ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Т.Майкеновтың ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Самар ауылында өткен...

АРДАГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

АРДАГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

2019 жылдың 1-2 қазанында облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Уба "шипажайы базасында...

ЛЕТ ДО СТА РАСТИ ВАМ БЕЗ СТАРОСТИ

ЛЕТ ДО СТА РАСТИ ВАМ БЕЗ СТАРОСТИ

День пожилого человека – добрый и светлый праздник, когда мы окружаем особым вниманием...

ЕТ ӨНІМДЕРІ БАСЫМ БОЛДЫ

ЕТ ӨНІМДЕРІ БАСЫМ БОЛДЫ

Демалыс күнінің кезекті жәрмеңкесі Самар ауылында осы жолы сөрелерде ет өнімдерінің басым...

ВАШ ТРУД ТЕПЛОМ ДУШИ СОГРЕТ

ВАШ ТРУД ТЕПЛОМ ДУШИ СОГРЕТ

9 октября текущего года в районном в Доме культуры имени Калихана Алтынбаева состоялось...

  • ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

    ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

    20.09.2119 04:13
  • АРДАГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    АРДАГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    18.10.2019 04:28
  • ЛЕТ ДО СТА РАСТИ ВАМ БЕЗ СТАРОСТИ

    ЛЕТ ДО СТА РАСТИ ВАМ БЕЗ СТАРОСТИ

    16.10.2019 04:17
  • ЕТ ӨНІМДЕРІ БАСЫМ БОЛДЫ

    ЕТ ӨНІМДЕРІ БАСЫМ БОЛДЫ

    15.10.2019 05:34
  • ВАШ ТРУД ТЕПЛОМ ДУШИ СОГРЕТ

    ВАШ ТРУД ТЕПЛОМ ДУШИ СОГРЕТ

    14.10.2019 03:56

Тассай. Бейне теңіздің жағалауындағы «Қылының қабағы» дейтін үстірттің үстіндегі тобықтай түйілген, адырнадай иілген өзектегі ауыл. Тассай ауылы туралы Айбек Сапышев ақын:
Адымда шұбап жатқан Қыл қабағы,
Жөңкілген қар суы мен жылғалары.
Смат пенен Тассайдың арасында,
Көк құрақ көк торғын боп ырғалады,
Қасиет деп Қайнардың суын ішсең,
Көңілдің қошы болып жыр қалады, - дейді. Осы Тассай ауылы азаматтарының үлгілі ісі дегенде олардың тастай қатты бүлінбес бірліктері, ел қызығардай бақуатты тірліктері айтылады. Соның бірі аңшылық. Аңшылық дегенде атам қазақтың құс салуы, ау құруы, қақпан салуы, тазы ұстауы.
Қыркүйек айының баюымен дәл келген Салбұрын 28-29 күндері Еспе бойындағы Қарабұлақта қара қосын тігіп, абылайшаларын орнатты. Тіпті әппақ отау да құрылыпты. Жадағай желбір жапқан емес, ақ киізбен әспеттелген екен. Осы жерде шаруа қожалығының басшысы Қанат Асырандыұлы Тлебалдин шонжардың бақташыларының екі бөлмелі тамдары бар екен.
Қожалықтарының шаруасын дөңгеліп, ауылда өтіп жатқан пайдалы, мағыналы іс-шараларды қолдап жүрген Берік Қанатұлы Тлебалдин, Қайырлы Мәуітпекұлы Оразбаев, Айдос Жеңісұлы Қапасовтар ауқатты адамның нағыз мәрттігін көрсеткен демеушілер болды.

Салбұрын – аңға шыққан серілердің ерлігі мен ептілігін, мәрттігі мен жомарттығын көрсететін ежелгі дәстүр. Салбұрын аңшылық дәстүрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайта жаңғырып «Ұлы даланың жеті қырынан» туындайтын тапсырмаларды орындау барысындағы Тассай ауылдық округінің тамашасына астанамыз Нұр-Сұлтан қаласынан, Алматы мен Семейден, Аягөз, Жарма, Үржар мен Мақаншыдан, Тарбағатай аудандары мен ауданымыздың Тассай, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, ауылдарынан 70-ке жуық аңшы, қасқыр, түлкі алып жүрген 59 тазыны, тіпті Үржардан сұңқарын көтеріп Самғат бүркітші де қатысты. Тассай ауылындағы атақты аңшы Шапат Көбейұлы Дүкембековтың, Тассайдың аңшы атасының айтуынша:

 


- Салбұрынға жақсы ат, қыран бүркіт, берен мылтық сайланады. Әбжіл аңшылар, құсбегілер, саңлақ саятшылар, аңқұмар қағушылар, елгезек атшы-қосшылар бас қосады. Олардың ішінде әнші, күйші, жыршылар да болады. Олардың саны шектелмейді. Бір топта он-он бес тазы, жиырма-отыз адам болуы да мүмкін. Ал ең аз дегенде атшы-қосшы, былайша айтқанда, үш-төрт адамнан кем болмайды. Ел-жұрттан аулақ иенге шығып, қос, абылайша тігіп, аң аулайды. Күндіз жан-жаққа бөліне бытырап, аң аулауға кетеді де, кешкілік от басына жиналады. Бір жағында түлкі, қарсақ, қасқырдың терісіне шөп, сабан тығылып жатса, екінші жағында қоңыр аңдар сойылып, табақ-табақ қара қуырдақ, ет тартылып жатады. Құрт, сүзбе қатылған қарсақ жон сорпаны аяқ-аяғымен сіміріседі. Ат-көлік отқа қойылады. Қай тазыны қалай күтімге алу керектігі жастарға үйретіледі. Салбұрынға шығушылар әңгіме-дүкен құрып, әзіл-сықақ айтысып, бір-бірімен тәжірибелерімен бөліседі, - дейді көпті көрген саяткер ағамыз, жиналғандарға берліп жатқан түскі астағы сірнеден алып отырып. Дастархан басында сыйластық, құрмет пен ізеттілік тассайлықтар ғана жасайтын жол жоралғы көрініп-ақ тұрды.

ҚАТРЕН САЛДЫҢ ОЙЫН-САУЫҒЫ
Салбұрынның салтанатты ашылуы Қатрен сал Байжұмановтың өнерпаздарының ойын-сауығымен басталды. Қос Шынар кезек-кезек, арасында екі дауыста қосарлана ән шырқады. Сал ағамыздың барқыттай қоңыр дауысы микрофоннан төгілгенде айтулы Әнуарбек Байжанбаевтан кем естілген жоқ. Ауыл мен Отан туралы әндердер сыршыл «Көзіңнің мөлдіріне» ауысқанда «Мысықұясы» тауының бөктері сілтідей тынып, аңшы серілер де қосыла шырқады. Еспе өзені жағалауының қамысы да ызғымай, аспанға үйірілген қорғасын бұлттар да тамшысын іркіп қалды.
Сауық тазы көрмесіне жалғасып Өскеменнен келген «қызыл ауыз», «қыл мойын» сұлу ханымдарға – Ольга Пуха мен Елена Хардинаға сөз берілді. Бұлар Республикалық деңгейдегі эксперттер тазының тұқымының тазалығын бағалап, әрқайсысына тиісті төлқұжат беріп, таңба басты. Бұл күні құжаты ресімделген 59 иттің, 41 таза тұқым қазақи тазы деп танылды. Асыл тұқымдар тассайлық, абайлық, аягөздік жігіттердің ұстаған «жеті қазынаның бірі» арасын көптеп табылды.
Кешкісін қонақ асына арнап сойылған тайдың еті піскенше қой етінен жаубүйрек жасалып, кәуап қуырылды. Нағыз аңшылар жейтін «ет қанды болса, жігіт санды болардың» басытқысы да ұсынылып жатты. Ішімдік атаулы «алқакөлдісі» де, «алқакөлі жоғы» да ұсынылмады. Ел тек 7 көк сабаға құйылған қымызды бітіргенше сіміре берді.

ШЕЖІРЕНІ ТАРҚАТЫП, ӘҢГІМЕНІ ӨРБІТКЕН
Салбурынға жиналған ақсақалдар аңшылық пен саясашылықтың қызығын еске түсіріп, жақсы дәстүрді жалғай отыра жастарға үлгілі әңгіме де айтты. Шыңғыстаудан келген тобықты елінің ақсалдары Шыңғысбай Түсіпов пен Жүнісбек Слямов, тассайлық Шапат Көбейұлы мен Кабдыкәрім Капсалямұлы, Ғалым Слямов, ұржарлық ақын, саятшы Ерзат Шойтабан шежірені тарқатып, әңгімені өрбітті. Жүнісбек атаның Салбұрынның тарихы туралы ұлы Мұқтар жазған «Абай жолындағы» суреттерін қызықты әңгімелеп берді.
-Салбұрынды 100 жылдан кейін жандарындып, отын жарқ еткізген осы Көкпекті ауданының Тассайы мен Қалбатаудың Жарығы, осыдан шыққан ұшқынды шырақ 2018 жылы Абай ауданында Құндызды да лаулап жанып, жарығын көпке түсірді. Бүгінгі жиналған аңшылар мен саясатшылардың көбі сонда болды. Бұл шоу емес, ойын емес – баяғы табиғи аңшылық. Аты жеткен соғады, тазысы бапты алады. Мұндағы мініс аттары да, ерткен тазылар да аңға шығып жүрген алғырлар. Ертеңгі Салбұрын үш топқа бөлініп, коянды қағып, түлкіні ұрып, қасқырды соғып алатын кез, - деп батасын берді, абайлық атақты аңшы Жүніс аға.
Осы отырыста Тана мырзаның да Алтайда, Қалбада жасаған саятшылығы туралы, жүйрік аты Ақтанау мен құмай тазысының да жөн-жосығы баяндалды. Осы орайда аймағымыздағы атақты аңшы Мейрам Ораловтың көк тазысының қызығы еске алынып, Қалихан Алтынбаевтың Мейрам Ораловқа айтылған көңілі жыр болды. Аягөзден келген Арыстанның әрбір аңның үнін салып, арқар боп азынап, жылқыдай кісінеп, қасқырдың ұлуы мен түлкінің қыңсылын, тіпті тағы қыранның шаңқылын салғаны құлағы барларды таң-тамаша етті.
Әңгіме тарқатыла, жастар жағы ақсақалдарын қаумалай қамқор бола қызмет көрсетіліп, қол жуылып, қонақтар кешкі асқа отырды. Ас үстінде бата беріліп, Көкпекті ауданы әкімі Асхат Смаиловтың, Тассай ауылы азаматтарының сый-сияпаты жасалды.

САЯТШЫЛАРДЫҢ САЛБҰРЫНЫ
Таң біліне тұрған саятшы көп тайдың суыған етімен, қымызбен ауқаттанып алып атқа отырды. Жүніс аға сәттілік тілеп, бата берді.
«Уаз-патриотқа» мінген Алижан Артықбаев бастаған түсіру тобы дронын ұшырып, суретке түсіріп жатты.
Еспе суының қалың қамысты жағасына бір топ, Мысықұясы тауының қырқасына бір топ, алыстағы Арқарлы тауын көздей бір топ аттанды. Топтар шұбалаңқы шашырау емес, ықшам сергек екен.
Тазылар иіс алып, желге тұмсықтарын тосып жосыла сырғитындай. Артық дыбыс, дауыс жоқ, әредік ысқырық естіледі. Салбұрында біріншә қанжығасы майланған Алмас Ержақыпов, Айдос Айқынбаев, Мақсат Көбеновтей «мақаншылық үш қоңыр» болды. Олардың «Лашын» деген тазысы "сұр қоянның атасын" сәндеп басқан екен. Өскеменнен келген Бағлан аңшы мен Семейлік Бекжан мырза аңшылықтың өздері білетін тәсілдерін осы Салбұрында тамаша қолдана білді.
Мұнан кейінгі Шыңғыстау шерілері – Жүнісбек Слямов бастаған абайлық саятшылар, Салбұрынның қандай болатынын дәлелеп, қанжығаларын майлады. Бұл аңшылықта Аягөздік «Бозойлық бес төре»- Бақытбек Қомаев, Берік Кадиров, Ертай Дүрилдеков, Сырым Дюсебаев, бозойдың айнытпай аң үнін салушы Арыстан аңды қуып, қайырады. Сол кезде Абай ауданындағы атағы жер жарған «Құрманбай» шаруа қожалығының бас жылқышысы Ерсін Назарбаевтың «Желтабаны» өзінен екі есе үлкен қоңыр аңды үш-ақ тартып қылжитады. Салбұрын тікұшақпен қуып, автоматпен қыратын аяусыз қырғын емес, аңды да, алушыны да еркіне қойып, «қай жеңгенің» дейтін әділетті майдан. Аталарымыз аңды үркітіп, өзін көрсетіп «мен сені аламын», - деп, ұстайды екен.

ҚОС БАСЫНДАҒЫ БЕРЕКЕ
«Тассайдағы аңшы жігіттер саяшылықты қайдан үйренді?» - дегенде, есімізге Меделбек, Тойбалат ағалар түседі. Олардың мергендігі жүректілігі аңыз болып айтылады. Тарғыбатай тауының аюын алып, қасқырын соғып жүрген аталарымыз тазы ит ұстауды балаларына ермек үшін үйретеді екен. Самарлық Нұрлан сері «Кезінде ит асыраған адамға күліп қарайтын да заман болды. Бала-шағаны асырағанша машинасына ит салып жүргені несі?» - деген де кез болды. Енді міне тазымызбен де мақтанамыз. Тіпті күшіктермен ойнаған Жантөре, Сырым, Шәкәрімдер де ұзаққа дейін ұйықтамай, «енді бізге тазы әперіңдер» қиғылықты салған екен. Тасссай ауылының азаматтары өткізген Салбұрынның басты демеушісі «Самық» шаруа қожалығының басшысы Болатхан Әзімбаев «әке көрген оқ жонар» дегендей құралайды көзге атқан мерген Тойбалат аға атына лайықты іс жасаған екен. Сонымен қатар ауылдағы ат құмар, тазы ұстайтын жігіттер – Ғалым, Айдын, Азамат, Дидар, Аян Слямовтар, Зульфат Қайсанов, Ербол Смағұлов, Қуаныш Букенов, Медет Мұқышев, Тұрар Ноғайбаев,Талғат Қатпин, Аманжол Әзімбаев, Қанат Байбазаровтар да өз үлестерін қосып, септесіпті. Атақты Нығметжан сері Смағұловтың ұлы Ербол Смағұлов қасқа айғырымен айналасы 200 шақырым аумақты атпен аралапты. Көкжайық ауылынан Сырым Абетбаев, үлгімалшылық Самат деген досы екеуі қонақасына бір қой сойып жіберіп, жаубүйрек жасатыпты. Үлкенбөкендік ит жүгіртіп, ат баптайтын «Намыс» ұлттық ат спорты клубының жетекшісі Қайырлы Мағзұмовта мағыналы шараға торы атын терлетіп жеткен екен.
Салбұрынға мінелетін аттарда ертеден даярланып, таң асырылып қойылған екен. Мініске аттардың майын берген мырзалар - Берік Тлебалдин, Алибек Букенов, Көкжайык ауылынан Тілеубек Қарсақбаев пен Қанат Дүйсенбаев. Негізгі мініс аттарымен камтамасыз еткен «Қалиханұлы» шаруа қожалығының бас жылқышысы Айдын Слямов.
Үш баланы Сезім, Сырым, Інжуді қарай жүріп, жары Сымбатты да аялай жүріп, көпшілікке қабақ шытпай жайнай күліп қызмет еткен қара қостағы ошақ иесі Ардақ қарындасымыз болды. Ардақтың жанында Тассайдағы айтулы бәйбіше Айжан, Тассайдың сұлулары, күміс көмей әншілер - қос Шынар болды. «Бұлар ұсынған шай екі есе дәмді, үш есе ыстық болады екен», - дейді келген қонақтар. Салбұрын тарқағанша тік түрегеліп қызмет еткен Берік Байгереев, Дастан Жүнісов, Мақсат, Берік, Назгүл есімді қызметкерлерге саятшы қауымның алғысы зор болды.
Салбұрынға шыққан саятшылардың басты мақсаты атқа мінуді дәріптеп, саятшылықтың тазымен аң аулау дәстүрін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туындайдайтын міндеттерді жүзеге асыру болды.
Еспе бойындағы ертегіде болған Салбұрын сәтті аяқталды. «Ендігі кезекте махаббат мекені Аягөзде кездесейік», - деп тарасты саятшылар.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз