Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық ішкі істер қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің ұсынысы және ұйым-дастыруымен ауданда марқұм болған қарулас достарын еске алу күні өткізілді. Бұл шара облыс көлемінде екінші ауданда ғана өтіп тұр екен. Еске алу күніне марқұм болған сақшы қызметінің артында қалған отбасы, туған-туыстары, достары көп жиналды. Олардың барлығы да шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп жатты.

Жиын Самар ауылындағы спорт модулінде басталды. Өйткені, полиция қызметкерлері еске алу шарасына арнайы мини футболдан турнир өткізді. Футбол алаңының жанында салтанатты митинг ашылып, шараға қатысушылар алдында ардагерлердің аудандық кеңесінің төрағасы Қ.Жүнісов сөз алды. Ол бүгінгі өткелі отырған жиынның мақсаты мен мүддесіне тоқталды.


Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің тарихы өте бай. Сонау елуінші, алпысыншы, жетпісінші жылдары ішкі істер бөлімінде қызмет істеу өте қиын болған. Сол қиындықтарға қарамастан тәртіп сақшылары қылмыскерлердің жолын құрықтау, қылмысты болдырмау амалдарын жасау үшін қиын-қыстау кезеңде еңбек етті. Арнайы техника, қарулану мен автокөлік болмады. Атпен, кейде жаяулатып жүретін сол кездің тәртіп сақшылары ауданда, тіпті республика көлемінде сақшылық тәртіптерін мүлтіксіз орындап, қылмыскерлердің үстемдік алуына жол бермеді. «Осы шараға дайындалар алдында біз қаншама құжаттарды жинадық. Фотосуреттерден альбомдар мен слайд, бейнефильм жасауға тырыстық», - дейді Қайрат Жүнісов. - Біз мұнымен тоқталып қалмаймыз. Қазіргі күні ортамызда жоқ қаруластарымызды ұмытпау және ішкі істер бөлімінің тарихын сақтап қалу үшін әлі де ізденеміз. Оған марқұм қаруластарымздың отбасы, туған-туыстары, қазіргі күні зейнет демалысындағы әріптестеріміз көмек көрсетеді деп ойлаймыз»
Жиналған қауымды Өскемен қаласынан арнайы келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Үдербаев құттықтады. «Мұндай еске алу турнирін өткізу жақсы бастама. Міне, бүгін бұрын қызметтес болғандар, марқұм болғандардың отбасылары жиналып, жақсы бір кездесу болып жатыр. «Өткен күнде белгі бар», - деген осы. Құрметті әріптестерім, сіздерге алғыс айтамын. Бұл игі бастама барлық жерде қолдау тапса екен деймін», - деді Нұрбек Ғалиұлы.
Ішкі істер ардагерлерінің облыстық кеңесінің атынан зейнеткер тәртіп сақшысы М.Д.Оразаметов Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен бірге, С.Сібебаев, А.Талыспаев, С.Карчалов, Б.Жоңқабаев осындай марапатқа және ақшалай сыйлыққа ие болды. Еске алу жиынына келгендерді Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Сейілханов, Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов, Самар ІІБ ардагерлері кеңесінің төрағасы Р.Әлібаев құттықтады. Еске алу шарасы спорттық ойындарға ұласты. Турнирге Сарыбел, Самар, Көкпекті, САТК, ардагерлер, ЖБСМ – барлығы алты команда қатысты. Тартысты ойында Самар жастар командасы бірінші, ІІБ екінші, аграрлық-техникалық колледж командасы үшінші орынға, ал Сарыбелдіктер төртінші орынға ие болды. Командаларға дипломдар мен ақшалай сыйлық берілді. Сондай-ақ, үздік ойыншыларға аталымдар бойынша атақтар берілді. Полиция қызметкерлерінің ардагерлері мен полиция қызметкерлері осындай игілікті шараға қолдау білдірген АІІБ басшысы Е.Сейілханов, демеуші болған Қ.Раев атындағы балалар үйінің директоры Қ.Алтынбаев, Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ директоры Қ.Жүнісбеков, шаруа қожалықтарының басшылары Е.Мәмбетов, С.Жотабаев, М.Құмаров, Б.Құмаров, Ж.Күшікпаев, Қ.Садықов, Қ.Дүйсембаев, Е.Қойгелдин, В.Виничук және Көкпекті орта мектебінің директоры А.Танысбаев сынды азаматтарға зор алғыстарын білдіреді. Еске алу шарасына қатысқан марқұм болған тәртіп сақшыларының отбасы, балалары мен туыстары осы игі шараның басында жүрген барша азаматтарға алғыстарын білдіреді.
Ішкі істер қызметі ардагерлерінің кеңесі алдағы уақытта сақшылар мұражайын ашуды да көздеп отыр. Кеңес аудандағы өткізілетін басқа шаралардан да тыс қалмайды. Ауыл тазалығы үшін өтетін сенбіліктерге қатысу, қайырымдылық шараларын жасауды да ұйымдастырады. Бастама баянды болсын демекпіз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз