Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Рухымыздың бағадаршамы - Елтаңба, Ту, Әнұран десек, еліміздің абыройы, жарқын болашағымыздың кепілі де осы - Рәміздер болмақ.
Үлкен құрметке ие мемлекеттік нышан-дарымыздың мерекесі Тассай ауылындағы клуб үйінде дөңгелек үстел түрінде атап өтілді. Шара барысында партия ардагері К.Бектеміров, зейнеткер ұстаз Қ.Түсіпбеков, ауылымыздағы неміс ұлтының өкілі И.Шнайдер, жас мамандар, ұстаздар қауымы өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Атаулы күнге арналған жиынды құттықтау сөзбен ашқан Катрен Қапсадықұлы ұлттық абыройымыздың қуат-қайнар көзі болған айбынды Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әнінің тарихына тоқталды.


Ардагер ұстаз Қ.Түсіпбеков отыз екі күн сәулесінің шапағы, ұлттық ою-өрнегі бар - Мемлекеттік Тудың құдіреті мен күші туралы тамаша баяндап берді. Тарихшы мамандар М.Садықова, Ж.Баймамыровалар өскелең ұрпақ үшін – Елтаңбаның өзі тұнып тұрған тарих екенін, ондағы жұлдыз, шаңырақ, қос пырақ, Қазақстан атты жазу сырларына тоқталып, авторлардың ерекше ізденгіш екендігін, қандай құрметке де лайық адамдар болғанын айтты.
Ауыл әкімі Е.Мазыбаев, әкімшілік мамандары С.Кайкибаева, М.Жадрин, психолог Г.Аз-имбаевалар кешегі ата-бабамыз егемендік үшін, көк байрақтың ашық аспан астында желбіреуі үшін қан мен тер төкеннін айта келе баршамызға бақ-береке тілеп, татулық, бірлік, ынтымақ қажет-тілігіне тоқталды. Пікір талас, ойлармен ауыл болашағы туралы маңызды ой бөліскен ауылдастар бастауыш партия ұйымы мен ауыл әкімі атынан қоғамдық іске белсене қатысқаны үшін, партиялық жобаларды жүзеге асырудағы еңбегі үшін ұстаз М.Садықоваға «Алғыс хат» тапсыру рәсімінің куәгері болды. Жиын соңы патриоттық әнге ұласып, Рәміздер тойы осылай аталып өтті.

С.К. Чалова,
Бастауыш партия ұйымы төрайымы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз