Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Осыдан тура 28 жыл бұрын Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 4 маусым ел тарихында мемлекеттік рәміздер күні ретінде белгіленді. Еліміздің басты нышаны халқымыздың: бірлік, бейбітшілік, келісім, достық, бостандық, күш және жарқын болашаққа ұмтылу құндылықтарын бейнелейді. Алтын, көк түсті Туымыз, айбынды Елтаңбамыз әрбір қазақстандық үшін ерекше ыстық, құнды нышан болып саналады.
Жыл сайын Көкпекті ауданы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Бірақ осы жылы коронавирус пандемиясы қалыптасқан дәстүрді толық көлемде ұстануға мүмкіндік бермеді. Алайда, Көкпекті ауылының бастамашыл жас-тары Толағайдың биігін бірге бағындырып, Қазақстанымыздың көк байрағын тау биігіне көтерді. Ал таудың шыңында Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі Фархат Маратұлы туған жерге деген сүйіспеншілікпен оның сұлу табиғатын жырға қосты. Осылайша, Көкпекті АПБ, айтыскер-ақын Фархат Маратұлы, Көкпекті ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Әлижан Артықбаев бастаған жастар Отанға деген асқақ патриоттық сезімдерін білдірді.
Толығырақ...
Уважаемые жители района! Дети всегда были воплощением искренности и справедливости, веры во все лучшее. Они - будущее человечества, и взрослые должны сделать все необходимое, чтобы они росли и воспитывались в мире и благополучии.
Қадірлі ата-аналар! Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының: «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес», - дегені есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғайтын күн ретінде мерекелейді. Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас қазақстандықтардың келешегі кемел болары сөзсіз. Олардың білім алуы мен мүмкіндігін таныту жолындағы кедергілер алынған. Жасалуға тиісті жағдайлар да жүзеге асып жатыр деп сеніммен айтамыз.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.