Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

Көкпекті халқы асыға күткен Спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілетін күн де алыс емес. Осы орайда аудан әкімі Серікқазы Садуақасов жуық арада қолданысқа берілетін спорттық нысанда болып, «DK Proekt» мердігер ұйымының өкілімен кездесті.
«Ауыл - ел бесігі» жобасының аясында жүзеге асырылған жоба қараша айында қолданысқа берілмек. Бұл жоспармен кешенді аралау барысында аудан басшысы Серікқазы Құсайынұлы бөлісті. Нысанмен танысу барысына мердігер ұйым өкілі Болат Бекенов, құрылыс бөлімінің басшысы Талант Бақытбекұлы, спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Танысбаев қатысты.
Толығырақ...
8 қазан күні аудан әкімі жұмыс сапарымен Мойылды және Жұмба ауылдарына барды.
Мариногорка ауылдық округіне қарасты шағын елді мекендердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, болашаққа жоспар жасады.
Мойылды ауылындағы 2014 жылы жабылған мектеп ғимараты құлазып тұр. Ауылдағы оқушылар Мариногорка ауылына арнайы көлікпен тасымалданады. Соңғы жылдары спорттық–сауықтыру лагері ретінде қолданылып келген ғимарат биылғы жылы коронавирус індетінің салдарынан мүлдем іске қосылған жоқ. Лагерьде 4 маусыммен 200-ге жуық оқуышы демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бүгінде бос тұрған ғимараттың спорт залы мен бөлмелердің төбесінен су ағып, едені түсіп кеткен. Аудан басшысы Серікқазы Садуақасов ауылдық округ әкімі Қайдар Сұрашевқа ғимараттың төбесі мен еденін жөндеуге жоба дайындауды тапсырды.
Қазақстанның бірнеше облысында құс тұмауының өршуі тіркелген, ал Шығыс Қазақстан облысында ауру жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Ауру айтып келмейді десек те, оның алдын алу – өз қолымызда.
Біз Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.А.Сарсенбаевпен құс тұмауы деген не және одан қалай қорғану керек деген сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргіздік.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.