Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 27 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдауы жүргізілді.


Қабылдау басталмастан бұрын «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева өткен қабылдауларда шешілуі тиіс сұрақтардың жағдайын баяндады: 2018 жылдың 13 тамызы күні аудан азаматарынан түскен 8 сұрақтың 5-еуі шешімін тапқан. Атап айтқанда Серік Жүнісов Көкпекті ауылы әкімінің баяндауы бойынша күзетшілік жұмысқа тұрғызылған, Қайрат Малғаждаровтың ескерткіштер туралы сауалы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарымен толық тексеріліп, қанағаттанарлық жауап берілген. Азаматтар Юсуп Атабаев, Үмітбек Оралов, Ирина Губердің сауалдары тиісті орындалушылардың бақылауында, жауап қолданыстағы заңнама аясында берілетіндігі мәлімденді. Өткен қабылдаулардағы тұрғындар мәселесінің сырғытпа сөзбен ғана шешілмей нақты дәйектермен, оң шешілуін, арызданған, өтініш берген, шағым айтқан тұлғаның сұрағына дәл жауап алып, екінші рет бұндай мәселенің қайта туындамауы үшін арызданушының толық қанағаттануын қатаң ескерткен аудан әкімі қабылдауды жалғастырды.
Қабылдауға келген Көкжайық ауылдық округінен Аусан Дубаев Талапкер ауылы маңайындағы жайылым мен егістікті ауыл малдарының таптайтынын айтып шағымданды. Бұл сауалға жауап беру үшін Көкжайық округі әкімдігінің мамандары мен ауылдағы учаскелік полиция инспекторіне азамат Аусан Дубаевтың арызын тіркеп, нақты жердің мал таптаған дәлелдемесі болса, сотқа жүгінуге кеңес берілді.
Мұнан кейінгі кезекте «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспана ала алмай жүрген Карина Алғазинова мен Дәурен Лекеровтың өтінішін тыңдалып, қаржы және экономика бөліміне өтініш жазып, құжаттарын аудандық комиссия қарауына толық өткізіп, несие алу үшін кезекке тұру кажеттілігі түсіндірілді.
Жеке басына жұмыс сұрап келген, уақытша жұмыссыз Кенжебек Акметқалиевтің, Данагүл Шаяхметованың, Әсемгүл Байбусинованың сауалын қанағаттандыру үшін Көкпекті ауылының әкімі Ерлан Ниязбаевқа, Үлгілімалшы ауылдық округі әкімі Мерей Смағұловқа, аудандық білім бөлімі кадр бөлімі басшысы Назира Сапароваға тапсырма берілді.
Әлия Смаилова Үлгілімалшы ауылынан қайтыс болған сіңілісінің жинақталған зейнетақысын ала алмай жүргені туралы шағымданды. Бұл азаматшаның туыстық қатынасы реттелмегендіктен мәселенің сот шешімі арқылы ғана табылатыны түсіндіріліп, құжаттарын рәсідеуге көмектесу Үлгілімалшы ауылдық әкімдігі мамандарына міндеттелді.
Көкпекті ауылының тұрғыны Татьяна Ташниченко Береговая көшесінің аяғына дейін жарықтандырылмағанын, қыс уақытында көше жолдары қардан тазаланбайтындығын тілге тиек етті. Аудан әкімі алдында жауап берген Ерлан Ниязбаевтың уәжі дәлелсіз, нақты болмады. Бұл тұрғыда мәселені нақты орнында комиссиямен қарап, неше фонарь керек, қанша жол тазалануы керек жөнінде толық мәліметті филиал төраағасының бірінші орынбасарына беруді міндеттеді.
Сонымен қатар, арызданушы Берік Дюсуповтың Самар ауылдық округі әкімінің іс-әрекеттері жөніндегі сұрақтары бойынша аудан әкімі аппараты басшысына қызметтік тексеріс жүргізу тапсырылды. Бұдан басқа да жер алу мәселелері туралы Әсел Оразбаева, Ержан Дюсуповтың сұрақтары аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржановтың төрағалық етуімен құрылатын комиссия арқылы қаралып, заң негізінде жауап берілетіндігі арызданушы тұлғаларға жеткізілді. Шәріптоғай ауылынан аудан орталығына баспана сұрап келген Жаңылхан Смағұлованың материалдық жағдайымен ауылдық округ әкімі Ерлан Ниязбаевқа толық танысуды, асырауындағы балалардың жағдайын нақты тексеруді тапсырды. Баспананың санаты бойынша көрсетілген кезегі ретінде берілуі комиссия арқылы қарастырылатыны жеткізілді.
Қоғамдық қабылдауға келген тұлғалардың сұрауларынын көбі жергілікті ауылдық округ әкімдігі мамандарының арызданушыға мәселені толық түсіндірмеуінен, «бізден аулақ, әне ауданға бар» - деп өтініш берушілерді шығарып салудан туындайды екен. Сондықтан ауылдық округ әкімдері ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын, керек-жарағын күнделікті біліп, зерделеп отырулары қажеттілігі айтылды. Бұл дегеніңіз ауыл тұрғындарының өтініші аудан әкімі үшін басты назарда екені.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз