Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сәуір айының 10-11 күндері аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин бос орындар жәрмеңкесі аясында Семей жəне Өскемен қалаларының жоғары оқу орындарында студент жастармен кездесті. Биылғы жылы білім ордаларын аяқтайтын түлектермен кездесуге ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, жастар орталығының директоры Азамат Халық, маслихат депутаты, білім беру бөлімінің маманы және мектеп директорлары қатысты. Бүгінгі күні ауданда білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет жəне ауылшаруашылық салалары бойынша 100-ден астам мамандар қажеттілігі туындап отыр. Екі күнге созылған бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 56 жас түлекпен келісім-шарт жасалды.


Кездесулер барысында аудан әкімінің орынбасары студент жастарды ауданның әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды. Жоғары оқу орнында білім алып жатқан жастардың ертеңгі күні оқуларын бітіріп, мамандық алысымен ауылға келіп, оның экономикасын өркендету жолында білімдері мен біліктерін ортаға сала жүріп, өз үлестерін қосуға шақырды. - Түтіні түзу, тұрмысы тұрақты ауданымыздың абыройы жыл сайын артып келеді. Іске асып һәм асырылып жатқан бастамаларды іздей қалсаңыз, Көкпектіден табасыз. Өңірдегі жағымды жаңалықтар көпшіліктің көз алдында. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде тындырымды істер толастаған емес. Әр салада серпін бар. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы да мерзімінде. Әлеуметтік нысандардың бірқатары күрделі жөндеуден өтсе, енді бірінің іргетасы қаланды. Баспана да берілді. Әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша, барлық салалардың өсіп келе жатқандығын аңғаруға болады. Көкпекті ауданының негізгі әлеуеті ауыл шаруашылығы. Сондықтан осы салаға жіті көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстардың негізі қалыптасқан, - деп жүйелі сөз бастаған Дәурен Бақытжанұлы жастардың назарын бірден өзіне аударды.
Анық аңғарғанымыз жастардың ауылға деген ынтасы зор. Оларды ерекше қызықтырғаны ауылды жерде жас мамандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу мәселесі болды. Аққала ауылындағы Ұстаздар үйі, Самар ауылындағы медицина саласы мамандарына берілген тұрғын үй, аудан орталығында мәдениет саласының мамандарына арнайы тұрғызылған баспана туралы ақпарат көп түлектің көңіліне қонғаны көрініп тұрды.
Жоғарғы оқу орындарының түлектерімен өткен кездесулер бос орындар жәрмеңкесіне ұласып отырды. Әр саладан арнайы келген өкілдер түлектерді бос орындармен таныстырып, жұмыс ұсынды. Жас түлектің тілегі - дұрыс жұмыс. Дәстүрге айналған үрдіс түлектердің жұмыспен қамтылуларына үлкен мүмкіндік береді. Еңбек жолын ауылдан бастау жас мамандар үшін үлкен тәжірибе алаңы болмақ.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз