Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні депутат Гүлнар Шаймарданованың төрағалығымен аудандық Мәслихаттың кезекті ХХХVІІІІ сессиясы болып өтті. Сессияға қатысуға тиісті аудандық маслихаттың депутаттары қатысты. Сондай-ақ сессия жұмысына аудан әкімі Асхат Смаилов және аудан әкімдігінің дербес бөлім, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен қатар БАҚ өкілдері қатынасты.
Сессия жұмысында «Тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық нысандарының жылыту маусымына дайындық қорытындылары туралы» ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы М.Наурызбаева, «Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі» тұрақты комиссияның төрайымы Е.Сихварт, «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж» арналған Бағдарламасының орындалуы туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің есебін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының м.а.А.Ботантаева, «Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 30-2 «2019-2021 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің м.а.С.Байсеңгіров, «Тұрғындардан сүт сатып алуды ұлғайту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы» аудан әкімінің орынбасары Б.Қойгельдин баяндамалары тыңдалып, шешімдер қабылданды.


Баяндамалар бойынша жарыс сөзге аудандық маслихаттың депутаттары Елена Сихварт, Қанат Бидахметов баяндамашыларға сұрақ, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сессия жұмысында сөз алған аудан әкімі Асхат Смаилов сессия күн тәртібіндегі қаралып отырған мәселелерге тоқталып, ұсыныс-пікірлерін білдіре отырып, аудан бойынша басқа да атқарылып жатқан жұмыстармен қатар алдағы міндеттерге де тоқталып өтті.
Сессия соңында халық қалаулыларының бүгінгі бағасына ризашылығын білдірген аудан басшысы алға қойған міндеттер мен жоспарлар әлі де көп екендігін жеткізіп, жоспарлы міндеттерді атқаруда депутаттық корпуспен тығыз байланыста бірлесе отырып жұмыс жүргізетіндігіне сенімін білдірді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз