Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ежелден «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деп өскен біздің халық үшін, ақсақалдардың ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену қоғамдық маңызы зор іс саналады. Алтын тұғыр ардагерлердің өмірлері өнеге дейтін болсақ, олардың жастар тәрбиесінде алар орны зор.


«Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік!». Бұл - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында айтқан сөзі. Елбасы айтқан Тәуелсіздік ұғымы дегенде ардагер аталарымыз ойға оралады. Бейбітшілік үшін жан алысып, жан беріскен жауынгерлер бүгінде бір-бір үйдің аталары. Алмағайып заманды бастан кешкен қариялар қазіргі күні ұрпағына жөн сілтер ақылшыға айналды. Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің басын қосатын үлкен ұйым бар. Ол «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі деп аталады. Әрбір облыс орталықтарында және қала, аудандарда жеке-жеке филиалдары жұмыс істейді.
Ақсақалды қарттар мен ақжаулықты аналарға қашан да төрден орын берген қазақ халқының бүгінгі ұрпағы да үлкендерге иек артпай қадам жасамақ емес. Ел дамуында да кешегі жалындап тұрған жастар, бүгінгі ардагерлердің үлесі ауқымды.
Ал, Көкпекті ауданындағы барлық ақсақал жасындағы зей-неткерлердің басын біріктіріп, бірқатар іс-шаралардың басынан табылып жүрген Слямбек Насырбайұлы Мұқашев басқарып отырған ардагерлер ұйымының жөні бөлек.
Аталмыш бірлестікті облыс бойынша беделді қоғамдық ұйымдардың бірі де бірегей деп нық сеніммен айта аламыз. Себебі, бірлестіктің мүшелері - ардагерлер, өмірдің ыстық-суығына төзіп, талай сыннан сүрінбей өткен арда ерлер. Бүгін аталмыш бірлестіктің 30 жылдық мерейтойы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте атап өтілді. Ауданымыздың ауылдық округтерінен жиналған қарияларды Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев құттықтап, ерекше ілтипат білдірді.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестіктің төрағасы А.Шерубаевтың мадақтама қағазы Жақыпжан Садвакасов, Шахарбек Ғабитов, Эмма Степанова, Сайламхан Чаловаға берілді. Ал, қалған округтің ардагерлер кеңесінің төрағалары мен төрайымдары Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағандықовтың алғыс хатына ие болды.
Өз кезегінде сөз алған Кәсіпкерлер Палатасының Көкпекті ауданы бойынша филиалының директоры Әлия Орынбекқызы Мұқашева ардагерлерді құтттықтап, оларға аудандағы «Тайм», «Қарлығаш және КО», «ССС», «Райымбек», «Нұриман» ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері және жеке кәсіпкерлер Н.Айдарова, Х.Сарманова, М.Даутова, М.Дюсупова, «Талап» ШҚ басшысы Ж.Күшікпаев, «Көкпекті Жолдары» ЖШС-нің демеушілігімен алынған сыйлықтарын табыстады.
Сонымен қатар, ардагерлер ұйымының ұжымы аудандағы «Шынар» (Ж.Сәрсенбаева), «Алуа» (Б.Смағұлова), «Керуен» (А.Ибрайымов) дүкендеріне алғыстары шексіз.
Салтанатты рәсім музыкалық кешке ұласты. Білім ордасының талантты жастары ән айтып, концерттік бағдарлама қойды.
Сәния Аитова, Сарыбел ауылдық округі:
- Ең алдымен сіздерді жарқын мереке, Республикамыздағы ең беделді ұйым, ардагерлер қозғалысының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Халқымызда «Ардагеріне қарап, ауылын таны» деген қанатты сөз бар. Бүгінде Көкпекті ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуда біршама жетістіктерге қол жеткізсе, мұнда біздің арқа сүйер аталарымыз, кеңес берер кемелдеріміз-ардагерлеріміздің үлестері ерекше. Барлықтарыңызды мере-келеріңізбен құттықтаймын.
Ғинаят Болғұбаев, Белое ауылдық округі:
- Ардагерлер әрқашан жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Елбасы әрбір тұрғынның салауатты өмір сүруін насихаттап келеді. Сіздердің әрқайсыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақытты қарттық тілеймін!
Шахарбек Ғабитов, Бастаушы ауылдық округі:
- Талай сыннан сүрінбей өткен, берекелі бірлігі бар Көкпекті ауданы аталған шараларды ойдағыдай өткізуге сеніміміз мол. Бұл істе, сөз жоқ, ардагерлеріміз де шет қалмайды. Елдің жүгін қара нардай көтерген алдыңғы толқын ағалар, жұртшылықты айрандай ұйытып отырған ақ жаулықты аналар! Халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген ардагерлеріміз көбейіп, әрқашанда ардагерлер ұйымының атақ-абыройы биік болсын деп тілеймін.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз