Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 желтоқсан күні Көкпекті ауданында қазақ күресінен «Көкпекті барысы» турнирі өткізілді. Жарысқа Көкпекті ауданының ауылдарынан іріктеліп келген 58 палуан қатысып, боз кілемде бақтарын сынады. Байрақты бәсекені ұйымдастырушы Көкпекті аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев арнайы қатысып, сайыпқыран спортшыларға сәттілік тіледі.

 

Бұл жолғы жарыстың жөні де сәні де бөлек. Көптен бері мұндай деңгейдегі ұлы дүбір өткізілмей жүрген Толағай төрінде қазақ күресінің алапаты аспандаған сәтке куә болдық. Тек қана Көкпекті ауданының тумалары мен тұрғындары қатысқан бәсеке демесеңіз, небір мықтылар осы жерден табылды. Қазақ күресінен спорт шеберлері, Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Әлем Кубогының жүлдегері, Азия құрлығының жүлдегері сынды кіл мықтылар боз кілемде белдесті. Ұлттық спорт десе ішкен асын жерге қоятын көкпектілік көзі қарақты көрермен спорт залын лық толтырды. Ине шаншыр жер қалмаған спорт залының бұл күнгі безендіруі де ерекше тартымды. Ұйымдастыру алқасы жарысқа дайындықты мықты жүргізгені айнадай жарқыраған залдың мерекелік безендіруінен-ақ байқалып тұр. Жарысқа жалпы басшылық етіп, өтуіне аянбай тер төккен спорт бөлімінің маманы Қадыр Қажыгелді екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, мәдениет үйінің өнерпаздары, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары, төрешілер алқасы, ұлттық спорт ойындары орталығының мамандары турнирдің өте жоғары деңгейде өтуіне барын салды.
Ауданда өтетін барлық қоғамдық маңызды шараларды үйлестіруде іскерлігімен танылып жүрген Бек Нұғыбаев, Нұрлан Тоянкенов, Азат Рахымбаев, Қадыр Қажыгелді, Дулат Тұрлыбеков, Шалқыбек Рахметоллаев, Дидар Азикенов, Қуаныш Маратұлы, Бақытбек Амирғазинов сынды ел азаматтарының кәсіби біліктілігі мен патриоттық ұстанымы қандай да болсын құрмет-қошеметке лайықты. Аудандағы барлық атау-лы шаралар Аяжан Амантайқызы мен Алижан Артықпаев тізгіндеген тұста құлпырып сала беретіні баршаға аян. Бұл жолы да дәл осы аты аталған жерлестеріміз «Көкпекті барысы» турнирін үлкен бір спорт мерекесіне айналдырды.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бұл турнир жыл сайын дәстүрлі өткізілетін болады деп мәлімдеді.
- «Көкпекті барысы» турнирі жас спортшылардың салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты серік етуіне, ұлттық құндылықтарды жоғары қойып, қазақ күресі спортының тынысын ашуға үлкен серпін беретіні анық. Бұл жарысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін боламыз. Бүгінгі жарысқа келген палуандар өздерінің білек күштерінің мықтылығын дәлелдеп жүрген белгілі палуандар және атақты ағаларының ізін қуған жасөспірім спортшылар. Сондықтан әрбір спортшы жеңіс тұғырынан көрінуге әбден лайықты. Жарыс әділ өтіп, шын мықтылар жеңіс тұғырына көтерілсін, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Спорттық шарада аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы қазақ күресі мен самбодан спорт шебері, Қазақстан чемпионы, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері Дидар Тұқышевқа құрмет көрсетті. Ұлттық құрама мүшесіне ел азаматтары атынан «ИП ТАИМ» шаруа қожалығы жылқы мінгізді.
Ақбоз үйден қасқыр терісін иығына сала шыққан палуандар кезегімен боз кілемге беттеді. Жеребе тарту рәсімі де ұлттық нақышта асық алу ретімен жүргізілді. Тартысқа толы сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен пауландар жеңімпаз белбеуі, медаль және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Тартысты өткен белдесулер нәтижесінде кіл мықтылар анықталды. Оқушылар арасында 50 кг дейінгі салмақта «Көкпекті жас барысы 2023» жеңімпазы Руфат Құралбеков атанды. Жүлделі 2 орынды Ерсін Қапаров және 3 орынды Азамат Қоңырбаев иеленді. Оқушылар арасында 50 кг жоғары салмақта Әлімбек Әлімжан қарсыластарын түгел ұтып, «Көкпекті жас барысы 2023» жеңімпазы болды. Финалда ғана жеңілген Мирас Биғалиев 2 орынды олжалады. Жүлделі 3 орынға Бауыржан Ахметқалиев табан тіреді. Ересектер арасында 18-35 жас аралығында елімізге белгілі палуандар кілемге шықты. Өте тартысты белдесулер нәтижесінде «Көкпекті барысы 2023» атағын Ерзат Арғынов жеңіп алды. Ағайынды Дидар Тұқышев пен Диас Нұрғазинов 2 және 3 орындарға ие болды. 36 жастан асқан ересектер арасында өте тартысқа толы күрес тамашаладық. Тассайдың тарланы, тектінің тұяғы Арман Ізғұтты «Көкпекті барысы 2023» турнирінің жеңімпазы атанды. Жүлделі 2 орынды Дулат Тұрлыбеков және 3 орынды Нұрлан Ермек жеңіп алды.
Жеңімпаз палуандар облыстық қазақ күресі жарыстарында Көкпекті ауданының намысын қорғайды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз