ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

8 қазан күні аудан әкімі жұмыс сапарымен Мойылды және Жұмба ауылдарына барды.
Мариногорка ауылдық округіне қарасты шағын елді мекендердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, болашаққа жоспар жасады.
Мойылды ауылындағы 2014 жылы жабылған мектеп ғимараты құлазып тұр. Ауылдағы оқушылар Мариногорка ауылына арнайы көлікпен тасымалданады. Соңғы жылдары спорттық–сауықтыру лагері ретінде қолданылып келген ғимарат биылғы жылы коронавирус індетінің салдарынан мүлдем іске қосылған жоқ. Лагерьде 4 маусыммен 200-ге жуық оқуышы демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бүгінде бос тұрған ғимараттың спорт залы мен бөлмелердің төбесінен су ағып, едені түсіп кеткен. Аудан басшысы Серікқазы Садуақасов ауылдық округ әкімі Қайдар Сұрашевқа ғимараттың төбесі мен еденін жөндеуге жоба дайындауды тапсырды.


Жұмба ауылы Қалба тауының қалың қойнауында орналасқан. Табиғаты қатал, қысы қатты ауылда туған жерін шынайы сүйетін еңбекқор жандар мекен етеді. Көктемде соққан қатты дауыл ауылдағы мәдениет ошағының шатырын ұшырып кеткен екен. Төбесінен жаңбыр суы тамшылап тұрған клуб үйінің ғимаратын көзімен көрген Серікқазы Құсайынұлы күрделі жөндеу жұмыстарына жоба дайындап, келесі жылға қаражат бөлу мәселесін қарастыратынын айтты.
Мектеп ғимаратының қасбеті мен сыртын заманауи үлгіде қаптап, есік-терезесін жаңарту бойынша білім беру бөлімінің маманы Гаухар Кәрібаеваға тапсырма берілді. 36 оқушы білім алатын мектептің әкімшілігіне санитарлық талаптарды сақтап, оқушылар денсаулығына баса мән беру керектігі айтылды.
Шалғай жатқан шағын ауылдың орталық көшесіне жарық шамдарын орнату мәселесі де назардан тыс қалмады. Ауылдық округ әкімі Қайдар Сұрашев жергілікті салық түсімдерінен мәселені шешуге қаражат қарастырмақ.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз