Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қауіп сейілді

Көктемгі жылы күндер мен жауын-шашынның басталуымен біздің аймақтағы су тасқыны жағдайы қайтадан арта түсті. Бұған ең алдымен, Самар ауылдық округінің Лайлы су қоймасы жатады.

Лайлы өзенінің кенеттен «өрік-пеуіне» байланысты арнасынан асып, тұрғын үйлерді су алу қаупі 31 наурыз күні самарлықтарды қатты әбігерге түсірді. 30-31 наурыз күндері Самар ауылында қатты жауын жауады. Бұл Лайлы өзеніндегі бөгеттің қойнауының күрт толтырылуына әкелді. Аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов пен сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жылқышевтің айтуынша, су қоймасының жобалық қуаты 770 мың м3, ал түні 100% толтырылған. Толтыру алдындағы күн 490 мың м3 құрады, ағыны 2,5 м3 / сек. болды.


Бұндай қиыншылықты ешкім алдын-ала болжамады. Самар ауылындағы метеостанцияның мәлі-меттеріне сәйкес, жаңбыр түріндегі жауын-шашын мөлшері нормадан 1338% құрады.
Бірақ аудандық әкімшілік пен ауылдық округтің, шаруа қожа-лықтарының, «ДСУ-14» ЖШС, жергілікті төтенше қызметтер бөлімінің, Өскемен қаласынан арнайы келген мамандандырылған құтқарушылар тобының топтасқан және ұйымдасқан жұмыстарының арқасында су тасқыны қаупін алдын алды, ал ШҚО ТЖД барлық жағдайды қатаң бақылауда ұстады.
Ауылға судың кіріп кетуінен сақтану үшін жағалауларды бекіту жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұр-ғындарын қауіпсіз жерлерге көшірді. Бірнеше сағаттан кейін, төтенше жағдай қалпына келген соң, ауыл тұрғындары үйлеріне қайтып оралды.
Округте төтенше жағдай орын алғандықтан, ауданға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Ақтанов келіп жағдаймен танысып, шұғыл топпен жиналыс өткізіп, ТЖ бөлімі қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.

Бірлік бәрін жеңбек

Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Фазылұлы Күдербаевтың айтуынша 31 наурыз - 1 сәуір күндері округтегі шаруа қожалық басшылары патриоттық белсенділіктерін көрсетіп, тағы да қажетті техникалар мен жұмыс қолдарын жіберді.
Төтенше жағдай кезінде самар-лықтар бірлесіп, барлық күш-жігерлерін өз үйлерін, мал-мүліктерін аман сақтап қалу үшін аянбай жұмсады. Мысалға, «Мәмбет» ШҚ (Е.Мәмбетов) 1 бірлік жүк тасушы және «Камаз» автокөлігін берсе, «Еңбек Агро» ЖШС (М.Құмаров) – 1 бірлік жүк тасушысын берді. Ал, «Қалисаттарұлы» (С.Жотабаев), «Колос» (Е.Болде), «Дюсупова» (Е.Дюсупов) ШҚ және «Каскад –Н» ЖШС 1 «Камаз» автокөлігін, су қоймасы 1 бірлік экскаватор берді. Соның ішінде, «Сембинов» ШҚ (Ж.Сембинов) жұмысшылары Рүстем Хасенов, Руслан Тоқтарбаев, Асылбек Ризабек каналдарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, бұл күні Пантелеймоновка негізгі мектептің ұжымы және мектеп директоры Күлімхан Рахымжанқызы Нүриеваның басшы-лығымен барлықтары жағалауға бөгет қою жұмыстарына белсене қатысты. Әсіресе, ауыл тұрғындары Грунин Владимир Петрович, Мерғазы Тұяқұлы Байзақовтың еңбектері зор.
Сондай-ақ, «ДСУ-14» ЖШС атқарушы директоры Александр Калинин ұйымдастыруымен жағалау-ларды тазалау, бекіту, судан қорғау жұмыстарына А.Антоненко (экскаватор), З.Скаков (жүк тиегіш), В.Тинин (бульдозер «Шантуй»), С.Қабабаев (жүк тиегіш), А.Қаленов (грейдер), А.Қалиев (КамАЗ), А.Таранов (жүргізуші), Н.Еремеев (прораб), В.Нарушин (механик) жұмылдырды.

Түйінді түйіткілдер қалды

Бұл жолы Лайлы су қоймасында төтенше жағдайға не себеп болды? Әлде, бұл біз үнемі сілтеме жасайтын табиғи құбылыстар ма?
Өкінішке орай, олай емес. Бұл жерде басты рөл адам факторы болған. Мәселе мынада, Лайлы мен Ешкібай су қоймалары облыстық әкімдіктің «Шығыс су қоймалары» ҚПО балансында тұр. Атап айтқанда, су бөгетінің жағдайын бақылап, тазалығын сақтауға жауапты екі адам белгіленген. Іс жүзінде, бұл жұмыстар көктемде немесе күзде мүлде жүргізілмеген. Соның салдарынан су арналары қамыс, бұталармен толтырылып, қалың мұз қабатымен жабылып қалған. Төтенше жағдай кезінде ауданның басқа ұйымдары тарапынан жұмыс күші мен арнаны тазалау бойынша барлық жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылды.
Бірақ, табиғат-Ана ешқашан нем-құрайлылық, жауапсыздық қателерін кешірмейді, себебі бұл қателіктердің салдары адам өмірімен өлшенеді.
Енді Лайлы су қоймасына жауапты тұлғалар, жасаған қателіктерінен сабақ алып, алдағы уақытта төтенше жағдайлар туғызбайды деп сенеміз. Самар ауылының көптеген тұрғындардың айтуынша, бөгеттер жағдайын үнемі бақылауда ұстайтын, мамандандырылған инженер-гидротехниктің болуы шарт дейді. Округтегі қоғамдық кеңес осы мәселеге баса назар аударуы керек. Бүгінгі таңда, Лайлы су қоймасының су деңгейі 1,5 метрге төмендеді. Дегенмен, ауданның барлық төтенше қызметтері қатаң тәртіпте жұмыс істеуде. Арнайы кезекшілік құрылған.
Самар ауылында су тасқынынан қауіп жою үшін су бөгет арнасында арнайы 2500 қап инертті материалдар дайындалды. Ауыл тұрғындарына арнайы төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі жайында ұсыныстар, түсініктемелер берілді.
Бәрінен де апаттың алдын алуда тұрғындардың өз үйлерінің аулалары мен шатырларын қардан тазартып, суағарларын жөнге келтіріп, арықтарды аршуға атсалысқандары қажет. Сонымен қатар, апат болған жағдайда қалай әрекет ету жөнінде ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қауіпті төмендететіні баршамызға белгілі.

 

Қанат АПСАДЫҚОВА,
Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз