Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Жас қанат байқауының дипломанты, Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер колледжінің түлегі Айдана Есболава былтырдан бері шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап жүрген еді. Оның сәті 21 желтоқсанға түсіп, сол күні талантты әнші «Ертеңім үшін» атты халық алдында шығармашылық ән кешін берді.
Бұл жолғы концерті оның киелі сахнада өнер көрсетіп жүргеніне жиырма жыл, еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Айдананың анасы Бақыт Шайболқызының айтуынша, Ол 5 жасынан бастап ән айтады. Айдананың өнер саласына алғашқы қадамы 1998 жылы Зырян қаласында өткен республикалық фестивальге қатысуынан басталыпты. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепті оқып жүргенде де әртүрлі ән байқауларына қатысқан. Бүгінде балалар өнер мектебі бұрынғы музыкалық мектепке барып, дәріс алған. Музыка мектебінде жас өнерпазды өнерге баулып, дауысын қойып берген музыкалық жетекшісі Зульфия Сәкенқызы Тұрлыбаева болды. Ал, әншіні бала күнінен өнерге баулыған жан нағашы апасы Әмина Рахимжанова. Нағашы апасы Әмина сол кездегі тігін фабрикасында озат тігінші болған. Әмина апа Айданаға күйтабақтардан ән тыңдататып, халық әндерін айтқызып үйреткен.
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз тағы бір жылды артқа тастап, 2019 жылды қарсы алды. Жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болған өткен жылға өкпеміз жоқ. Жақсылықтың жаршысы болып келген ит жылы да жылыстап тарих қойнауына бет алды. Осы орайда, 31 желтоқсан күні ит жылын шығарып тастап, доңыз жылын қарсы алу мақсатында аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жаңа жылдық лоторея билеттері ойнатылып, кешкісін карнавал өтті.
Әдемі безендірілген сахна, түрлі-түсті жарықпен көмкерілген алаң, бір-бірін құттықтасқан тұрғындар барлығы да Жаңа жылдың шырайын кіргізіп тұрды. Жаңа жыл мерекесінде барлығымыз таңғажайыптарды күтеміз. Осы ғажайыпқа толы сәт аудандық мәдениет үйінің алаңында түс ауа жаңа жылдық лоторея билеттерін ойнатудан басталды. Биылғы жылы лоторея билеттерінің ойнатылуына жастар орталығының ұжымы жауапты болды. Ұтыс ойыны 31 желтоқсан күні сағат 14:00-де Қалихан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің алдындағы алаңда өтті. Жаңа жылға арналған шараға аудан әкімінің орынбасарлары М.Теміржанов пен Д.Қойгельдин арнайы қатысты. Ал, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазинов ауыл тұрғындарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылда игілік пен ізгілік, денсаулық әр шаңыраққа бақ пен береке тіледі.
- Құрметті ауыл тұрғындары және қонақтар Жаңа жыл құтты болсын! Лотореяға қатысушылардың барлығына сәттілік серік болсын. Келе жатқан жыл біз армандайтын ғажайыптарға толы болсын. - деді, округ әкімі.
Зима дарит нам не только чудесное преображение природы. Зима – еще и веселое время года, потому что преподносит нам много праздников. Новый год - самый любимый праздник детей и взрослых. Традиция встречать его по-особенному- волшебная, это настоящая сказка, красивая зимняя мечта. Многие люди с Новым годом связывают завершение дел и с ожиданием светлого и доброго. Ждут наконец прихода 1 января, чтобы удача, благополучие обязательно заглянули в окошко.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.