ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бөлігі бола, елдің рухани дамуына, идеалдық-адамгершілік мәдениетіне және тәуелсіз идеясының дамуына әкеледі. Мемлекеттік рәміздерді өзінің Отанына қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауына бағытталған. Қазақстан халқының мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың дәл осы күнінде еліміздің жаңа Елтаңбасы, Туы және Әнұраны алғаш рет бекітілді.

Атаулы күнді біздің отансүйгіш көкпектіліктер Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде тойлады. Ұлттың ұлылығын білдіретін бұл күнді Ахмет, Міржақып секілді боздақтар армандап кетіп еді өз заманында. Жергілікті билік, елінің Елтаңбасы мен Әнұранын һәм ұлттық Туын үнемі насихаттап, қорғап жүрген нағыз патриоттарын да құрметтеуді ұмыт қалдырмапты. Ауданымызда өткен осы іс шара соған іспеттес. Кеш шымылдығы аудандық кітапхана ұжымы дайындаған, мемлекеттік рәміздердің сипатын айқындайтын әдеби-монтаж көрсетілімімен ашылды. Салтанатты мерекеге халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,

қаҺармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін, жеткізетін ерекше құнды белгілер мемлекеттік рәміздер күніне аудан әкімі Р.Сағындықовтың құттықтау тілегін, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев жеткізіп, аудандық маслихаттың хатшысы Т.Сарманов, жастар атынан Ә.Артықпаев ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен, тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді, ауданымызды нығайту жолында ауқымды істер атқарып, әлеуметтік саяси өміріне белсене қатысқан, туған өлкеміздің көркеюіне, дамуына зор үлес қосқаны үшін бірқатар тұлғалар марапатталды. Олар Преображенка орта мектебінің директоры Е.Ниязбаев, Бастаушы ауылдық округінің бас хатшысы Ж.Ғабитова, Теректі ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Багадиев, Үлгілімалшы ауылының пошта меңгерушісі Г.Жұманова, Көкпекті ауылдық ақсақалдар кеңесінің төра-ғасы А.Оразаев, Шұғылбай ауылының клуб меңгерушісі А.Мұсағазинова, Тассай ауылдық округ әкімінің жетекші маманы Б.Бектеміров, Сарыбел ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы З.Каирбаева, Самар ауылындағы «Ғалия» дүкенінің меңгерушісі Л.Мәмбетова. Мәдениет үйінің әншілерінің концерттік бағдарламасы және Шұғылбай ауылдық оуругінен келген мектеп оқушыларының патриоттық флеш-мобы көремендер назарына ұсынылды. Мерекелік шара соңы жастар орталығының ұйымдастыруымен Көкпекті ауылында автошерумен жалғасты.

Мемлекеттік рәміздер - Елдіктің, Тәуелсіздіктің, Ұлттың дербестігін паш ететін мақтанышы екені даусыз. Сондықтан да оны әрбір азаматтың құрмет тұтуы міндеті. Мемлекеттік рәміздер, Егемендігіміздің, Елдігіміздің белгісі. Сондықтан Қазақстанның барлық азаматтары Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлей білуі, оны кейінгі ұрпақ мәңгілік мақтаныш тұтатын символ екенін ұғындырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы қажет.
Көк туда аппақ арымыз бен намысымыз бар. Оны құрметтеуге сіз бен біз міндеттіміз. Ата заң осылай дейді. Тек сөз айтылған жерде қаламаса игі. Отаным деп соғатын жүректің де соғысы мәңгі болса көк тудың желбірей беретіні де анық.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз