ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институцио-налдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Ұлт жос-пары - 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты құжатының 55-ші, 60-шы және 61-ші қадамдары қайта өңдеу саласын, сүт өндірісі мен ет өндірісін дамытуға бағытталған. Біздің ауданда бұл бағыттардың екеуін, яғни қайта өңдеу және ет өндірумен айналысатын бірден-бір шаруашылық – тәжірибелі маман Есенбек Дәлелұлы жетекшілік ететін «Мәмбет» шаруа қожалығы жүзеге асыруда.

Е.Мәмбетов жетекшілік ететін шаруашылық дәнді және майлы, техникалық дақылдарды өндіріп, оларды өздерінде ашылған қайта өңдеуші цехтарда өңдейді, мал шаруашылығы және мал азығына қажетті құрама жем өндіреді, сатады. Өндірілген шикізаттың 75%  шаруашылықтың қайта өңдеуші нысандарында өңделеді. Шаруашылық облыстың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазіргі күні іргелі шаруашылыққа айналған шаруашылық 2 868 гектар алқапты игеріп отыр, оның ішінде 1 322 га - егістік, 1 432 га - жайылым, 96 га - шабындық.

 

Ауылшаруашылығы өнімін өндіру, мал шаруашылығы және дақылдарды өңдеу мен өнімін сатумен айналысатын шаруа қожалығының диқандары: бидай, арпа, қара бидай, тары, күнбағыс, бұршақ, қыша өндіреді. Ауылшаруашылығының дала жұмыстарын жүргізуде шетелдік нөлдік және ресурссақтандырушы технологиялар қол-данылады (Канада, Аргентина, АҚШ).

Өндірілген өнімді өңдеуге шаруашылықта қуаты тәулігіне 25 тонна, барлық сұрыптағы да-йын өнім шығаратын диірмен, қуаты тәулігіне 7 тонналық жармалағыш цехы, нан-тоқаш өнімдерінің 17 түрін өндіретін нан зауыты, тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін құрама жем өндіру цехы жұмыс істейді. Бұл өндіріс орындары шикізат және дайын өнім сақтайтын ірі қоймаларымен бірге бір аумақта шоғырландырылған. 2015 жылы нан за-уытында жаңғыртылу жұмыстары атқарылып, тәтті тоқаштар, қалаштар өндіретін қондырғы орнатылды. Жақында ғана кепкен қалаш (сушки) өндіретін агрегат іске қосылып, нан-тоқаш өнімі тағы бір түрге көбейді. 

- Украинада жасалған бұл қондырғының жалпы өнімділігі сағатына 2 тонна. Қазіргі күні жартылай қуатымен ғана жұмыс істеп тұр. Негізінен бес жұмыс орнын ашуға болатын бұл іспен қазір үш адам айналысуда. Жартылай автоматтандырылған қондырғыда өндірілетін өнімнің өздік құны төмен. Өніммен Күршім, Көкпекті, Самар ауылдарын қамтамасыз етіп отырмыз, - дейді Есенбек Дәлелұлы.

2015 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының өкілетті органында «Мәмбет» шаруа қожалығының тауарлық белгісі тіркелді, ол енді өндірілген өнімді тіркеуді бірегейлендіруге мүмкіндік береді.  Е.Мәмбетовтың шебер ұйым-дастырушылығымен бірыңғай дақылдық кластер қалыптастырылған. 2013 жылдан бері мұнда дәнді дақылдарды сұрыптауға арналған фотосепаратор орнатылған, ол өндірілген өнімнің сапасын арттыруға зор ықпал етті. «Мәмбет» шаруа қожалығының ұжымы орта мақсатты, пікірлес, бастамашыл, білім деңгейлері жоғары адамдардан құралған. Дегенмен, қазіргі күні өндіріс орнына қажетті мамандық иелерінің орны бос тұр. Тамақ, ұн, нан-тоқаш өнімдері саласының технологтары, маркетингтік жүйе маманы қазіргі күні ауадай қажет. Е.Мәмбетов болашақта үкімет тарапында айтылып жатқан инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті мамандарды тартуды субсидиялау жобалары бекітілетін болса, жас мамандар ауылға бет бұрады деген сенімде. Қазірдің өзінде бұрын басқа салаға кетіп қалған мамандар ауылшаруашылығына оралуда. Бұл қуанарлық жағдай. Өнімнің сапасы дақылдың сапасына, өндіріс технологияларын сақтауға, мамандардың білік-тілігіне тығыз байланысты. Жақында ғана «Мәм-бет» шаруашылығы аудандық Кәсіпкерлік палатасы филиалының бастамасымен Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесіне жыл сайынғы өткізілетін республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысуға ұсынылды. Ауданымыздағы іргелі шаруашылықтың осы байқауда жүлдегер атануына тілектеспіз. Шаруа қожалығының абыройы – ауданның абыройы, ендеше, сәттілік серік болсын.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз