Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2019 жылдың 1-2 қазанында облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Уба "шипажайы базасында Халықаралық қарттар күніне арналған облыстың ардагерлер активімен іс-шаралар ұйымдастырылды.
Көкпекті ауданынан аталған іс-шараларға үш ардагер – Слямбек Мұқашев, Әсия Қалиева және Бинұр Шадиева қатысты. Қазан айының бірінші күні «Асыл әжелер»облыстық қорытынды байқауы өтті. Оған облыстың барлық қалалары мен аудандарынан аймақтық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды: «қатысушылардың презентациясы», «интеллектуалды сайыс», «өмір бойынша әнмен», «ұлттық тағамдардың көрмесі» және «Шебер қолдар».
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Сейітұлы Шерубаев бастаған білікті қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарды. «Бұлбұл үнді әнші әже», «Парасатты әже», «Шебер әже», «Білгір әже», «Биші әже», «Ақ жаулықты дана әже» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Бұлбұл үнді әнші әже» аталымының иегері Әсия Ғайноллақызы Қалиева болды. Ол Бастаушы ауылдық округінде тұрады, «Асыл мұра» әжелер клубының белсенді мүшесі, «Бүкілдүниежүзілік халық творчествосы» фестивалінің лауреаты, «Еңбек ардагері» атағының иегері. Облыстық «Асыл әжелер» байқауының барлық жүлдегерлері дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.


Сонымен қатар, 2 қазанда облыс әкімінің қабылдауы өтті. Даниал Кенжетайұлы Ахметов жастарға патриоттық тәрбие беруге және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін ардагерлер қозғалысының белсенділеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Грамота иегерлерінің бірі Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев болды. Сләмбек аға бұл марапат оның жеке еңбегі емес, аудандық ардагерлер кеңесінің, бастауыш ардагерлер ұйымдарының барлық төрағаларының жұмысының мойындалуы екенін атап өтті. Іс-шара қонақтарына Даниал Кенжетайұлы құттықтау сөз сөйледі.
– Мен үшін бүгін осында болу және сіздерге жалпыға ортақ құрмет көрсету үлкен мәртебе, өйткені сіздердің ұрпақтарыңыз еліміздің қалыптасуына белсене қатысты. Сіздер – Қазақстан мақтанышысысыздар. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, - деді облыс басшысы. Сондай-ақ, Даниал Ахметов өңірдің білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жаңашылдықтар туралы айтып берді.
– Осының барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, – деп атап өтті.
Выдриха ауылында облыс ардагерлері екі күн бойы түрлі меркелік шараларға қатысып, барлық емдік процедуралар қабылдады.
Слямбек Мұқашев, Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Халықаралық қарттар күніне арналған айлық дәстүрге айналды. Осы кезеңде ардагерлерді қайырымдылық концерттері мен түскі ас түрінде құттықтау, аға буын өкілдерімен кездесу, материалдық көмек көрсетіледі. Мен біздің барлық замандастарымды осы тамаша мереке-мен шын жүректен құттықтаймын. Бізге жасалып жатқан жақсылықтары үшін алғысымды білдіремін. Бұл аудан экономикасын, әлеуметтік саланы дамытуға, жастарды тәрбиелеуге баға жетпес үлес. Егде жасына қарамастан, олардың көбі өз ісіне адал қызмет етуді жалғастыруда. Сіздерге ұзақ және бақытты жылдар тілеймін.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз