Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамырын терең жайған тал -қайыңдар,
Қарттарым, қуаныңдар, марқайыңдар,
Құрметтейiк бас иiп қарияларды,
Күнi ертең бәрiмiзге қартаю бар, - дегендей, жыл сайын қазан айында қарияларымызды мерекемен құттықтап, көңілдерінің бір марқайып қалатынына өзіміз де қуанамыз.
Дегенмен, біздің бүгінгі қоғамда барлық қарт адамдар отбасында, балаларының қасында, қарттығын қарсы алып отырмағаны жасырын емес. Әртүрлі себептермен қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерде тұрып жатқан адамдар қаншама. Осындай қамкөңіл жандарды мереке кезінде арнайы құттықтау олардың жанын жадыратып, күнделікті оңашада қалатын ауыр ойдан бір серпілтетіні сөзсіз. Сол дәстүрге сай Самар ауылындағы медико-әлеуметтік мекемеде өткен мерекеге аудан әкімі Р.Сағандықов қатысып, мекеменің қызмет алушыларын төл мерекелерімен құттықтады. «Сіздерге денсаулық тілеймін. Мемлекетіміз қашанда аға ұрпақты ардақ тұтады, сондықтан да сіздердің арнайы қамқорлыққа бөленіп отырғандарыңыз біздің еліміздегі осындай адами қасиетті жоғары ұстаудың бір нышаны», - деді Рамиль Нығметжанұлы. Қартайғанда өзін-өзі күте алмай, қарайласар туысы болмай қалған жандардың өздерінің бүгінгі тұрмыстарына разы екендіктерін жүздерінен байқауға болады.

Мереке иелерін ауылдық округ әкімі С.Дүсіпов, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Садықов, МӘМ директоры Б.Дүсіпов құттықтады. Аудан әкімі атынан тәтті-дәмділер ұсынылып, айрықша белсенді, қоғамдық жұмысқа белсене араласатын адамдарға Алғыс хаттар табыс етілді. «Өмірдің күзі алтын шаққа айналсын», - деп тіледі сөз айтушылар.
Мереке иелеріне ұсынылған концерт бағдарламасы өте мазмұнды, қызықты болды. Өйткені, бұл концертте қызмет алушылардың өздері белсене өнер көрсетті. Е.Нұрмұхамедова орындаған «Я люблю тебя, жизнь» әні барлығының көзіне жас алдырды. Ал В.Пичугин тек қана осы үйдің емес, ауылдың да сахна «жұлдызына» айналған. Бүгінгі концерттің басты нөмірі қызмет алушылардан құрылған әуездік оркестр болды. Оның орындауындағы халық әуендері барлығының көңілінен шықты. Сонымен бірге, тұрғындарды мерекемен өзара байланыс орнатқан №1 Самар орта мектебінің оқушылары құттықтады.
Қарттарын қадірлеген ел екенбіз,
Бүгінгі Қарттар күні мерекеміз.
Қауыштық жыл айналып, қайтадан біз,
Арта берсін, бақ-дәулет, берекеміз, - деп ақын Райхан Қалқабайұлы айтқандай, аман–сау жүріңіздер қариялар!

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз