ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында жаңа нысан елдің игілігіне берілді. Аудан орталығының Заречка аумағында орналасқан жаңа саябақ ауыл ажарын аша түсті. «ШҚО облысы бойынша 100 елді мекенді және аудан орталықтарын абаттандыру» бағдарламасының аясында жүзеге асқан нысанның салтанатты ашылу рәсімі жасалды. «Балерке» балабақшасының қасында ұзақ жыл қалың ағаш бей-берекет өсіп, көзе қораш көрініп тұрған үлкен аумақ, міне аз ғана уақыт ішінде адам танымастай жаңаша кейіпке енді. Жаяу жолдар төселіп, аумағы толық абаттандырылды. Бірнеше заманауи балалар ойын алаңдары, спорттық құрылғылар бой көтерді. Дәл ортада субұрқақ атқылайды. Сәні мен сәулеті келіскен нысан енді көкпектіліктер мен қонақтардың серуендейтін сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Жоспар бойынша болашақта бұл нысан әлемнің түрлі ағаштары жайқалып өсетін дендросаябаққа айналмақ.

Көкпекті ауданында әлеуметтік нысандар қатары артып, жоспарланған жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Заречка аумағында жаңа саябақ, көкпектіліктер үшін осы қысқа мерзімде жасалған үшінші демалыс орны болып табылады. Әдетте мұншама көп халық аудан орталығына үлкен мерекелерде ғана жиылатын. Демек, жаңа саябақтың ашылуы тұрғындар үшін ерекше оқиға болды деуге болады. Сиымдылық аясы кең, көркі көз тартатын сейіл-серуен зонасы Көкпекті ауылының Садовая көшесі бойынан орын тепкен.
Бұл жұмыстардың барлығына шамамен 58,0 млн. теңге қаржы жұмсалған екен. Демалыс орынының салтанатты ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы:
- Осыдан бірнеше жыл бұрын мұнда тек орман болса, қазір аталған жер демалыс орнына айналып отыр. Осы саябақтың ашылуын, әсіресе, балғындар асыға күткен сияқты. Себебі, демалыс аумағында спорттық және балаларға арналған алаңдар бар. Саябақты өз үйлеріңіздей көріп, тазалығын, тәртібін бір кісідей сақтасақ, оның болашағы зор болмақ. Алда көптеген жұмыстар жоспарлануда, оның бәрі жүйелі түрде уақытында орындалады. Барлық аудан тұрғындарын бүгінгі жаңа саябағымыздың ашылу салтанытымен құттықтаймын, - дей келе ел игілігі жолында атқарылар жұмыстардың толастамайтынын тілге тиек етті.


Сондай-ақ ауыл әкімі мердігер мекеме Көкпекті ауданы әкімдігінің «Көкпекті» Шаруа-шылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорының жұмысына өзінің оң бағасын берді. Сонымен қатар аталмыш шаруашылықтың басшысы Рахат Жакупов, орынбасары Руслан Закиров, күн демей түн демей еңбек еткен жұмысшылары Асан Масалимов, Ерлан Нұрсүлейменов, Руслан Найзабаев, Ерлан Әмірбаев, Серік Мұратов, Күли Құмархан және Оразғали Бердігулге халық атынан рахметін жеткізді.
Міне көпшілік күткен сәт те туды. Саябақтың ашылу лентасын Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев және «Виничук» ЖШС басшысы Владимир Викторович Виничук кесті. Әжелер шашу шашты. Келген қонақтарға аудандағы «Көкпекті-Толағайы», «Шуақты-Шұғыла», «Балерке» балабақшаларының және Балалар өнер мектебінің ұжымдары кигіз үйде дастархан жайып шай берді.
Салтанатты шараға қатысушылар саябақ ішін аралады. Ауыл әкімі бастаған топ саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды. Көкпекті ауылындағы тәлімбақтан әкелінген шыршалар демалыс орнының сәнін келтірді. Ауыл қарттары да игілікті іске ризашылықтарын білдіріп жатты. Ал бүлдіршіндер ойын алаңдарын қызықтап, жаңа әткеншектерге отырып, мәз-мейрам болысты.
Өмірзақ Жолдығұлов, Заречка аумағының тұрғыны:
- Біз бейнетіміздің зейнетін көретін жасқа келгенде, еңселі де, азат елде емін-еркін демалып, бала-шаға, немере-шөберенің ортасында бақытты өмір сүруіміз үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті ол үшін қалаға барудың да қажеті жоқ, ауасы таза, көркі келіскен Көкпектідей ауыл ешбір шаһардан кем емес. Оған жөнделіп жатқан көше жолдары, қолданысқа беріліп жатқан бүгінгідей саябақтарымыз куә. Сондықтан да ауданымыздың әкімі Асхат Сайдахметұлына, ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы және еңбек ұжымына алғысымыз шексіз.
Зайда Сатыбалдина, зейнеткер:
- Ауылымыз жылдан емес ау, күннен күнге көркейіп келеді. Бұрын тұрғындар үйіне келген қонақтарды қайда апарып қыдыртуды білмесе, қазір аудан орталығындағы сәулетті де саялы демалыс орындары халық көңілін марқайтып, ауылымызға деген мақтаныш сезімін оятады. Осы игілікті істердің басы-қасында жүрген барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.

 Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз