Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аса мейірімді Алланың атымен бастаймын. Аллаға шүкір, қасиетті Рамазан айында аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі үлкен нығмет. Жаратқан ие баршамызға осы айды лайықты түрде атқаруға медет берсін, жәрдем етсін! Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрәк айымен қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл көрмеген қонағын күткендей құшақ жая қарсы алады екен. Өйткені, бұл ай әр бір жанға мейірімнің бір сынығын сыйлайтын, сауабы мол маусым.

 

Ендеше, біз де Ұлы Рахманнан ұлық Рамазан айының берекесін тілейік. Мейірім маусымының иесі мұсылманға игілікті болуын тілеп Жаратқанға жалбарына дұға етейік.

Рамазан айында парасат-пайымы биік пенде үшін артындағы ғұмыр жолына бір қарап алып, без мендеп, болашағын бағдарлайтын қайталанбас сәт туады. Шындығында, өз өзіне есеп беру тақуа жандардың дағдысы, байыптылардың әдеті. Рамазан берекелі дас-тархан болып жайылып, отыз күндік мпәһи мейрамға айналады. Рамазан айы жай күні жасалған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын қуатты айы. Сондықтан бұл айда да, үнемі де игілік иелері жақсылық жасаудан жалықпайды.

Батай Әлімбек,

Үлгілімалшы ауылының имамы

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз