Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
«Жергілікті атқарушы органдары басшыларының халық алдындағы есептік кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Көкпекті ауданы әкімінің есептік кездесулері Үлгілімалшы, Көкжайық, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтерінде өтті.
Жас болса да жақсы істерге бас болып жүрген округ әкімі Мерей Смағұлов өз баяндамасында атқарылған істерге тоқталып, алдағы міндеттермен таныстырды. Жас әкімнің еңбегіне ризалығын ауыл тұрғындары, ақсақалдар болып әділ бағасын берді. Үлгілімалшыда келелі кеңестің басқа ауылдардан бір ерекшелігі ауыл тұрғындары күнделікті күйбең тірлік мәселелерін көтеріп қоймай қоғамдық маңызды мәселелерді қозғады. Ел ағалары ақылын айтып, билік өкілдеріне бағыт нұсқады. Елбасына деген ризашылықтарын жасырмай, аудан әкіміне алғыстарын айтты.
Толығырақ...
Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептерінің басты мақсаты-билік органдарының қызметіндегі ашықтықты кеңейту және бар мәселелерді бірлесіп шешу үрдісіне халықты тарту.
Аудан әкімінің Самар ауылдық округіндегі халық алдында есеп беру кездесуінде өзекті мәселелер қозғалып, өзара кең ауқымда қызу талқыда өтті.
Самар ауылдық округі - аудан экономикасының дамуына ықпал ететін аудандағы ең ірі округ. Ауылдық округ әкімінің баяндамасында округтің барлық салалары қамтылды. Ахмет Күдербаев аудан мен ауылдық округте әлеуметтік - экономикалық даму, азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешу үшін қажетті барлық жағдайлар бар екенін атап өтті. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округ аппараты дербес қаржыландыруға көшті. Бюджеттің 4 деңгейі, яғни ауылдың өз бюджеті болады.
Главная цель отчетов акимов всех уровней перед населением – расширение прозрачности в работе органов власти и вовлечение населения в процесс совместного решения имеющихся проблемных вопросов.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.