Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың, 10 сәуір күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Жастар орталығы жəне білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» атты аудандық жастар арасында флеш-моб би байқауы өтті.
Шара патриоттық әндермен бас-талды. Ақ және қызғылт сары түсті киініп, ашық аспан астында көк туымызды биікке желбірете шыққан жастардың жүздерінен Астанаға деген ерекше әсерлерін байқадық. Флешмобқа ауданымыздың түкпір-түкпірінен 17 топ қатысты. Байқаудың өту барысында өткен жылдан қарағанда аудан бишілерінің деңгейі бір шама жоғарылап өскеніне көз жеткіздік.


Сайыс шарты бойынша конкурс екі кезеңнен өтті. 1 кезең бойынша командалар 1 минуттың ішінде өздерінің топтарын таныстырды, 2 кезең бойынша жастарымыз бойындағы ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін тілсіз әдемі әуен ырғағында 5 минут көлемінде мәнді, тәлімді билерімен көрсетулері керек. Осы кезеңдерден сүрінбей өткен, тартысты би додасының жүлдегерлері де анықталды. Олар І-орын «Импульс» тобы (Көкпекті орта мектебі), ІІ орынды «Мың Қазақ» тобы (Аққала ауылынан келген), ал ІІІ-орын «Astana arlans» тобына (Шәріптоғай ауылынан) бұйырды. Жарысқа қатысып, белсенділік көрсеткен қалған би топтары алғыс хаттармен марапатталды. 2016 жылдан бастап Жастар орталығының мұрындық болуымен өткізіліп келе жатқан флеш-моб сайысы алдағы уақытта да жалғасын табады.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз