ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Мәңгілік ел» - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман - басқа елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - «Мәңгілік ел» идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - «Мәңгілік ел», - деді ел Президенті Н.Ә.Назарбаев. Мемлекет басшысы еліміздің ұлттық идеясын бекітіп бергелі де бірнеше жылдың жүзі болды. Бұл идея туралы Елбасы 2010 жылдан бастап тұрақты түрде айта бастады. 2011 жылы Астана қаласында «Мәңгілік ел» аркасы орнатылды. Содан кейінгі жылдары «Мәңгілік ел» идеясы ел басшысының әр жылдардағы Жолдауларына арқау болды. «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 85, 89 қадамдары «Мәңгілік ел» идеясына арналды.


Самар ауылындағы Достық үйінде өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ ұйымдастырған «Мәңгілік ел – тұрақтылық тұғыры» атты көшпелі «дөңгелек үстелінің» тақырыбы біздің ұлттық идеямызға арналды. Жиын модераторы ШҚО Халқы Ассамблеясының меңгерушісі А.Қ.Нұрғазиев кіріспе сөзбен ашқан соң, осы жиынға қатысушы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар мамандары және БАҚ өкілдері, білім беру саласының мамандары пікірталасқа қатысты. Ең алғашқы сөз алған Д.Серікпаев атындағы ШҚМТУ «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының аға оқытушысы А.Ф.Жақсылықов «Мәңгілік ел идеясының ұлттық тарихи тұстары» тақырыбында дәріс оқыды. Ол өз сөзінде жалпы бұл идеяның бастауы бағзы заманнан келеді: «Қаған парызы – халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін!» - дейді баба Тоныкөк. Иә, бұл кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі. Ханның мұраты, қарашаның тілегі», - деді.
«Дөңгелек үстел» сұхбаты барысында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Қапшықова, қоғамдық келісім орталығының директоры Е.Сихварт, жастар орталығының директоры А.Рахымбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы С.Мұқашев өздерінің «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан шаралар, алдағы күндері атқарылар істер туралы пікірлерін білдірді. Облыстық қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары О.Б.Доценко бұл идеяны жүзеге асырудың жастар арасындағы насихатталуы жағдайына тоқталғанын атап өтуге болады. Ол Шығыс Қазақстаннан бас-тау алған «Достықтың жол картасы» жобасының қалай таралғаны, ол бойынша қаншама ауқымды шаралар атқарылып жатқаны туралы айтып берді. «Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін Елбасы да сенді. Сол үшін мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш. Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ», - деген тұжырым жасады жастар орталығының директоры А.Рахымбаев жастардың атынан.
«Ел Президентінің «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» стратегиялық жоспарының 85 қадамында аталған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында өтіп жатқан бүгінгі келелі сұхбатты ұйымдастырушы мәртебелі қонақтарға алғыс айта отырып, біздің ауданда да қаншама іс атқарылып жатқанын жария еттік. Бұл жерде жастардың белсенділігі қуантып отыр. Акция жұмысы біздің ауданда әрі қарай жалғасын тауып, жастар оны дамыта түседі деп сенеміз», - деді аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова өзінің жиынды қорытындылаған сөзінде.
«Дөңгелек үстел» жұмысы аяқталған соң Мәдениет үйінде ұлттар достығын паш ететін тамаша концерт болды. Концертті Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ құрамындағы этнобірлестіктердің өнерпаздары ұсынды. Көпшілік көңілінен «Инкор» жігіттерінің «Ладушки» вокалдық тобының, «Улыбка» би топтарының өнерлері ұнады.
Ұлтты ынтымаққа ұйыстыратын, бір шаңы-рақтың астында бейбіт өмірін жалғастыруға мол мүмкіндік беретін – «Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық мұрат болып, «Мәңгілік Қазақстан» жобасы ұлттық идеологиямыздың негізіне айналуына күш салуымыз керек. Бұл арманға толы аңызды ақиқатқа айналдырудың нақты тетігі болмақ. «Мәңгілік ел» идеясының түп қазығы – тіл, салт-дәстүр, тәуелсіздік. Ендеше, осы құндылықтарымыздың мәңгілік сақталуына аянбай тер төгейік.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз