Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Көкпекті аудандық мәслихатының...
Көкпекті ауданында кәсіпкерлікпен айналысамын деген жастардың бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыздан аспайтын шағын несие беріледі.
Ағымдағы жылдың 2 наурызында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айман Нұрбекқызы мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында жастардың кәсіпкерлік бас-тамаларын қолдау үшін 2,5 % берілетін микрокредиттер туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бо-йынша Көкпекті ауданына келді. Жас кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несиені беру жолдарын түсіндіру мақсатындағы жиналысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, хал актілерін тіркеу бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды.
Жиналысқа ауылдық округтерден кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетіндер, ауданның белсенді жастары, ауыл тұрғындары қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов бастап, облыстан келген өкілді таныстырды. Сөз кезегін алған Айнұр Нұрбекқызы жеңілдетілген несиені алудың жолдары мен тәртібі жайлы толық әрі түсінікті мағлұмат берді. Микрокредит 5 млн. теңгеге дейін беріледі. Несие алудың негізгі шарттары:
төлем мерзімі – 5 жылға дейін (ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін)
жылдық үстемақысы – жылдық 2,5% аспайды.
Жастарға қойылатын талап 25 жастан 35 жасқа дейін болуы керек.
кепілдікке үй немесе сол сомаға сәйкес келетін мүлік қою міндетті. Аудан орталығы болса кепілдің 70 %, ауылдық елді-мекен болса 60 % алынады. Сондай-ақ кепілге мал, арнайы техника қоюға болады. Ал автокөлік, жеңіл көлік кепілге қойылмайды. Кепілге қойылатын арнайы техника шыққан жері мен жылдарына байланысты болады. Кепілге қойылатын үйлердің бағасы үйдің салынған материалына, шаршы метріне, сапасына, қазіргі нарықтағы бағасына байланысты есептеледі.
Микро кредитті алушы қажетті құжаттарды тізім бойынша агро кредиттік коорпорацияға тапсырады.
Құжаттар тізімі:
Сауалнама-өтініш түпнұсқа;
Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Жоба бойынша бизнес-жоспар көшірмесі, қарыз алушы қол қойған;
Жалақыны және өзге де кірістерді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
Кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар(кредиттер болған кезде) түпнұсқасы, берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге;
Кепілді мүлікті бағалау туралы есеп түпнұсқасы, (кепіл мүлкін бағалау өз қаражаты есебінен жүргізіледі);
Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар көшірмесі;
Қызмет көрсететін банктен шоттың болуы туралы анықтамалар түпнұсқасы (микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі);
Кепіл берушілердің мүлікті кепілге беру жөніндегі келісім түпнұсқасы (микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі);
Микрокредитті алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы органның шешімі түпнұсқасы (микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі).
Несие алушы комиссияға дейінгі барлық шығындар (мүлікті бағалау, нотариус) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл микрокредит комиссиямен қаралатын болады. Егер комиссияда ұсынған құжаттарыңыз өтпей қалатын болса, онда кеткен шығындар қайтарылмайды.
2,5 % дегеніміз теңгемен есептесек 5 жылға микрокредит алатын болсақ, 324 мың, 7 жылға алатын болсаңыздар 455 мың етіп қайтарасыздар. Бір жарым жылға дейін каникул бар. Қаржының мақсатты жұмсалуы қадағаланады.
Сенім білдірілген өкіл ай сайын ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді. Есепте қарыз алушы туралы мәліметтер, жоба атауы, микрокредит сомасы және берілген күні, қарыз қаражатының нысаналы мақсаты мен оны мақсатты пайдалану туралы ақпарат бар.
Абай облысына бүгінгі күні микрокредитке 1 млрд.55 млн. теңге бөлініп отыр. Оны адам басына есептегенде 211 адамға бөлінуі мүмкін. Оның ішінде Көкпекті ауданына кем дегенде 16 адамға микрокредит беру жоспарда бар.– деді Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.
Жиын барысында қатысушылар микрокредит алу үшін бизнес-жоспар қажет пе? 5 млн.теңге несие алу үшін кепілге 2,3 техника бірлігін қоюға бола ма? қой өсіруге несие ала аламын ба? мемлекеттен жалға алған жер кепілге қойыла ма? мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай жеңілдіктер бар? құжаттарды қайда барып тексертуге болады? еліміз бойынша микрокредиттер неше жыл көлемінде жүзеге асырылады? микро кредитке техника алуға бола ма? кепіл міндетті ме? малды кепілге қою кезінде қандай құжат керек? деген сияқты сауалдарын қойып, оған толық әрі нақты жауаптарын алды.
Сонымен қатар Айман Нұрбекқызы жиын барысында жастарға арналған кредитке қандай кәсіп ашуға болатынын айттып өтті.
Алдымен конкурс ұйымдастырылады. Әрбір адам өзінің бизнес-жоспарын таныстырады. Қолдау тапса, ақша бөлінеді», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, микрокредит нақты бір салаға арналмаған. Оны алғысы келетін адам кез келген бизнес аша алады. Басты талап – сұраныстың болуы.
Сонымен қатар несие алушы жеке кәсіпкер болса, тіркелген мерзімі 5 жылдан аспауы керек.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.