осындайда көз жеткіземіз. Шаруақожалықтарының аймақ тынысында алатын ерекше орны жайлы айта кетпеске болмайды. Ауылды жем-шөп, отынмен қамтамасыз етуімен қатар, әкімшілікпен тығыз қарым-қатынаста болып, өткізілетін іс-шараларға әркез демеушілік көрсетіп отырады.

Ауылдың ішкі өмірі қандай маңызды болса, оның сыртқы көркі де әрдайым назарда болуы тиіс. Мұхтар Қайырғазұлы оны да жоспардан тыс қалдырмағанын айтады. «Алдағы уақытта мәдениет үйі мен балабақшаның шатырын жаңарту, мектеп ғимаратына жөндеу жүргізу жұмыстарын атқарылатын болады. Былтырғы жылы ұзындығы 900 метрді құрайтын орталық көшені жарықтандыру үшін 23 көше шамы орнатылған болатын. Биыл конкурс өткізіп, бұл жұмыспен айналысатын мердігерлерді анықтадық. Сонымен, ағымдағы жылда орталық көше толығымен жарықтандырылатын болады».

Ауыл әкімінің айтуы бойынша биылғы жыл Белое үшін табысты да игілігі мол болмақ. Ұзақ жылдар бойы назарға алынбаған Қараткөл жолын жөндеуге 12 млн тг көлемінде қаражат бөлініп, бұл шаруаның да жақын арада еңсерілетіні анық болды. Сонымен қатар, Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорынының және жергілікті демеушілердің көмегімен Қойтас ауылының жолына тегістеу жұмыстары жүргізу күн тәртібіне қойылған.

Иә, ауыл – мемлекетіміздің ең асыл жауһары. Оның игілігіне қызмет ету, гүлденуіне үлес қосу әр тұрғынның басты мақсаты әрі борышы екені рас.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз