ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылында бұрын-соңды болмаған жаңалық - ауыл бизнесмендері ардагер мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады. 

Бұл бастаманы көтерген Самар ауылындағы «ЖҚБ-14» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы - Александр Иванович Федосов. Игі шараны аудандық мәслихаттың депутаты, «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев қолдады.  

 

«Қайнар» мейрамханасының әсем қонақ-жайына жиналған зейнтекер ұстаздарды мол дас-тархан ғана емес, әсем ән, би мен бірімен-бірі жүздесу қуанышы, жылы сезімге толы естеліктер күтіп тұрды. Ауылдағы үш мектептің, спорт мектебінің, аграрлық-техникалық колледждің, балалар бақшасының ардагер ұстаздары, бұрынғы директорлары өздерінің еңбек жолында білім алған шәкірттерін, бүгін орталарында жоқ әріптестерін еске алды. «Бұрынғы мұғалім болмайды, мұғалім ол қашанда мұғалім», - дейді осы мерекені ұйымдастырушылар.

- Мен өзім зейнеткермін, бірақ мен үшін мұғалімнің аты қашанда жоғары. Егер олар болмаса, олар берген білім болмаса – ешқандай да жұмыс атқарылмаушы еді, жол салынып, нан өспей, зауыт-фабрика жұмыс істемеуші еді. Оны бізге үйреткен ұстаздарымыз бен тәлімгерлеріміз,-деді Александр Иванович. 

Дастархан басына жиналған қауымды аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова, Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов құттықтады. Барлық ұстаздарды осы мерекелерімен аудан әкімінің атынан құттықтай отырып, Клара Рафикқызы А.Федосовқа Экономика министрі Е.Досаевтың атынан Құрмет грамотасын тапсырды.

Осы мерекені ұйымдастырушылардың бірі С.Жотабаев аудандағы танымал кәсіпкер, шаруа-шылығын еңбекқорлығының арқасында дөңгелетіп отырған азамат.  Ол өзі жыл сайын бұрын бірге еңбек еткен автокөлік жүргізушілерін жыл сайын мерекелерімен құттықтап, дастархан жаятынын аудан жұртшылығы жақсы біледі. Самарқан Қалисатарұлы  білім алған ұстаздарына алғыс айтып, оларды мерекелерімен құттықтады. Бұл бастама аудан кәсіпкерлері арасында кең қолдау табатынына сенім білдірді.

Жиын барысында сөз алғандардың барлығы да өздеріне бірінші рет қалам ұстатқан алғашқы  мұғалімдерін еске алды. Солардың қатарында ауданымыздың бұрынғы әкімі, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Б.Қожамбетов  бар. Бүгінгі кештің құрметті қонағы ретінде сөз алған Баянды Кәкенұлы  өзінің алғашқы ұстаздарын, кейін басшылық жұмыста болған директорларды атап, оларға алғыс білдірді.   Осы жерде отырған зейнеткер директорлар да өз әріптестерін құттықтады. Ю.Г.Орехов, В.Г.Коркишко, А.И.Савочкин, А.В.Сычев және арнайы осы мерекеге Өскемен қаласынан келген Қ.Н.Есенов білім беру  саласында еңбектері сіңген әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, өздерінің еңбектері далаға кетпегенін, осындай ел басқарған шәкірттер тәрбиелегендерін мақтан тұтатындарын айтты. 

Мерекеде Самар Мәдениет үйінің әртістері, мектеп оқушылары мен балалар бақшасының тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

 

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз