Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2018-2021 жылдарға арналған азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша жол картасын іске асырудың іс-шаралар жоспары аясында Нұр-Сұлтан қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы алаңында болды.
Аталмыш жәрмеңкеге біздің аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілер қатысып, өздерінің өнімдерін ұсынды. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Расул Сармановтың берген мәліметі бойынша, бұл күні жәрмеңкеде 3 тонна жылқы еті, 1,6 тонна «Алтай балы» өнімдерін, (Р.Мұхамадиев), Самар ауылдық округі балық өнімдерін, Құлынжон ауылдық округінен «Жахангер» ШҚ (С.Зульфиев) көкөніс өнім-дерін және «Серік» ШҚ сүт өнімдерін (А.Қажығалиев) сатты..


Жәрмеңкеге Бастаушы, Құлынжон, Палатцы, Самар, Қ.Аухадиев және Үлгілімалшы ауыл-дық округ әкімдері мен ауыл шаруашылық бөлімнің мамандары А.Сарманова, Б.Артыкпаев та барып, жәрмеңкеде қала тұрғындарына ауылдың дәмін ұсынды. Әдеттегідей жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасы қаланың басқа коммерциялық базарларына қарағанда 10-15 пайызға төмен.
Көкпекті ауданынан өнімдерге бас шаһар тұрғындарының сұранысы жоғары болды. Демек, елордалық тұрғынның дастарханы құнарлы тағамдарға толып, көңілі марқайып қалғаны сөзсіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз