Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 қазан күні аудан әкімі Асхат Смаиловтың төрағалық етуімен аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында кеңейтілген аппараттық кеңес өткізілді.  Кеңеске ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме мен ұйым жетекшілері, салалық қызмет өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде аудандық маңыздағы 8 өзекті мәселе қаралды.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүлдем жұмыс жүргізілмеген Самар, Миролюбовка, Маринагорка, Сарыбел, Палатцы ауылдық округтері әкімдерінің жұмысы сынға алынды. Бұл тұрғыда аудан әкімі бағдарламаны жүзеге асырудың маңыздылығына баса назар аударды.
– Біздің міндетіміз тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Әркімнің күнкөріс көзі болуы керек. Мемлекеттік бағдарлама жоспарын орындауға міндеттіміз. Нәтижеге мақсатталған жұмыс жүргізуді талап етемін, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Ветеринария саласының қызметін саралаған жұмыс тобының ақпараты тыңдалды. Ветеринария саласындағы басты мәселе – бруцеллез ауруының белең алуы. Аталмыш қызметінің жұмысы сын көтермейді. Негізгі мәселе ауруға оң нәтиже анықталған мал уақытында жойылмаудан туындап отыр дейді мамандар. Асхат Сайдахметұлы мал басын таза ұстаудың басты шарты кезекті дұрыс ұйымдастыру екендігін қадап айтты. Қараусыз жүрген қаңғыбас мал ауру таратады және мал ұрлығына жол ашады.


«Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы 2020 жылы атқарылатын жоспарлар туралы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Байсеңгіров баяндады. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама аясында Көкпекті ауданында 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар Көкпекті ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары және дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысы. Келесі 2020 жылы аудан орталығы Көкпекті ауылында аталмыш бағдарлама аясында 18 көше орташа жөндеуден өткізілмек. Жалпы аудан көлемінде 5 жоба ұсынылып отыр. Олардың қатарында Самар ауылының жазғы суғару құбырларын жөндеу, аудан орталығында бассейн құрылысы бар. Аудан әкімі ұсынылған барлық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттардың дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Төтенше жағдайлар және жедел жұмылдыру бөлімінің басшысы Қуаныш Әңкебаев көктем уақытындағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын туралы ақпарат берді. Көкпекті ауылының батысындағы су тоғанынан шығатын арық арнасын бекіту, бұталар мен қоқыстан тазарту, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілген. Алайда аудан басшысы ауыл ішімен өтетін арық арнасында жүргізілген жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді. Көпірлердің астын тазарту, арнаны бекіту жұмыстары жеткіліксіз. Бұл жұмыстар қар түспей тұрып, шұғыл жүргізілуі керек. Преображенка ауылындағы ұзындығы 3 шақырым су өткізгіш арықтың арнасын ашу, тазалау жұмыстары толық аяқталған. Тассай ауылдық округіне қарасты «Кленжыра» учаскесіндегі бөгеттің су шайып кеткен жерлерін қайта қалпына келтіру, Ешкібай және Лайлы су қоймаларының арасын жалғап жатқан каналдың арнасын тазалау жұмыстары қазіргі уақытта атқарылып жатқаны баяндалды.
Сонымен бірге, сүтті мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылық жерлерін цифрландыру сұрақтары қарастырылды. Аудан басшысы күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз