Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Өскемен қаласында «Цифрлық Шығыс – 2019» ІТ форумы өтті. Биылғы Жастар жылына орай, «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған форум аясында облыста тұңғыш рет өткен Хакатон да мәресіне жетті. Форумға облыс әкімі Даниял Ахметов және аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы да қатысты.
Жас програмистер екі күн бойы әлеуметтік маңызы бар вэб-қосымшалар жобасын жасап, қазылар алқасының алдында қорғап шықты. Аталмыш форумға біздің ауданнан Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Әлімжан Әшімов пен Мирас Сүлейменов бақтарын сынады. Оларға жетекшілік еткен пән ұстаздары Д.Мергенчинов. Б.Кәрібаев болды. Форумда Әлімжан Әшімов ұстаздарының, мектептің, ата-аналарының үмітін ақтап облыс әкімінің 368150 теңгенің сертификатына ие болды.
Толығырақ...
Ауылдарымызды абаттандыру және олардың санитарлық жағдайы туралы мәселе басшылықтың ең өзекті тақырыбы. Таза ортаны қалыптастыру тазалық жасаудан емес, ластамаудан басталады. Қандай себеппен екені белгісіз, Көкпекті ауылдық округінің тұрғындары бұл қарапайым шындықты ұмыта бастады.
Сенбілік мәселесінен бөлек, бүгінгі таңда тұрмыстық қалдықтарға арналған жергілікті қоқыс үйіндісінің жағдайы ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатқан мәселе күйінде қалып отыр. Өткен жылы қоқыс төгу орны Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектептің аумағынан тысқары орналасқан жер теліміне ауыстырылды. Осы аз уақыт ішінде бұл аумақ жергілікті басшылықтың «бас ауруына» айналды.
Толығырақ...
Вопрос о благоустройстве наших сел и их санитарном состоянии, пожалуй, самая «больная» тема для руководства. Чисто не там, где убирают, а там, где не мусорят. По каким-то причинам жители Кокпектинского сельского округа забывают эту простую истину.
Не менее острым, помимо проведения субботников, на протяжении длительного времени остается вопрос состояния местной свалки для твердых бытовых отходов. В прошлом году она была перенесена на участок, располагающийся недалеко от средней школы им. Ж.Чайжунусова. За этот относительно небольшой промежуток времени данная территория стала «головной болью» местного руководства.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.