ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кәсіби мереке қарсаңында Самар ауылындағы спорт модулінде ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлерінің арасында спорттың бірнеше түрін қамтыған спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты – Елбасының әр жылғы Жолдауларында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты одан әрі дамыту, мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, достық қарым-қатынасты нығайту және облыстық спартакиадаға іріктеу жүргізу болды. Спорт додасына Палатцы, Сарыбел, Мариногорка, Самар, Миролюбовка, Құлынжон және Үлкенбөкен, Бастаушы,Теректі ауылдық округтерінің, сонымен бірге аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдер – ішкі саясат, қазынашылық, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және қаржы, статистика бөлімдерінің мамандары қатысты.


Спартакиадаға қатысқандар Президенттік тест бағдарламасы бойынша жүгіру, ұзындыққа секіру, граната лақтыру, волейбол, үстел теннисі, шағын футболдан жарысты. Ұзындыққа орнынан секіруге әйелдер де ерлер де қатысты. Олар жас мөлшерлеріне қарай 18-29,30-39,40-49,50-59 және 60 жас және одан жоғары топталды. Жарысқа №2 БЖСМ жаттықтырушылары төрелік жасады. Ауылдық округ әкімдері М.Жанкебаев, Қ.Сұрашев, Б.Мұқышев, Ш.Шайырғазина, К.Сақуанова, Н.Назарханов өз жас мөлшері арасында белсенділік танытты. Ауылдық округ әкімшіліктерінің мамандары Ж.Келесова, Б.Кабдуллина, Б.Шалғынбаева, Е.Лебедева, Б.Тегісхан, Ж.Назарбаев, О.Разживин, Ж.Ризанов, А.Жапарқұлов, Ж.Әмірқан, Қ.Қонақаева, Б.Юсупов, С.Темірханов және басқалары командаларына ұпай алу жолында аянбады. Қазынашылық бөлімінің басшысы Б.Жадрин өзі де бірнеше спорт түрінен жүлдегер атанып қоймай, бөлім мамандарын да бастай білді. Бұл бөлімде спортты жансерік ететін жастар өсіп келеді. Айтуар Шакен, А.Мұстафинова, Г.Тыныбаева, А.Құспеков, А.Жотабаева, З.Мейірбаева, А.Айыпқазиева, Қ.Сейтқамзина сынды ауданның әр дербес бөлімінде еңбек етіп жүрген жас мамандар өздерінің спортқа жуық екендерін көрсетті.
Волейболдан екі құрама командаға бөлінген мемлекеттік қызметкерлер тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде Көкпекті командасы бірінші, Самар командасы екінші орынды иеленді. Шағын футболдың да нәтижесі сондай болды. Спарткиада аяқталып, барлық жүлделі орын алғандар аудандық Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. Марапатты аудандық әкімшіліктің бас маманы Р.Чултукова тапсырды. Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаев мемлекеттік қызметшілерге еңбектеріне сәттілік тілеп, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Жарыс аяқталды. Бүгінгі бәсекеге қатысқандар сергек көңіл күймен, өзгеше қуаттанып тарасты. Алайда осы жауапты жарысқа қатыспаған басқа бөлімдер мен ауылдық округ әкімшіліктері шараның маңыздылығын жете сезінбеген болуы керек. Қызмет бабымен әкімдер келе алмаған шығар, бірақ бір ауылдық округ әкімшілігінің аппаратында әкімнен басқа да мамандар баршылық қой. Қалай дегенмен де бұл округ басшыларының жіберген қателіктері, солардың команда ұйымдастырып жібермеуі, бір сөзбен айтқанда спартакиадаға немқұрайлы қарағандықтары деп білу керек сияқты. «Ұлт саулығы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» - деген сияқты ұғымдар олар үшін жалаң ұран болып отырғаны ма деп те ойлайсың. Дегенмен, жұмыстарыңызға сәттілік, зор денсаулық тілей отырып, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз, халыққа адал қызмет ете беріңіздер демекпіз.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз