ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданына келді. Үш бірдей Кеңес Одағының Батырлары туған қасиетті Подгорное топырағында болып, соғыс майдангерлерінің рухына тағзым етті. Даниал Кенжетайұлы Көкпекті ауданының соғыс және тыл ардагерлерін құттықтап, Елбасының ыстық ықыласын да жеткізді.


- Шағын ғана ауылдан үш бірдей Кеңес Одағының Батыры шыққаны көп нәрсені білдірсе керек. Иван Яроцкий, Николай Фонов және Сергей Седенев сынды еліміздің қаһарман ұлдары туған ауылдың тамсанарлық табиғаты Отанға деген сүйіспеншіліктің нышанындай. Біздің міндет - осы қасиетті жерді көздің қарашығындай қорғау және ұрпақ үшін сақтап қалу. Түрлі ұлттың өкілдері тұратын Батырлар ауылы үлкен бір отбасы сияқты. Қазақстан деп аталатын біздің ұлы Отанымыз деген осы. біз біргеміз - біздің бірлігіміз бекем. Рухани мұра, тарих жәдігерлері және ортақ мәдениетке негізделген елеміздің жарқын болашағын бірге қалаймыз, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Бүгінде барлық республика аумағына аты жақсы таныс Подгорное ауылынан Екінші дүниежүзілік соғысқа 183 адам аттанған. Қан майданнан Жеңіспен елге аман оралғандардың саны 60 жауынгерден аспайды. Жерлестерінің өшпес ерлігін есте сақтау мақсатында ауыл мектебінде Ерлік мұражайы ашылған. Мұражайдың қоры тарих парақтарынан сыр шертеді. Соғыс жылдарындағы Подгорное ауылынан шыққан майдангерлердің ерлік жолы кеңінен көрсетілген.
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, емін-жарқын әңгіме өрбітті. Толған-дырған мәселелермен танысып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Ардагерлер және ауыл тұрғындарымен бірге мәңгілік алауға тағзым гүлін қойып, соғыс ерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Содан кейін облыс әкімі ауылдың мектебі мен жаңадан жөндеу жүргізілген клуб үйін аралап көрді. Мектептің жөндеу жұмыстарына қажетті жобалау-сметалық құжаттары дайын болғанмен, қаражат тапшылығы қолбайлау болып тұр. Жоба бойынша 14 миллион теңге қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ауыл тұрғындарына мереке қарсыңында үлкен сый жасаған облыс басшысы жуық арада мектептің күрделі жөндеу жұмысына 20 миллион теңге қаражат бөлінетінін жеткізді. Тиісті қызмет басшыларына сол жерде нақты тапсырмалар беріп, тездетіп жұмыстар бас-тау қажеттігіне назар аудартты.
Сонымен бірге, облыс әкімі Даниял Ахметов Самар ауылында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері Муталәп Ықласовтың үйіне барып құттықтады.
Қадірлі кәрияның шаңырағына келген облыс басшысы ардагерге құттықтау тілегін және сый-құрметін білдірді.
– Елбасының атынан, облыс жұртшылығы атынан Сізді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Бізге бүгінгідей бейбіт өмір сыйлағандарыңыз үшін әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз, алдарыңызда бас иеміз. Сізді құттықтауға келген осы өскелең ұрпаққа сіздер қашанда үлгісіздер. Біз сіздердің ақ баталарыңызбен көгереміз. Алдымызда ақылшы, тілекші боп аман жүріңіздер, – деп ізгі тілегін жеткізді.
Мүталәп ақсақал «Ұрпақтарымыз енді соғыс дегенді естімесін, көрмесін! Жер бетінде, Отанымызда әрдайым бейбітшілік болсын. Ең бастысы еліміз тыныш болсын, ел басқарып жүрген азаматтарымыз аман болсын, балалар бейбіт өмірдің қызығын көрсін!» деген батасын берді.


Дархан БЕРДІБЕК
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз