ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын - мұғалімдікі», - деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгінде елімізде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін, беделін көтеру, оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында толымды да жүйелі істер жүзеге асып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Жыл сайын сары жапырақ - алтын күзде келетін Мұғалімдер күні барша педагогтардың айтулы төл мерекесі. Бұл күн ұстаз атаулы үшін тынымсыз еңбек пен қайнар білімнің бастауына бағыт сілтер мерейлі шақтың алтын қақпасындай әсер қалдыратыны сөзсіз.
Шат-шадыман көңіл күймен аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде ұстаздарды ұлықтауға арналып ұйымдастырылған салтанатты кешке ауданның көптеген ұстаздары жиналды.
Сондай-ақ, салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев, аудандық маслихат хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов, аудандағы барлық орта білім беру ордалары мен балабақшаларының басшылары мен мұғалімдері, бірқатар бөлім, мекеме басшылары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ауданның білім беру саласына жетістіктердің жылдан-жылға өсіп келе жатқанын айта келіп, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Мерекелік құттықтау сөзінде Марат Қапарұлы абыройлы мамандықтың қыр-сырына тоқталып, тынымсыз еңбек иелеріне шалқар шабыт, үлкен жетістік, жұлдызды шәкірт жемісін тіледі.
- Құрметті ұстаздар, бүгінгі ұлық мереке құтты болсын. Біз әрдайым жүректен шыққан лебізімізді, ақ тілегімізді, шәкірттік алғысымызды «Ұстаздарға, бас иеміз» деп бастағымыз келеді. Әр баланы «шәкіртім» деп қуана бауырына тартқан болашақтың бағбандары өздеріңіз екені еш даусыз. Білімнің асыл қазынасын әр баланың бойына дарытсам деп жүрген жүрегі батыр, сезімі ақын, мінезі күн шуағындай жылы, мейірімі ұшан-теңіз ұстаздай ұлыларға бас ию әркімге парыз болмақ. Ұстаз еңбегі нәтижесімен бағалы десек, шәкірттерінің жетістіктерін айтып, дәріптеуге тұрарлық «ұстаз» деген ұлағатты есімге лайықты мұғалімдерімізбен де мақтана аламыз. Бақыттың бастауындай ұлы жолда тынбай еңбек етіп келе жатқан сіздерге зор денсаулық тілеймін, - деді.
Құттықтау сөзден соң, аудан әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, аудан әкімінің марапаттарын салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарға аудан әкімінің атынан Құрмет грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Сахна төрінде ауданның білім беру саласына бар ғұмырын арнаған ардақты да ұлағатты ұстаздар, білім саласында өзіндік орны бар бірқатар мерейлі ұстаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Әсем әуен мен күміс күй құшағына бөлеген Көкпекті балалар өнер мектебі тәрбиеленушілері және мәдениет үйінің әншілерінің өнері өрілген салтанатты кеш мұғалімдер мерейін асырып, мереке маңызын айшықтай түсті.
Ұстаз – өмірдің шамшырағы! Осы бір керемет атауды арқалаған жандарға ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де қарыздар. «Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала», - деп Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын, тәуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуші мұғалімдердің кәсіби мерекесі біздің ауданда өзіндік сән-салтанатпен аталып өтілді.
Қадыр Қайырғазинов, Көкжота орта мектебінің директоры:
- Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай келе, шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілеймін.
Толқын Құнапиянова, «Көкпекті Толағайы» балабақшасының әдіскері:
- Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздарды жылына бір болатын мерекелерімен құттықтау әр бір адамның өте маңызды міндеті. Өйткені үлкен басшыларда, атақты жұлдыздарда, қарапайым жұмысшыда ұстаздың тәрбиесін алған. Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ҰСТАЗДАР
1.Жазигүл Құжамбетова (Абай атындағы орта мектебі)
2.Ләзат Қожаева (№1 Самар орта мектебі)
3. Ринат Қажиакберов (Пушкин атындағы орта мектебі)
4. Гаухар Бектасынова (Сарыбел орта мектебі)
5. Земфира Раимжанова (Көкпекті ауданының білім бөлімі)
6. Қажет Жүнісбеков (Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі)
7. Асқар Сүлейменов (Балалар өнер мектебі)
8. Қадыр Қайырғазинов (Көкжота орта мектебі)

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ ЖӘНЕ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ҰСТАЗДАР
1.Гүлмира Смағұлова (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені)
2.Жанна Суюндукова (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені)

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ҰСТАЗДАР
1.Райхан Жұмаханова (Көкпекті ауданының білім бөлімі)
2.Айгүл Сыздықова (Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі)
3.Бақыткамал Ғабдуллина (Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі)
4.Нұртай Оразғалиева (Үлкенбөкен мектеп–балабақша кешені)
5.Лаура Маткаримова (Абай атындағы орта мектебі)
6.Мағрипа Шегедекбаева (М.Әуезов атындағы орта мектебі)
7.Берік Әубәкіров (Преображенка орта мектебі)
8.Индира Апсалямова (Преображенка орта мектебі)

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ҰСТАЗДАР
1.Нұржанат Окатаева (Аққала мектеп-балабақша кешені)
2. Саягүл Тлебалдина (Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі)
3. Мейірлі Сыдықова(М.Әуезов атындағы орта мектебі )
4. Сауле Тоқтамысова (Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені)
5 Динара Димисинова (Преображенка орта мектебі)
6. Вазира Қалбағаева (І.Жансүгіров атындағы орта мектебі)
7. Динара Ниязбаева (Преображенка орта мектебі)

АУДАН ӘКІМІНІҢ МАДАҚТАМАСЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ҰСТАЗДАР
1.Гаухар Әбілмажинова ( А.Пушкин атындағы орта мектебі)
2.Гүлжанар Саябаева ( І.Жансүгіров атындағы орта мектебі)
3.Дина Кенжина (Казнаковка орта мектебі) ,
4.Құралай Қайсанова (Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені)
5.Гүлнар Туенбаева (Өрнек жекеменшік балабақшасы)
6.Шашигүл, Айтмұханбетова ( Самар ауылы балалар өнер мектебі)
7.Гүлфайра Ибраева (Амангелді орта мектебі)
8.Толқын Құнапиянова (Көкпекті Толағайы балабақшасы)
9.Гүлгина Жұмаханова (Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі)
10.Елизавета Меткенева (Самар №1 орта мектебі)

АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ҰСТАЗДАР
1.Гүлжанат Саржанова (Биғаш негізгі мектебі)
2.Әлия Қайырғазинова (Көкжота орта мектебі)
3.Бақытгүл Демеубаева (Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі)
4.Гүлайым Қарымсақова(Преображенка орта мектебі)
5.Әлия Мақанова (Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі)
6.Ардақ Ахмадиева (Абай атындағы орта мектебі)
7.Елена Петренко (Көкпекті орта мектебі)
8.Риза Бекова (Шуақты - Шұғыла балабақшасы)
9.Талғат Шаймарданов (Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі)
10.Ғалия Оспанова (Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта-мектеп лицейі)
11.Күлімхан Нұриева (Пантелеймоновка негізгі мектебі)
12.Жанна Искакова (Шәріптоғай негізгі мектебі)

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз